ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ашық нормативтік құқықтық актілер порталында ашық талқылау үшін Банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларына өзгерістер жобасын орналастырды.
Жобаны Агенттік өзінің кредиттік өнімдерін жарнамалау кезінде қарыздар туралы және қарыз алушылардың кредит бойынша өз міндеттемелерін уақтылы орындамағаны үшін жауапкершілігі туралы толық ақпаратты ашу, сондай-ақ жалған қарыздарды алаяқтық тәсілмен ресімдеу фактілеріне уақтылы ден қою жөніндегі банктер тарапынан жұмысты күшейту мақсатында әзірледі.
Реттеуші банктер өздерінің жарнамаларында банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда қарыз алушыға қауіп төндіретін салдарлар туралы хабарлауды ұсынады. Борышкердің кредиттік тарихының бұзылуынан басқа, банктер айыпақы: айыппұлды, өсімпұлды есептеуге, берешекті сотқа дейінгі өндіріп алуға және коллекторлық агенттікке реттеуге беруге, сотқа талап арызбен жүгінуге және т. б. құқылы.
Түзетулердің жеке блогы қарыз алушыларды қорғауға бағытталған және банктік қарыздарды алаяқтық тәсілмен ресімдеуге байланысты іс-шараларға арналған.
Алаяқтар азаматтардың жеке және төлем деректерін алаяқтық жолмен иемдену үшін заманауи технологиялар мен әлеуметтік инженерия элементтерін белсенді қолданады. Осылайша олар қазақстандықтардың банктік қосымшаларына қол жеткізе алады және оларға жалған кредиттер ресімдей алады.
Жобада банктік қарыздарды үшінші тұлғаларға алаяқтық тәсілмен не банк клиенттеріне үшінші тұлғалардың ықпалымен ресімдеу фактілері анықталған кезде қаржы институттары кінәлі тұлғаларды анықтау үшін құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасауы тиіс екендігі көрсетіледі.
Алаяқтардан зардап шеккен қарыз алушыларды қорғау үшін реттеуші заңнамаға мынадай өзгерістер енгізуді ұсынады:
Осылайша түзетулер құқық қорғау органдарының тергеу іс-шараларын жүргізу кезеңінде борышты өндіріп алуды тоқтата тұруға мүмкіндік береді, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің қарыз алушыларына ресімделген жалған берешекті реттеуге ықпал ететін болады.
Банктік қызмет көрсету қағидаларына өзгерістер жобасы 2022 жылғы 14 желтоқсанға дейін жария қарауда болатындығын атап өтеміз.
Балалардың цифрлық қауіпсіздігі: киберқылмыскерлерден оларды қалай қорғауға болады
Несие тарихына не әсер етеді және оны қалай жақсартуға болады
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Зейнеткерлерге ескерту: алаяқтардың телефон арқылы ойлап тапқан жаңа схемалары
Кредитті мерзімінен бұрын өтеу - тиімді!
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?