Кредит алу туралы шешім – бұл жауапты шешім. Барлық қарыз алушылар кредитті өтегеннен гөрі алғанның оңай екенін түсінуге тиіс. Бұл – дұрыс пайдалана білуді талап ететін, қолайлы қаржы құралы. Қарызға батпас үшін, кредит алу туралы шешім қабылдамас бұрын азаматтар қарыз алудың қағидаларын мұқият зерделеуі қажет.
1-қадам. Мақсатыңызды айқындап алыңыз.
Кредитті не үшін алғыңыз келетінін шешіп алыңыз? Баспана, автомобиль алуға, түрлі шұғыл қажеттіліктерге арналған кредиттер бар. Кредиттер кредитор қарыз алушының түрлі қажеттілігіне белгілі бір соманы беретін – нысаналы емес және белгілі бір нақты мақсатқа: баспана сатып алуға немесе жөндеуге, білім алуға және басқаға арналған нысаналы түрлері бар.
Кредиттер қарыздың жоғары сомасына, сыйақы мөлшерлемесіне, мерзімдеріне және кепілзатына қарай бөлінеді. Банктер оларды өздері де, әріптестері – автодилерлермен, құрылыс компанияларымен, тұрмыстық техника дүкендерімен және басқа да ұйымдармен бірлесіп те беруі мүмкін. Кредиттің қай түрі сізге қолайлырақ? Бұл сұрақтың жауабы қарыздың алу мақсатына қарай белгілі болады.
Әлбетте, ақшалай кредитті, мысалы, күмәнді жобаларға немесе ақша салымының есебінен жоғары пайдаға уәде ететін ұйымдарға инвестициялау үшін алудың қажеті жоқ. Алаяқтардың маркетингтік айлаларына алданып, сіз, мәселен, қаржы пирамидасының арбауына түсіп қалуыңыз мүмкін.
2-қадам. Тауарды кредитке алуға мүмкіндігіңіздің бар екеніне көз жеткізіңіз.
Тауарды кредитке сатып алу туралы шешім қабылдамас бұрын бұл тауарды сатып алуға деген қажеттілік кредитке қызмет көрсетумен байланысты барлық тәуекелдерден асып кететіндігіне көз жеткізіңіз. Өзіңіздің қаржылық мүмкіндігіңізді бағалап, кредиттер бойынша ай сайынғы төлемдер отбасылық бюджетке онша салмақ түсірмейтіндей етіп есептеңіз.
Барлық кредиттік міндеттемелеріңіз бойынша ай сайынғы төлем орташа деңгейден (2 орташа айлық жалақы) аспаған жағдайда сіздің кірісіңіздің 50%-нан аспағаны өте маңызды.
3-қадам. Кредиттік ұйым туралы барынша көп материал анықтаңыз
Кредит беру – бұл лицензияланатын қызмет түрі. Банктерден, ипотекалық компаниялардан және микроқаржы ұйымдарынан басқа 2020 жылдан бастап ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде есептік тіркеуден өтуге міндетті ломбардтар, кредиттік серіктестіктер, онлайн-кредиттеу компаниялары халыққа қарызды кәсіби деңгейде береді.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның (МҚҰ, ломбардтар, кредиттік серіктестіктер, онлайн-кредиторлар) Агенттіктің http://finreg.kz/?docid=3277&switch=russian ресми сайтында орналастырылатын, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар тізіліміне енгізілгенін міндетті түрде тексеру қажет;
4-қадам. Кредиттеудің ең қолайлы шарттарын табыңыз.
Кредитормен шарт жасамас бұрын бірнеше кредитордың қарыз/микрокредиттер беру шарттарын зерделеп, мыналарға:
- қарызды/микрокредитті беру мерзіміне;
- сыйақы мөлшерлемесінің түрі: белгіленген немесе өзгермелі, егер сыйақы мөлшерлемесі өзгермелі болған жағдайда оны есептеу тәртібіне;
- жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшеріне (ЖТСМ – кредиттің нақты құны), клиенттің өтініш беру күніне ерекше назар аудару қажет. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – бұл қарыз алушы кредиттік шарт бойынша төлеген барлық төлемдердің жалпы сомасы. Ол неғұрлым төмен болса, соғұрлым кредит тиімді болады. ЖТСМ міндетті түрде шарт талаптарында көрсетілуге тиіс.
