Қаржылық қызметтерді тұтынушылар өзінің кредиттік тарихындағы ақпаратты онлайн тәртіппен даулай алады

time 7.04.2022
aye 6439
Қаржылық қызметтерді тұтынушылар өзінің кредиттік тарихындағы ақпаратты онлайн тәртіппен даулай алады

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және қарыз алушылардың кредиттік тарихын жақсарту мақсатында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Мемлекеттік кредиттік бюромен (бұдан әрі – МКБ) және Бірінші кредиттік бюромен (бұдан әрі – БКБ) бірлесіп www.fingramota.kz қаржылық сауаттылық жөніндегі оқыту медиапорталында кредиттік тарихтағы ақпаратты қашықтан даулау процесін іске қосты.

Кредиттік тарихтағы ақпаратты МКБ-ның сайтында «Ақпаратты қалай даулауға болады» және БКБ-ның сайтында «Ақпаратты даулау» бөлімінде де даулауға болады. 

Бұл қызмет азаматтарға тегін көрсетіледі. Өтінімдер онлайн режимінде қабылданады. Өтініштер заңнамада белгіленген мерзімдерде өңделеді. Ақпаратты даулау туралы өтініш берілген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде және кредитордан алынған жауаптың ақпараты негізінде өтініш берушіге кредиттік бюродан алынған тиісті нәтиже жіберіледі.  

Ақпарат дұрыс емес деп танылып, кредитор түзетулер енгізген жағдайда, бұл өзгерістер өтініш берушінің кредиттік есебінде көрсетіледі.

Дербес кредиттік есептегі ақпаратқа мынадай жағдайларда даулауға болады:

  • кредиттік тарихта өтелген төлем бойынша ағымдағы мерзімін өткізіп алу анықталған жағдайда;
  • жабылған шарт бойынша берешек болған кезде;
  • өтініш берушінің атына кредитті алаяқтық жолмен ресімдеген кезде;
  • егер кредиттік есепте өтініш беруші кредиттік тарихыңызды алуға келісім бермеген ұйымның кредиттік тарихыңызды алуға сұратуын көрсе;
  • дербес деректердің дұрыс емес ақпаратын көрсеткен кезде; оңалту қағидаларының талаптарына сәйкес келетін кредиттік келісімшарттар бойынша «оңалтылған» деген мәртебесі болмаған кезде.

Егер сіз дербес кредиттік есептегі қандай да бір маңызды ақпаратпен келіспесеңіз, сіз БКБ-ға: ақпаратты даулау туралы өтініш жазу (www.fingramota.kz сайты арқылы беріледі, өз деректеріңізді арнайы нысанда көрсету керек: ЖСН және телефон нөмірі), сондай-ақ ақпаратты даулау туралы өтінішпен (өтініштер нысаны МКБ https://www.mkb.kz сайтында «Ақпаратты қалай даулауға болады» бөлімінде орналастырылған) МКБ-ға жүгінуге құқығыңыз бар.

Сайттағы кредиттік тарих туралы ақпаратты даулау үшін www.fingramota.kz даулау күніне дейін 15 күннен кешіктірмей алынған өзекті дербес кредиттік есеп болуы қажет.

Оны кредиттік бюролардан сұратуға болады:

  • МКБ-да – id.mkb.kz сайты бойынша жүгіну арқылы. Дербес кредитік есепті МКБ тегін және берілетін есептер санына қатысты шектеусіз береді.
  • БКБ-да – www.1cb.kz, электрондық үкіметтің  www.egov.kz порталдары арқылы, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) не «Қазпочта» АҚ бөлімшелерінде. Дербес кредиттік есепті де БКБ тегін береді.

Заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы өзінің толық кредиттік тарихын жылына бір рет тегін алуға құқылы.

Кредиттік тарихтағы ақпаратты даулау туралы өтініштің мәртебесін:

  • МКБ-нің корпоративтік WhatsApp чатынан: + 7(701) 485 08 34;
  • БКБ порталындағы жеке кабинеттен қадағалап отыруға болады.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау  мәселелері бойынша Агенттіктің call-орталығына +7 (727) 237 1000 нөмірі бойынша хабарласыңыз

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін  (түскі үзіліс сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін).

 

white-arrow Тізімге