Егер сіз тәуекелдерді кеңейткіңіз немесе шарт талаптарын өзгерткіңіз келсе — оны қандай жағдайда және қандай тәртіппен жасауға болатынын анықтап алыңыз.
Сақтандыру - бұл күтпеген жағдайларда, соның ішінде жол жүру кезінде сіздің мүдделеріңізді қорғау. Автокөлікті сақтандырудың қандай түрлері бар және сізге қажет түрін қалай таңдау керектігін Fingramota.kz айтып береді.
Қазақстанда автосақтандыру негізінен екі түрге бөлінеді:
Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (КҚИ АҚЖМ)
Автокөлік құралдарын ерікті сақтандыру (жиі жағдайда — КАСКО)
Міндетті сақтандыру
КҚИ АҚЖМ — бұл сақтандыру қорғанысының заңнамалық минимумы. Егер сіз біреудің көлігіне зақым келтірсеңіз немесе жол-көлік оқиғасы кезінде басқа адамның денсаулығына зиян келтірсеңіз — сақтандыру компаниясы (зардап шеккен тарапқа келтірілген зиянды заңда белгіленген лимиттер шеңберінде) өтейді. Сіздің сақтандыруыңыз зақым келтірілген сіздің көлігіңіздің өзін емес, егер мұндай зиян сіздің кінәңізден болса, үшінші тұлғалардың алдындағы жауапкершілікті өтейді.
Маңызды! Қолыңызда КҚИ АҚЖМ полисі болмаса, сіздің жолға шығуға құқығыңыз жоқ — және бұл үшін айыппұл көзделген (Қазақстанда бұл 10 АЕК).
Тариф қалай қалыптасады: базалық сақтандыру сыйлықақысы + коэффициенттер
КҚИ АҚЖМ бойынша базалық сыйлықақы (2025 жылы) өзгеріссіз қалады және заңмен белгіленген — 1,9 АЕК. Бірақ полистің қорытынды бағасы сақтандыру мерзіміне және қорытынды соманы есептеу үшін қолданылатын коэффициенттерге байланысты:
Жүргізушінің жасы мен тәжірибесі;
Түзету коэффициенттерін ескере отырып, автокөлікті тіркеу (пайдалану) аймағы;
Көлік құралының түрі;
Көлік құралын пайдалану мерзімі;
«Бонус-малус» сыныбы — сіздің сақтандыру тарихыңыз (апатқа ұшырамау, бұзушылықтардың болмауы).
«Бонус-малус» жүйесінің қағидаты қарапайым, егер сіз апатқа ұшырмай жүрсеңіз, сақтандыру сыйлықақысы азаяды (жеңілдік немесе «бонус» беріледі), егер сіз ЖКО кінәлі болсаңыз, сыйлықақы көбейеді (үстемеақы немесе «малус»).
Сондай-ақ, есептеу кезінде мыналар ескеріледі:
сіздің міндетті сақтандыру жүйесіне қатысу жылдарыңыз;
сізде жол қозғалысы ережелерін бұзу болды ма, егер ЖКО сіздің кінәңізбен болса және сізде ЖҚЕ бұзушылықтар тіркелген болса, бұл сақтандыру құнының өсуіне қосымша әсер етуі мүмкін.
Төлемдер туралы нені білу керек
Егер мүлік бойынша шығын сомасы лимиттен асып кетсе, өтемеген бөлігін кінәлі адамның өзі немесе ерікті сақтандыру (егер бар болса) арқылы төлейді. ЖКО кейін сақтандыру компаниясы келтірілген шығынның мөлшерін анықтау үшін көлік құралының зақымдануын бағалауы керек.
Егер сіз бағалаумен немесе сақтандырушының шешімімен келіспесеңіз, сақтандыру омбудсманына хабарласып, бұл шешімге шағымдануға құқылысыз. Заң бойынша сақтандыру компаниясы барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін 15 күннен кешіктірмей сақтандыру төлемін төлеуге міндетті.
Ерікті түрде автосақтандыру (КАСКО және басқа нұсқалар)
Ерікті түрде автосақтандыру жүргізуші өз қалауымен ресімдейтін қосымша қорғауды қамтамасыз етеді. Жауапкершілікті міндетті сақтандырудан (КҚИ АҚЖМ) айырмашылығы ерікті түрде сақтандыру автокөліктің өзіне келтірілген шығынды өтейді және оны пайдалануға байланысты басқа да тәуекелдерді қамтуы мүмкін.
Автокөлікті ерікті түрде сақтандырудың ең көп таралған түрі – КАСКО, ол ЖКО-ға кім кінәлі болса да, көліктің өзіне қатысты тәуекелдерді өтейді. Егер сіз жолда өз қателігіңіз болса да, көлігіңізді қорғауға сенімді болғыңыз келсе, бұл – өте маңызды.
Сақтандыру талаптарына қарай КАСКО мыналарды қамтуы мүмкін:
ЖКО (тіпті сіз кінәлі болсаңыз да);
айдап кету, ұрлау;
үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттері (вандализм және т.б.);
объектілердің (бұтақтардың, құрылымдардың) құлауы, табиғи құбылыстар, табиғи апаттар, өрт, жарылыс;
сыртқы факторлардың әсерінен басқа да зақымдану.
Әдетте, сақтанушының өзі «тәуекелдер жиынтығын» — өз көлігін қорғағысы келетін жағдайларды таңдайды. КҚИ АҚЖМ-дан айырмашылығы, КАСКО көліктің өзіне келтірілген шығынды (үшінші адамдар алдындағы жауапкершілік емес) өтейді.
