Қазіргі кездегі коллекторлық қызмет тақырыбы әдетте әлеуметтік желілерде және БАҚ-та жазылған дау туғызған оқиғадан немесе белгілі саясаткерлердің «... коллекторлық компаниялар қарыз алушылардың құқығын бұзбауға тиіс, олар 90-шы жылдардағыдай бассыздыққа жол беріп, үрей туғызбауы керек. Сондықтан да олардың қызметін бақылаған өте маңызды» деген сияқты сөздерінен кейін жиі көтеріледі.
Борышты өндіріп алу өркениетті нарыққа не әкеледі? Коллектор кім – консультант-психолог па әлде 90-шы жылдардың басбұзары ма?
Бұл сұрақтарға жауап беру үшін біз нарыққа қатысушылар – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александра Терентьевке және Қазақстан Ұлттық Коллекторлар Палатасының Төрағасы Нұрбол Жапаровқа жүгінген едік.
Александр Терентьев: Қазіргі кезде біз нарыққа қатысушылармен талқылап жатқан негізгі мәселе – «Коллекторлық қызмет туралы» Заңға енгізілген түзетулер. Коллекторлық қызмет ерекше қызмет және әлеуметтік тұрғыдан сезімтал болғандықтан, біз қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, әсіресе неғұрлым әлсіз санатты қорғауға ерекше көңіл бөлеміз. Сондықтан да коллекторлық агенттіктердің берешекті сотқа дейін реттеу практикасын қолданғаны маңызды, ол борышты өндіріп алудың айтарлықтай өркениетті түрі болып табылады және әлемде кеңінен таралған. Мұндай тәсіл кредиторға ғана емес, борышкерге де ұтымды: ол екі тараптың да айтарлықтай уақыт, еңбек және қаржы шығынын болдырмауға көмектеседі. Сотқа дейін реттеу сатысында қаржылық міндеттемелерді орындау мерзімін ұзартудың түрлі жолын қолдана отырып, борышты қайта құрылымдау түрлерін пайдаланып, борышкер мен кредитор үшін өзара ұтымды талаптармен берешек өтеу мәселесін шешуге болады.
Коллекторлық агенттіктердің өзі мамандандырылған орталықтарда медиациялау жолымен борышты өндіріп алуды сотқа дейін реттеуді қолдануға дайын және қолданып та жүр.
Нұрбол Жапаров: Барлық қолда бар мүмкіндіктерді (медиация, қайта қаржыландыру, төлемдерді кейінге қалдыру, жаңа кестеге қол қою және т.б.) пайдаланып, борышкердің кредитормен сотқа дейінгі тергеп-тексеруге дейін келісуі өте маңызды, олай болмаған жағдайда берешек сот шығасылары мен жеке сот орындаушысының сыйақысы есебінен одан әрі өседі. Берешекті сотқа дейінгі реттеу шешімінде дәл осы коллекторлық агенттіктерге және/немесе кредиторларға үлкен рөл беріледі, себебі көптеген жағдайларда борышкер берешекті өтеудің жеке кестесін беру сияқты дауларды шешудің осындай тәсілін қарастыруға дайын болады. Қоғамдағы әлеуметтік күйзелісті шешу көбіне кредиторлардың (екінші деңгейдегі банктердің, микроқаржы ұйымдарының) бұл мәселені мәнін (дағдарыс жағдайынан шығудың жолдарын іздестіру) дұрыс түсінуіне де байланысты. Уәкілетті орган барлық қаржы ұйымдарымен тиісті түсіндіру жұмысын жүргізуі қажет деп пайымдаймыз.
2017 жылы «Коллекторлық қызмет туралы» Заң қабылданды. Оның қабылдауына азаматтардан коллекторлық агенттіктердің қызметі бойынша көп шағымның түсуі себепші болды. Олардың қызметі қазір заңнамамен реттеледі, бұл өндіріп алудың өркениетті нарығын қалыптастыру үшін негіз болды. Егер 2017 жылы коллекторлық компаниялардың саны 900-ге жетсе, қазір олардың Агенттікте тіркеуден өткен саны 200. Әртүрлі себептер бойынша тізілімнен 35 компания шығарылды. Бірақ уақыт бір жерде тұрып қалмайды, жақсарту үшін әлі де істейтін жұмыс бар. Сондықтан қолданыстағы Заңға, бірінші кезекте, коллекторлық агенттіктер жұмысының әдістеріне, олардың борышкерлермен дұрыс сөйлесуіне, құқықтық нормаларды сақтауға қатысты ұсыныстар мен өзгерістер енгізіледі.
