2020 жылы қаржылық қызметтерді тұтынушылардың ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне өтініштерінің жалпы санынан 70%-ға жуығы банк секторының мәселелеріне қатысты болды. Мұны қаржы реттеушісі ай сайынғы негізде жүргізетін азаматтардың өтініштерінің мониторингі көрсетті.
Негізінен қаржылық қызметтерді тұтынушылар Агенттікке қарыздарды қайта құрылымдау, банктердің ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тартуы, банктік қарыз шартын талаптарының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру мәселелері бойынша жүгінді. Өтініш берушілер шағымдарының негізгі себептері – шарттың талаптарымен мұқият таныспау, банктік кредит алу кезінде өз қаржылық мүмкіндіктерін асыра бағалау болып келеді. Көптеген өтініштер сонымен қатар әр түрлі себептермен қарыз алушылардың кредиттік міндеттемелерін орындай алмауымен, консультация алу қажеттілігімен және туындаған мерзімін кешіктіру мәселелерімен байланысты.
Банктен кредит алмас бұрын нені білу керек? Кредит рәсімдеу сияқты маңызды мәселеде неліктен асықпаған жөн? Егер кредит беруші алдындағы қарызды уақтылы өтемесе не болады? Бұл туралы толығырақ: https://www.fingramota.kz/kk/post/zhaymsyz-saldarsyz-bankten-alaj-kredit-alu-bolady
Әскери қызмет кезіндегі кредит: мерзімді әскери қызметшілер үшін төлемді кейінге қалдыру қалай жұмыс...
Депозит: салымды қалай таңдау, жинақтарды қалай қорғау керек және кірісті жоғалтып алмау үшін не іст...
Қаржылық пирамидалар: жылтыр сыртқы көріністің астарындағы алаяқтықты қалай тануға болады
Қаржылық кесте: баланы үйретуге тұрарлық 7 әдет
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Қарызды өтеудің ыңғайлы тәсілі: төлем кестесін есептеу, өтініштер беру және құжаттарға қол қою
Finkelisim жаңа платформасы несие берешегін реттеу ережелерін қалай өзгертеді