Қазіргі уақытта заманауи технологиялардың дамуымен кредиттерді ресімдеу рәсімі барынша қолжетімді және ыңғайлы болды. Алайда, сонымен қатар сіздің атыңызға қарыз ресімдеу үшін ұрланған дербес деректерді қолдана алатын немесе онлайн-банкингтегі есептік жазбаға рұқсатсыз қолжетімділікті ала алатын алаяқтардың да белсенділігі қатар өсуде.
Азаматтарды осындай қылмыстық схемалардан қорғау мақсатында Қазақстанда банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тартуға мүмкіндік беретін «Стоп кредит» мемлекеттік қызметі енгізілді.
«Стоп кредит» қызметін қалай пайдалануға болады
Қызметті смартфон арқылы пайдалану үшін сізге:
- eGov.kz порталында авторизация жасап, «Кеден және салықтар» бөліміне өтіңіз;
- қажетті жолды толтырып, ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қою;
- қызмет нәтижесімен Жеке кабинетте танысу қажет.
Осы қызметті компьютер арқылы да қосуға болады:
- өзіңіздің логин және құпиясөзіңізді пайдалана отырып, ЭЦҚ көмегімен egov.kz сайтына кіріңіз;
- барлық міндетті жолды толтырыңыз және ЭЦҚ арқылы өтінімге қол қойыңыз.
Бұрын белгіленген шектеулерді алып тастау үшін пайдаланушыға:
- «Банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту» қызметін таңдау;
Қадамдық нұсқаулық: атыңызға алаяқтық жолмен кредит рәсімделсе не істеу керек
Кешіктіруден шешімге дейін: кредиттер бойынша берешекті реттеу тәртібі қалай өзгерді
Кредиттік рейтинг, скоринг және борыш жүктемесінің коэффициенті деген не
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Еурохаттама: шығынды өтеудің жеңілдетілген процесі
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?