Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуы тұрғысынан қаржы ұйымдары жол берген бұзушылықтарды мониторингтеуді және талдауды жүзеге асырып, ықпал ету шараларын және әкімшілік жаза қолданады.
Агенттік, қаржы институттарының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін, Қазақстан Республикасы заңдарының және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтамағандығын анықтаған кезде шектеулі ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолданады.
Мәселен, 2021 жылғы І тоқсанда екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, коллекторлық агенттіктерге, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға және кредиттік бюроға қатысты жалпы сомасы 6,9 млн теңгеге 31 қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасы, 10 жазбаша ұйғарым және 28 әкімшілік жаза қолданылған.
Әр салада қандай негізгі бұзушылықтар анықталды және қандай шаралар қолданылды - толығырақ мына жерден оқыңыз.
«Екінші қол» сервисі: қалай банктік құрал алаяқтардан қорғануға көмектеседі
Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын жеке компанияларға басқаруға қалай бере алады
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Сот орындаушысы: негізгі функциялары және жұмыс қағидаттары
Қазақстандықтар қандай құралдарға инвестиция салады және қаражат салмас бұрын нені білу маңызды
Зейнетақы жинақтары: соңғы кезде не өзгерді және бұл болашақ зейнетақыға қалай әсер етеді