Банк омбудсманы: ипотека алушыларға көмек ретінде
Ипотекалық қарыздың банктік шарттарында қарыз алушылар үшін қолайлы емес ахуалды көздеу мүмкін емес. Өмірдегі жағдайлар жақсы жаққа өзгермеуі мүмкін, ал банкпен келіспеуге болмайды. Бұл жағдайда банк омбудсманының көмегі мен кеңесі аса қажет болуы мүмкін.
Қазақстанда банк пен қарыз алушы арасындағы ипотека шарттары бойынша келіспеушіліктерді реттеуге бағытталған банк омбудсманының институты салыстырмалы түрде жас: ол 2011 жылы құрылды. Оның өкілеттіктері «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жазылған және қызметтер тегін көрсетіледі
Қазіргі уақытта Қазақстанда банк омбудсманы Ерсерік Даменұлы Сыйырбаев болып табылады. Оның қаржы-кредит жүйесіндегі жалпы еңбек стажы 40 жылдан асады.
Қазақстанда банк омбудсманы институтын енгізу халық тарапынан ипотекалық қарыз шарттарының құқық бұзушылықтары бойынша мемлекеттік органдарға шағым санының ұлғаюына байланысты болды. Алайда банктер қарыз алушылармен шиеленістердің сотқа дейін тәртіппен шешілуіне мүдделі. Банк омбудсманына өтініш жасаған кезде сіздің ипотека бойынша барлық құжаттарды – қарыз шартын, өтеу кестесін, банкпен хат алмасуларды, несие берешегі туралы анықтаманы және басқаларын ұсыну қажет. Мұның бәрі банкпен келіссөздерде берешекті өтеу кестесін сіздің пайдаңызға өзгертуге немесе шарттың тараптары үшін өзара тиімді шешім табуға көмектеседі.
Банк омбудсманы дегеніміз кім?
Жоғарыда аталған заңның 40-1-бабына сәйкес бұл постқа «банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның және қарыз алушы - жеке тұлға арасындағы ипотекалық қарыз шартынан туындайтын келіспеушіліктерді оның өтініші бойынша реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға» екі жыл мерзімге сайланады.
Банк омбудсманы банктердің және ипотекалық компаниялардың, ҚР Ұлттық Банкінің және қарыз алушылардың мүдделерін қорғайтын республикалық қоғамдық ұйымдар өкілдерінің құпия дауыс беруі арқылы сайланады. Банк омбудсманы мәртебесінде бола тұрып оның банктерде, қаржы ұйымдарында лауазымдар атқаруға, қандай да бір ұйыммен үлестес болуына құқығы болмайды. Сондай-ақ, оған кәсіпкерлік қызмет және бизнеспен айналысуға тыйым салынған.
Банк омбудсманы қандай мәселелерді шешеді?
Ол аралық немесе азаматтық сотты ауыстыра алмайды. Банк омбудсманы қарыз алушы мен банк арасында ымыраға қол жеткізуге ықпал ететін делдал болады. Банк омбудсманы институты ипотекалық қарыз шарттары бойынша міндеттемелерді орындау талаптарының өзгеруіне қатысты қарыз алушы-жеке тұлғалардың өтініштері бойынша нақты ұсынымдар әзірлейді. Ол келіссөз процесінде білікті консультант ретінде тараптардың кездесулері мен келіссөздерін ұйымдастыруға ықпал етеді.
Заң бойынша банктік құпия оның қаруындағы өтініштер бойынша жария етілуі мүмкін. Ол дауларды шешу барысында алынған ақпаратқа қатысты конфиденциалдықты сақтай отырып, банктік және заңмен қорғалатын өзге құпиялардың сақталуын қамтамасыз етуі тиіс. Аталған мәліметтерді жария еткен жағдайда Кәсіпкерлер кеңесі банк омбудсманының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
Банк омбудсманы қарыз алушылардың өтініштерін 2 айға дейін қарайды. Ипотекалық қарыз алушылардың өтініштерін қарау кезеңдері:
·Берешек есебін және қарауға қажет басқа құжаттарды ұсыну туралы банкке сұрату (қажет болған жағдайда) — өтініш тіркелген сәттен бастап 3 күн.
·Банктен жауап алу — 10 жұмыс күні.
·Қайта құрылымдаудың қолайлы нұсқасын қарау және әзірлеу ─ 3 жұмыс күні.
·Банктің қайта құрылымдаудың ұсынылған нұсқасын қарауы — 30 күн.
·(Бұл мерзім қарыз алушының банкке қажетті құжаттарды ұсынуына байланысты. Банк омбудсманының ішкі қағидалары мен регламентіне сәйкес көрсетілген мерзім өзгертілуі мүмкін)
·Өзара қолайлы шешімге қол жеткізу үшін тараптармен кездесулер, келіссөздер ұйымдастыру — өтінішті қараудың барлық кезеңі ішінде.
·Өзара қолайлы шешімге қол жеткізу (хаттаманы ресімдеу және қол қою) — 3 жұмыс күні.