КАСКО полисінің құны мыналарға байланысты:
Автокөліктің маркасы, моделі және нарықтық құны
Машинаның шығарылған жылы
Жүргізушінің жасы мен еңбек өтілі
Автокөлік пайдаланылатын географиялық аймақ
Шығындар мен апаттар тарихы
Полиске енгізілген тәуекелдер жиынтығы
Күзет жүйесінің, дабылдың, қорғаудағы тұрақтың болуы
Франшизалар (сақтандыру жағдайы орын алса, сіз көтеретін сома)
Қаншалықты көп тәуекел түрлерін енгізсеңіз, КАСКО полисінің құны соғұрлым жоғары болады. Полисті сақтандыру компаниясының кеңсесінде немесе онлайн түрде — сақтандырушының сайты не қосымшасы арқылы ресімдеуге болады. Ол үшін көлік құжаты, жеке куәлік және жүргізуші куәлігі қажет. Полисті ресімдеу кезінде қандай жағдайлар қамтылатынын, қайсысы қамтылмайтынын, франшиза мөлшерін және басқа да шарттарды нақтылап алу маңызды.
Бұл пайдалы болатын жағдайларға мысалдар
Сізде жаңа немесе қымбат автокөлік бар — залал сіздің бюджетіңізге айтарлықтай әсер етуі мүмкін
Сіз жиі қауіп деңгейі жоғары аудандарда жүресіз
Жол-көлік оқиғасы өз кінәңізден болса да, өзіңізді қорғалған сезінгіңіз келеді
Сіз көліктің ұрлануынан немесе үшінші тұлғалардың зақым келтіруінен қауіптенесіз
Қаншалықты көп тәуекел түрлерін енгізсеңіз, КАСКО полисінің құны соғұрлым жоғары болады. Полисті сақтандыру компаниясының кеңсесінде немесе онлайн түрде — сақтандырушының сайты не қосымшасы арқылы ресімдеуге болады. Ол үшін көлік құжаты, жеке куәлік және жүргізуші куәлігі қажет. Полисті ресімдеу кезінде қандай жағдайлар қамтылатынын, қайсысы қамтылмайтынын, франшиза мөлшерін және басқа да шарттарды нақтылап алу маңызды.
Бұл пайдалы болатын жағдайларға мысалдар
Сізде жаңа немесе қымбат автокөлік бар — залал сіздің бюджетіңізге айтарлықтай әсер етуі мүмкін
Сіз жиі қауіп деңгейі жоғары аудандарда жүресіз
Жол-көлік оқиғасы өз кінәңізден болса да, өзіңізді қорғалған сезінгіңіз келеді
Сіз көліктің ұрлануынан немесе үшінші тұлғалардың зақым келтіруінен қауіптенесіз
Кеңестер: сақтандыру шартын рәсімдеу кезінде нені ескеру керек
1. Сақтандырушының лицензиясы.
Сақтандыру компаниясының ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген жарамды лицензиясы бар екеніне көз жеткізіңіз.2. Сақтандыру жағдайының шарттары.
Шартта нақты көрсетілуі тиіс: қандай жағдайларда төлем жасалады, қандай тәуекелдер қамтылады және қайсысы қамтылмайды.3. Сақтандыру сомасы мен лимиттері.
Полис бойынша ең жоғарғы төлем мөлшерін тексеріңіз — кейде базалық лимиттер жеткіліксіз болуы мүмкін.4. Франшиза.
Өзіңіз көтеретін сома мөлшерін анықтаңыз (залалдың өтелмейтін бөлігі). Кейде кіші франшизаны таңдау тиімді, бірақ полис бағасы қымбаттайды.5. Бонус-малус коэффициенттері (міндетті сақтандыру үшін).
Сізге қандай сақтандыру класы қолданылатынын және ЖКО немесе өзге де факторлар тарифке қалай әсер еткенін біліңіз.6. Құжаттар мен өтініш беру тәртібі.
Сақтандыру жағдайы туындаған кезде қандай құжаттар қажет, қанша мерзім ішінде хабарлау керек, залал қалай бағаланады және даулы жағдайларда қайда жүгіну керектігін нақтылап алыңыз.7. Төлем мерзімдері.
Шартта төлемнің ақылға қонымды мерзімде (мысалы, 15 күннен кешіктірмей) жүргізілетіні және есептеу жазбаша түрде берілуі міндетті екені көрсетілгеніне көз жеткізіңіз.8. Мәліметтерді тексеру.
Шартқа қол қоймас бұрын енгізілген барлық деректердің дұрыс екеніне көз жеткізіңіз. Мысалы, көлікті қолданатын өңір мен пайдалану ерекшеліктері дұрыс көрсетілген бе. Егер жалған немесе қате деректер берілсе, сақтандыру төлемі төленбеуі мүмкін.9. Шартты өзгерту шарттары.
Егер сіз тәуекелдерді кеңейткіңіз немесе шарт талаптарын өзгерткіңіз келсе, мұны қандай жағдайда және қалай жасауға болатынын анықтап алыңыз.

Егер сіз тәуекелдерді кеңейткіңіз немесе шарт талаптарын өзгерткіңіз келсе — оны қандай жағдайда және қандай тәртіппен жасауға болатынын анықтап алыңыз.
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Жеңілдікпен ипотека: кімдер үшін және қандай шарттармен?
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған салық түрлері: нелерді білу қажет?
Қате ақша аударымы, не істеу керек: қадамдық нұсқаулық
Алдамшы әлем: дипфейктер алдау құралына қалай айналады