ЖТСМ мөлшерін тексеру үшін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімінде (https://finreg.kz/?docid=1382&switch=russian) кредиттік калькулятор орналастырылған;
- ай сайынғы төлем мөлшері;
- комиссиялардың, тарифтердің және қарыз алуға және қызмет көрсетуге (өтеуге) байланысты басқа шығыстардың толық тізімі мен мөлшері;
- қарыз беру шарттары және осы қызметті ұсыну туралы шарт жасауға қажетті құжаттар тізбесі;
- өтеу әдісі. Кредитор міндетті түрде баламалы әдітерді, көбіне аннуитеттік және сараланған әдістер ұсынуға тиіс. Бірінші жағдайда негізгі борыш біркелкі төленеді, бірақ төлемдер сомасы азайып отырады, екінші жағдайда төлемдер бірдей, бірақ негізгі борыш өсіп отырады. Өтеу әдісін таңдау тек қарыз алушының қалауына байланысты ғана емес екенін атап өткен жөн, өйткені бұл сұралған қарыздың өлшемі мен қарыз алушының оны ай сайын төлей алатын қаржылық мүмкіндігіне байланысты.
- шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда қарыз алушының жауапкершілігі мен мүмкін болатын тәуекелдері туралы ақпарат және т.б.
5-қадам. Қарыз бойынша барлық міндеттемені мерзімінде орындай алатындығыңызды саралап алыңыз.
Қарыз алушы кредит ұйымымен жасалатын шартқа қол қоя отырып, қарызды өтеу бойынша міндеттемені берешекті өтеу кестесінде белгіленген мерзімде орындауға міндеттенеді. Қарыз бойынша төлем белгіленген мерзімнен 2-3 күн бұрын енгізілсе өте жақсы, осылайша қарыз алушы күтпеген жағдайлардан (демалыс және мереке күндері, банк жүйесіндегі іркілістер және т.б.) сақтана алады, олардың салдарынан мерзімі өткен берешектің туындауы ықтимал.
6-қадам. Құқықтарыңыз бен мүдделеріңіз бұзылған жағдайда, көмек алыңыз
Кредиттік ұйымдар тарапынан заңға қайшы әрекеттер орын алған, банкпен микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйыммен сындарлы диалог болмаған жағдайда, қарыз шартын жасаған қарыз алушы өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінуге құқығы бар:
- «Fingramota Online» мобильдік қосымшасы арқылы, оны веб-нұсқа арқылы да, сол сияқты: App Store-дан https://apps.apple.com/kz/app/fingramota-online/id1134502211 және Play Market-тен: https://play.google.com/store/apps/details сілтемелері бойынша;
- жедел желі телефоны арқылы: +7 (727) 237 1000 (жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағ. 9.00 - 17.00 аралығында);
- info@finreg.kz, TAL@finreg.kz электрондық поштасы арқылы;
- аумақтық тиістілігі бойынша Өңірлік өкілдер басқармасына;
- жазбаша нысанда, курьер арқылы мына мекенжайға: А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш/а, 21-үй, байланыс телефоны: +7 (727) 237 1200;
- ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қоғамдық қабылдау бөлмесіне мына мекенжай бойынша: Алматы қ., Панфилов к-сі, 98. Жазылу үшін Yermek.Utemisov@finreg.kz электрондық мекенжайына мына деректерді: аты-жөнін, ЖСН, байланыс деректерін, қаржы ұйымының толық атауын, өтініштің қысқаша сипатын және «Қабылдауға жазылу» тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып жіберу қажет.
Алаяқтар трендте: алдаудың нақты жағдайлары және одан қорғану әдістері
Жеңіл ақша және үлкен пайда: неліктен алаяқтардың уәделеріне сенуге болмайды
«Жалақыға дейінгі кредит»: мұндай микроқарыздар беру жағдайында не өзгерді
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Қаржылық инклюзияны дамыту – реттеушінің негізгі басымдықтарының бірі