Депозиттер бойынша кепілдіктің ең жоғары сомасын арттыру туралы. Түсіндіру.

time 14.01.2022
aye 4694
Депозиттер бойынша кепілдіктің ең жоғары сомасын арттыру туралы. Түсіндіру.

2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (бұдан әрі - ҚДКҚ) ұлттық валютадағы жинақ депозиттері бойынша кепілдіктің ең жоғары сомасын 20 миллион теңгеге дейін арттыру туралы жариялады.

2021 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев теңге мен жинақ салымдары бойынша кепілдік өтем і нің ең жоғары мөлшерін 15 млн теңгеден 20 млн теңгеге дейін ұлғайт уды көздейтін З аңға қол қойды.

Жаңа өзгерістер теңге мен жинақ салымдарына ғана қатысты болды. Жинақ салымдары депозиттердің басқа түрлері ішіндегі кірісі ең жоғары болып табылады, ол бойынша ең жоғары кірістілік жылдық 14,9%-ға жетуі мүмкін. Мұндай салым белгілі бір мерзімге ашылады және оның ерекше талаптары бар: депозитті мерзімінен бұрын алған кезде салымшы 30 күнтізбелік күн бұрын банкке өзінің ниеті туралы хабардар етуі тиіс, бұл ретте сыйақы талап етілгенге дейінгі салым бойынша белгіленген мөлшерде төленеді (0,1%- дан артық емес). Қазір нарықта 3, 6, 12 және 12 айдан астам мерзімдермен жинақ депозиттері қолжетімді. Салымшы өзіне ыңғайлы кез келген шарт мерзімін таңдауға құқылы.

Жаңа өзгерістерге сәйкес кепілдік өтемінің жиынтық сомасының ең жоғары мөлшері 20 млн теңгеге дейін ұлғайды. Бұл кепілдік өтемінің жиынтық сомасы салымшының бір банкте ашылған депозиттерінің бірнеше түрі бойынша төленетінін және депозиттің әрбір түрі бойынша жеке белгіленген кепілдік өтемінің ең жоғары мөлшерінің шектері ескеріле отырып есептелетінін білдіреді.

Кепілдік өтемінің жиынтық сомасы депозиттің әрбір түрі бойынша жеке белгіленген кепілдік өтемінің ең жоғары мөлшерінің шегін ескере отырып есептеледі:

•   20 миллион теңге – ұлттық валютадағы жинақ салымдары (депозиттері) бойынша;

•   10 миллион теңге – жинақ салымдарын қоспағанда, ұлттық валютадағы өзге де депозиттер бойынша;

•    5 миллион теңге – шетел валютасындағы депозиттер бойынша.

ҚДКБҚ-ның 20 млн теңге мөлшеріндегі кепілдігі қазіргі уақытта депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктерде 2022 жылғы 11 қаңтарға дейін және одан кейін ашылған теңгедегі барлық қолданыстағы жинақ салымдарына қолданылады.

Толығырақ "Депозиттер" бөлімінен оқыңыздар

 

white-arrow Тізімге