Александр Терентьев: Біз шағымдарға ай сайын мониторинг жүргіземіз және мыналарға назар аудардық: борышкерлердің коллекторлық агенттіктердің және жекелеген коллектордың іс-әрекеті бойынша өтініштерінің мазмұны өзгерді. Егер бұрын шағымдардың көпшілігінде коллекторлардың лайықсыз іс-әрекеттері көрсетілсе және қарыз алушылар мемлекеттен қорғаныш іздесе, қазір қатаң тұжырымдаудан консультациялар алу қамтылатын неғұрлым икемділікке қарай көшу үрдісі байқалып отыр. Мысалы, төлемдерді кейінге қалдыру немесе коллекторлық агенттікте қарызды өтеудің жаңа кестесін жасау мүмкіндігі мәселелері бойынша. Өндіріп алудың өркениетті нарығының дамуы өз жетістігін көрсетуде. Өндіріп алу кезінде әрекетсіздіктің пайда болуының азаюы байқалуда, нарық қатысушылары өз міндеттерін түсіне және құқықтық алаңда іс-әрекет жасай бастауда. Алайда, жекелеген коллекторлық ұйымдар осы уақытқа дейін өндіріп алу кезінде жосықсыз практиканы пайдалануда: коллектордың шарттың талаптарын өзгертуге ықпал етуге, төлемдердің жаңа кестесін жасауға мүдделі болмауы, берешектің сомасына қатысты жаңылыстыру, өтеуге мәжбүрлеу.
Нұрбол Жапаров: Коллекторлардың өндіріп алу кезінде жосықсыз практиканы пайдалануына жол берілмейді және олар үшін үлкен тәуекелге алып келеді, себебі пайданы қуалаймын деп зиянға ұшырап қалуы мүмкін! Коллекторлардың із жүзінде өз міндеттерін дұрыс түсіне бастауы және өздерінің борышкерлермен өзара қарым-қатынасының орынды екенін құқықтық алаңда ғана көре алуы мақсатында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасымен бірлесіп қаржылық қызметтерді тұтынушыларға коллекторлардың заңсыз іс-әрекетінен қорғау бойынша көмек көрсету және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, коллектордың қаржылық консультант ретіндегі дос бейнесін қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізді және одан әрі жалғастырады. Даулы және жанжалды мәселелерді сотқа дейін реттеуді қамтамасыз ету үшін коллекторлық агенттіктер өтінімдерін мына сайтта бере алады: https://stop-collector.kz/ , жедел желінің телефондары +7 707 573 0000, +7 727 339 89 57. (Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасының жобасы).
Заңнаманы жетілдіру ең алдымен борышкер мен коллектор арасындағы қатынастарды өркениетті түрде құруға бағытталған. Қазіргі кезде коллекторлық агенттіктердің қызметі бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу талап етілетін проблемалық мәселелерге борышкерден берешекті өндіру кезінде тұлғалардың ауқымды тобына коллекторлық құпияны ашу, борышкерлерге және үшінші тұлғаларға қоңырау шалу саны бойынша шектеулердің бұзылуы, коллекторлық агенттіктердің әртүрлі телефон нөмірлермен өзара іс-әрекет жасауы жатады. Түзетулерде борышкермен жасалған банктік қарыз (микрокредит) шартында осындай талап болған жағдайда, коллектордың кредитормен міндеттемелерге байланысты емес үшінші тұлғалармен өзара іс-қимылын шектеу, сондай-ақ борышкердің орналасқан жерін немесе байланысын анықтау мақсатында ғана өзара іс-қимыл жасау ұсынылады. Сондай-ақ коллекторлық агенттікте тіркелмеген телефон нөмірлерінен борышкермен өзара іс-қимыл жасауға тыйым салуды енгізу ұсынылады. Борышкермен өзара іс-қимылдың барлық жағдайларын міндетті түрде аудио және бейне тіркеуді енгізу ұсынылады.