·Егер өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмесе (шешім шығарылады) — 3 жұмыс күні.
Қандай құжаттарды ұсыну қажет?
Өтінішті қарау процесін жылдамдату үшін, құжаттардың толық пакетін ұсыну қажет. Оны қарыз алушы өзі сол сияқты оның тең қарыз алушы, кепіл беруші, уәкілетті адам да жасай алады.
Құжаттардың біріншісі – «Келіспеушіліктерді реттеу жөнінде өтінішке сауалнама». Сайтта толтыруға қажет тиісті шаблон орналастырылған. Сауалнамада мәселенің мәнін ашық мазмұндау қарауды жылдамдатуға және проблеманы шешуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ өтінішке құжаттарды қоса беру қажет (немесе олардың көшірмелері):
· Жеке басын куәландыратын құжат;
·Банктік қарыз шарты;
·Өтеу графигі;
Банктік қарыз шартына қосымша келісім (осындай бар болса);
·Жылжымайтын мүлікті кепілге қою туралы шарт;
·Жылжымайтын мүлікті кепілге қою туралы шартқа қосымша келісім (осындай бар болса);
·Банкке/банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға өтініштер беру;
·Осы өтініштерге Банктің жауаптары (осындай бар болса).
· Ағымдағы күнге несие берешектің қалдығы туралы анықтама, олар мыналарды: негізгі борыш қалдығының, оның ішінде мерзімі өткен сомасын,; есептелген сыйақы, оның ішінде мерзімі өткен сомасын; есептелген айыппұл сомасын; төленген сыйақы сомасын; төленген айыппұл сомасын қамтиды.
Банк омбудсманының құзыретіне не кірмейді?
Ол:
· соттың қарауына қабылданған және (немесе) ол бойынша соттың заңды күшіне енген шешімі бар;
· қарыз алушының ипотекалық қарыз шартының шеңберінде орын алған жайттарды реттеу мақсатында банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға жасаған өтініштерін жазбаша дәледемесіз;
· істің жаңа мән жайлары болмаған кезде қайтадан жіберілген;
· ипотекалық шарт бойынша сомасы 20 мың айлық есептік көрсеткіштен асатын;
· дара кәсіпкерлер, шаруа (фермерлік) қожалықтары, тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға үлестік қатысу қатысушылары берген өтініштерді қарамайды.
Банк омбудсманы шешімінің мәртебесі қандай?
Банк омбудсманының шешімі оны қарыз алушы қабылдаған жағдайда банкң, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым үшін міндетті. Егер мүдделі тарап банк омбудсманының шешімімен келіспесе, ол өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы.
Омбудсманның қабылдауына қалай жазылуға болады?
Банк омбудсманының офисі Алматы қаласында Н. Назарбаев даңғ., 175 (302-оф.) мекенжайы бойынша орналасқан.
Оған жүгінудің бірнеше жолы бар. Сайтқа www.bank-ombudsman.kz кіріп, өтініш беру және қабылдауға жазылу оңай. Мұнда, басты бетте тиісті опциялар бар. Сізге қажеттісін басып, сауалнаманы толтырып, өтініш беруге немесе қабылдауға жазылуға, сондай-ақ банк қызметін реттейтін қажетті заңнамалық актілерге сілтеме жасауға болады.
Қабылдауға және телефондар бойынша жазылуға да болады: +7 (727) 2612 216; +7 (708) 983 30 16. Тағы бір нұсқа - омбудсманға әдеттегі пошта құралдары бойынша электрондық поштамен жүгіну: office@bank-ombudsman.kz немесе Skype бойынша: bank-omb Skype Me™, немесе банк омбудсманы сайтына ықпалдасқан Jivosite қосымшасы арқылы.
Жеке кеңседе немесе электрондық пошта арқылы мәселені қарау үшін қажетті құжаттарды беруге болады. Сайтта «Банк омбудсманына жүгіну нысаны» орналастырылған. Жоғарыда аталған нұсқалардың қайсысымен берілгеніне қарамастан, өтініш пен құжаттар міндетті түрде тіркеледі. Банк омбудсманы институты құрылған уақыттан бері 6 511 өтініш беріліп, қаралды.
Келіспеушіліктерді реттеу бойынша отырыстар мен кездесулер Алматыдағы банк омбудсманының кеңсесінде өтеді. Қажет болған жағдайда, банк омбудсманы өтініштерді жергілікті жерге барып қарай алады, сондай-ақ Интернет арқылы кездесулер жүргізе алады.
Балалардың цифрлық қауіпсіздігі: киберқылмыскерлерден оларды қалай қорғауға болады
Несие тарихына не әсер етеді және оны қалай жақсартуға болады
Қаржылық инклюзияны дамыту – реттеушінің негізгі басымдықтарының бірі
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Зейнеткерлерге ескерту: алаяқтардың телефон арқылы ойлап тапқан жаңа схемалары