«Күміс теңге» операциясы» атты танымдық қаржылық детективінің кезекті шығарылымы қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл тақырыбына арналған.
Қосымшада алаяқтардың айла-амалдарына қалай түспеуге болатындығы, қаржылық пирамиданы қандай белгілермен анықтауға болатындығы және олардан қалай қорғану керектігі туралы жауаптар берілген.
Бұл сұрақтарға басты кейіпкерлер Мұрат, Ерке және Алиша жауап іздейді. Балалардың шытырман оқиғасы туралы толығырақ сайта «Балаларға арналған қосымшалары» деген бөлімнен оқыңыздар.
Шығарылымда «Қауіпті пирамидалар» оқу комиксі және «Пирамиданы айналып өт» деген экономикалық лабиринт ойыны бар, бұл жас оқырмандарға өткен материалды бекітуге мүмкіндік береді.
Балаларға арналған қаржы детективі ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаржылық сауаттылық бойынша арнайы қосымшасы аясында «Дружные ребята» және «Ұлан» республикалық газеттерінде шығатынын еске саламыз. Ол бастауыш және орта мектеп жасындағы балаларға арналған.
Қаржылық кесте: баланы үйретуге тұрарлық 7 әдет
Күмәнді жеткізу: алаяқтар сатып алушылар мен сатушыларды қалай алдайды
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Шетелдік нөмірлі көлік: Қазақстанда сақтандыруды рәсімдеуге бола ма
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Бөліп төлеу: шағын төлемдер үлкен жүктемеге айналғанда
Қарызды өтеудің ыңғайлы тәсілі: төлем кестесін есептеу, өтініштер беру және құжаттарға қол қою
Finkelisim жаңа платформасы несие берешегін реттеу ережелерін қалай өзгертеді