Астанада Fingramota.kz жобасы аясында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен оның еншілес кәсіпорындарының қызметкерлеріне арналған «Қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында оқыту семинары өтті. Іс-шара барысында Қазақстанда кеңінен таралған азаматтарды алдау схемалары, оларды анықтау әдістері және қорғанудың тиімді жолдары талқыланды.
Семинар тыңдаушылары «Семізбай-U» ЖШС, «KAP Technology» ЖШС, «KAP Logistics» ЖШС, «СП «КАТКО» ЖШС, «Qorgan-Security» ЖШС қызметкерлері болды.
Семинарда спикерлер ретінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Астана қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасының бастығы Рустам Ғабдулкафеев, Stop-Piramida.kz жобасының өкілдері Юрий Ли мен Нүркен Шардарбеков, сондай-ақ Alayaq.net жобасының өкілдері Абылайхан Әбдікәрім мен Нұрсұлтан Орынбеков сөз сөйледі.
Рустам Габдулкафеев FinGramota.kz жобасы аясында Агенттік халықты фишинг шабуылдарынан қорғау әдістері туралы кеңінен ақпараттандыру мен оқытуға ерекше назар аударып отырғанын атап өтті, елдің барлық қалалары мен өңірлерінде азаматтардың барлық санаттары: мектеп оқушылары, студенттер, ересектер, зейнеталды және зейнеткерлік жастағы адамдар үшін тренингтер мен дәрістер өткізіледі. www.fingramota.kz сайтында «Абайлаңыз, алаяқтар» бөлімінде осы тақырып бойынша материалдар апта сайын жарияланып, БАҚ пен әлеуметтік желілерде таратылып отырады, «Видеогалерея» бөлімінде оқыту бейнероликтері мен бағдарламалар ұсынылған. Сондай-ақ, ҚНРДА сайтында жосықсыз қызмет белгілері бар ұйымдардың, оның ішінде Агенттікке азаматтардың шағымдары келіп түскен ұйымдардың тізімі жарияланған. Алаяқтық жағдайлары бойынша консультация алу үшін қазақстандықтар қаржы реттеушісіне 1459 нөмірі арқылы колл-орталыққа немесе «Fingramota Online» мобильді қосымшасы арқылы жүгіне алады.
Оқыту іс-шарасының қатысушылары семинардың қаржылық қауіпсіздік саласындағы жетекші сарапшылармен білім мен тәжірибе алмасуға арналған бірегей алаңға айналғанын атап өтті.
Естеріңізге сала кетсек, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Корпоративтік қаржы департаменті ұйымдастырған оқыту семинары ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ арасында биылғы мамыр айында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында өткізілді. Жыл бойы 11 тау-кен кәсіпорнының, соның ішінде Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі кеніштердің қызметкерлері үшін білім беру іс-шараларының циклі өткізілді.
Проблемалы несиелер: банк және микроқаржы омбудсмендеріне жүгініңіз
Цифрлық алаяқтық дегеніміз не және одан қалай сақтануға болады?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Сақтанушыларға арналған ақпарат: сақтандыру төлемін қалай алуға болады?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Жеке қауіпсіздігіңіз – өз қолыңызда!