Халықаралық тәжірибеде Коллектордың әдеп кодексі сияқты құжат бар, ол ең алдымен қарыз алушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Онда коллекторлар заңды бұзатын немесе борышкерді қорлайтын жазалау әдістерін пайдаланбайды деп жазылған. Бұдан былай кез келген қауіп-қатерге немесе қорлауға жол берілмейді. Сондай-ақ, әлемдік тәжірибеде коллекторларға арналған тренинг орталықтары кеңінен танымал, онда олар өндіріп алушыларды қатаң түрде құқықтық өріс аясында әрекет етуге үйретеді, сонымен қатар өте күрделі жағдайларда да қарызды қайтарудың жоғары тиімділігін көрсетеді. «Кәсіби өндіріп алу институтын» құру және дамыту адамдардың білікті қоғамдастығын қалыптастырады. Бұл ретте мемлекет арнайы тізілімге енгізе отырып, коллекторлық компанияларды бақылап қана қоймай, нарыққа қатысушылармен бірлесіп әрбір өндіріп алушыны оқытып, дамытады. Қазіргі уақытта қашықтықтан өндіріп алуды дамыту ерекше өзекті болып отыр. Қазір әлемде жұмыстың автоматты құралдары: робот-коллекторлар, қоңырау шалудың болжамды жүйелері және Big data мен жасанды интеллектіні пайдалануға негізделген коммуникацияның өзге де түрлері біртіндеп енгізілуде.
Александр Терентьев: процестерді мұндай автоматтандыру мемлекеттік органдармен интеграцияны қажет етеді, бұл әрқашан қосымша инвестициялар болып табылады. Сондықтан коллекторлық нарықтың бизнесті онлайн режимінде трансформациялауға жедел жауап бере алатын, тиісті инфрақұрылымды дайындай алатын, байланыс арналарының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын, өндіріп алу процесінің сапасы зардап шекпейтіндей, сондай-ақ нағыз этикалық өндіріп алу қағидаттарын іске асыра алатын ойыншылары ғана қалады. Сондай-ақ, халықтың қаржылық сауаттылығын арттырып, оларға қаржыны басқаруды ғана емес, қарыз алушы ретіндегі өз әрекеттері үшін жауапкершілікті де үйрету қажет. Қарызды реттеу тәртібі көбінесе олардың қарызға және өз міндеттемелеріне қарым-қатынасына байланысты. Әркім белгілі бір борышкер үшін де, тұтастай алғанда ел экономикасы үшін де мерзімі өткен берешектің болуын қандай теріс салдар тудыратынын түсінуі маңызды.
Сұхбатқа қатысушылар алдағы жылдары реттеу барынша жетілдіріледі деген пікірге келді: бірінші орынға қаржылық қызметтерді тұтынушы шығады, сондықтан жосықсыз коллекторлар, көбінесе мекенжайы бойынша барып өндіріп алуға маманданған және шағымдардың 80%-дан астамы оларға тиесілі шағын агенттіктер нарықтан кетуге тиіс болады. Үлкен ойыншылар борышкерлерге қысым жасаудан олардың қаржылық сауаттылығын арттыруға және қиын қаржылық жағдайдан шығудың жолдарын іздеуге көшу арқылы өздерінің стандарттары мен тәжірибелерін қайта қарауға мәжбүр болады. Мұның бәрі борышкерлерге қауіп төндіретін дүлей коллектор бейнесінен аулақ болуға және борышкерге өзінің нақты қарыз жағдайынан оңтайлы жол табуға және қоғамдағы шиеленісті азайтуға көмектесетін қаржы кеңесшісінің бейнесіне көшуге көмектеседі. Өндіріп алу нарығының мұндай эволюциясы бүкіл қаржы жүйесінің эволюциясына: оны қайта ойластыруға және қоғамның қаржылық оңалуына әкеледі.
Ақпарат көзі: www.dknews.kz
Алаяқтар трендте: алдаудың нақты жағдайлары және одан қорғану әдістері
Жеңіл ақша және үлкен пайда: неліктен алаяқтардың уәделеріне сенуге болмайды
«Жалақыға дейінгі кредит»: мұндай микроқарыздар беру жағдайында не өзгерді
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Қаржылық инклюзияны дамыту – реттеушінің негізгі басымдықтарының бірі