Қаржылық сауаттылықты арттыру тұжырымдамасының іс-шараларын жүзеге асыру, Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қаржылық қолжетімділікті және қаржылық қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі жұмыс тобының қызметі және қаржылық инклюзияны арттыру шеңберінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін сауалнама әзірледі.
Сауалнама мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін ең көп сұранысқа ие қаржылық өнімдерді және оларды алу қиындықтарын анықтауға арналған. Сауалнама ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің белсенді қолдауы арқылы жүргізіледі.
Сауалнама жүргізу өзектілігі және қажеттілігі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының «Мүгедек адамдардың экономикалық дербестігі және сапалы еңбекпен қамтылуын, соның ішінде жеке еңбек қызметі, кәсіпкерлік және өз ісін ұйымдастыру үшін кеңейтудің бұдан арғы саясаты. Қаржылық қызметтер саласындағы құқықтарды қорғау» бағыты бойынша ұсыныстарды әзірлеу бойынша шағын топ отырысының шеңберінде белгіленді.
Сауалнамадан мына сілтеме бойынша өтуге болады: Қаржылық қызметтер көрсету сапасы туралы мүгедек адамдарға арналған онлайн-сауалнама
Сауалнама нәтижелері мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қаржылық инклюзияның және қаржылық өнімдердің сапасын арттыру үшін айтарлықтай ықпал ететін болады.
Fingramota.kz барлық ниет білдірген адамдарды сауалнамадан өтіп, сондай-ақ жақындарыңыз бен таныстарыңыздың арасында сауалнама жүріп жатқандығы туралы ақпарат таратуды сұрайды.
«Құпия Санта» желіде: алдаудың жаңа схемасы
Банктер және банк қызметі туралы жаңа заң туралы
Қазақстанда азаматтардың қаржылық сауаттылық деңгейі өсуде
Қазақстандықтар кредиттерге қалай қарайды – Fingramota.kz пікіртерімі
«Стоп кредит»: бір цифрлық құрал алаяқтық кредиттерден қалай қорғайды
Қазақстандықтар алаяқтықты қалай танып-біледі: екі жылдық зерттеу барысында не өзгерді