КРЕДИТТІҢ ҚҰНЫН ҚАЛАЙ БАҒАЛАҒАН ЖӨН ЖӘНЕ КРЕДИТТІ ТАҢДАУ БАРЫСЫНДА НЕНІ ЕСКЕРУ КЕРЕК!
Қандай ұсыныстың ең жақсы ұсыныс екенін білу үшін бізге кредит алуға қатысты шығыстар мен шығындарды есептеу қажет.
ШЫҒЫСТАР МЕН ШЫҒЫНДАРДЫ ҮШ ТОПҚА БӨЛУГЕ БОЛАДЫ:
Тікелей қаржылық шығыстар – кредитті пайдаланғанымыз үшін банкке төлейтін ақша. Оған жататындар: пайыздар, комиссиялар, кредит алумен байланысты банктің басқа да қызметтері үшін алынатын ақы.
Қосымша қаржылық шығыстар – кредит алуымыз үшін басқа ұйымдарға және тұлғаларға төлейтін ақша. Бұл қандай шығыстар? Мысалы – сақтандыру, нотариус, және т.с.с.
Қаржылық емес шығындар және олардың артықшылықтары – қарыз алу үшін жұмсайтын қымбат уақытымыз; банктің бізге деген қарым-қатынасы; өтеу кестесінің қажеттілігімізге сәйкес келуі және т.с.с.
ҮЗДІК КРЕДИТТІ ТАҢДАУ ҮШІН БІЗГЕ ӘРТҮРЛІ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ШАРТТАРЫ МЕН ШЫҒЫНДАРЫН БАҒАЛАУ ҚАЖЕТ.
БҰЛ үшін әртүрлі екі қаржы институтының (ҚИ) шарттарымен танысуды ұсынамыз.
|
|
Кредит 1 – ҚИ 1 |
Кредит 2 – ҚИ 2 |
|
Сома |
500,000 |
500,000 |
|
Мерзім |
12 ай |
12 ай |
Тікелей қаржылық шығыстар |
|||
1 |
Пайыздар сомасы (артық төлем) |
80 000 |
130,000 |
2 |
Комиссия |
50 000 |
0 |
|
Барлығы |
82 000 |
68 000 |
КЕСТЕДЕН КӨРЕТІНІМІЗ:
Тікелей қаржылық шығындарға әрдайым пайыздар қосылады;
Басқа шығындардың көлемі өзгереді: комиссиялар, банктің басқа да қызметтері үшін төлем;
Кредиттің нақты құнын анықтау үшін барлық тікелей шығындарды мұқият зерттеу керек;
Шарттары бірдей болған жағдайда, кредитті жылдам рәсімдейтін және қызметкерлері сыпайы қызмет көрсететін қаржы институтын таңдауға болады.
ҚАРЖЫ ШЫҒЫНДАРЫН ЕСЕПТЕГЕН КЕЗДЕ НЕНІ НАЗАРҒА АЛУ ҚАЖЕТ:
Артық төлем сомасына қарап шешім шығару да дұрыс емес, себебі ол қарыздың берілу мерзіміне байланысты болады.
Тек «пайыз сомасына» қараған да дұрыс емес. Барлық факторларға жан-жақты назар аудару қажет: мерзім, комиссиялар, сақтандыру, банктің ақылы қызметтері, заң қызметтері. Міне, тиімді мөлшерлеме дегеніміз осылар.
ОСЫ ШЫТЫРМАН МӘСЕЛЕДЕ НЕНІ ЕСКЕРУ КЕРЕК?
Бұл үшін сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін (СЖТМ) есептеу қажет.
СЖТМ – ӘРТҮРЛІ ДЕРЕККӨЗДЕРДЕН ҚАРЫЗ ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ НАҚТЫ ҚҰНЫН САЛЫСТЫРУ ҮШІН ПАЙДАЛЫ.
Онлайн кредит беретін ұйымдардың ұсынысы
Қазіргі уақытта үйден шықпай алуға болатын онлайн кредиттер үлкен танымалдыққа ие. Сауалнаманы толтыру әдетте шамамен 15 минутты алады. Төлқұжат деректерін, тіркелген мекенжайын, тұрғылықты мекенжайын, жұмыс орнын және қызметін, ай сайынғы табысын, қолданыстағы/бұрын алған кредиттері туралы деректерді толтыру қажет болды. Келесі қадам – карта/шот нөмірі. Ақша дереу түседі. Артық төлем сомаға байланысты.
Онлайн кредиттің айқын артықшылығы жылдам рәсімдеу мен алу болып табылады, негізгі кемшілігі – әдеттегі банктерге қарағанда әлдеқайда жоғары пайыздар.
Фишингтік сайттарды қалайша тануға болады: негізгі проблемалары және пайдалы ұсынымдар
Жылдам, ыңғайлы және пайдалы: неліктен автокөлік иелері Еурохаттамаға назар аударуы керек
Жаңадан бастағандарға арналған инвестициялық қосымша қалай жұмыс істейді?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма