1-қадам: БЖЗҚ-дағы өзіңіздің жеке зейнетақы шотыңызда басқарушы компанияға беру үшін қолжетімді зейнетақы жинақтары сомасын тексеру.
Бұл сом жеткіліктілік шегінен артық болуға тиіс, оны есептеу тәртібін үкімет бекіткен (2021 жылға арналған жеткіліктілік шектері мына сілтемесінде жарияланған)
Сақтандыру компаниясымен жасалған зейнетақ
ы аннуитеті шарты болған жағдайда, зейнетақы жинақтары жеке зейнетақы шотындағы олардың қалдығы шегінде берілуі мүмкін.
2-қадам: Зейнетақы активтерін басқаруға жіберілген жеке басқарушы компаниялардың тізбесін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтынан зерделеу.
Зейнетақы активтерін басқаруға жіберілген басқарушы компаниялардың тізілімі ай сайын жарияланады (сілтеме).
3-қадам: БЖЗҚ-ның сайтынан зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасасқан жеке басқарушы компаниялар және олардың инвестициялық декларациялары туралы ақпаратпен танысу (сілтеме)
Салымшы инвестициялық декларациясы оның күткеніне және тәуекел-дәрежесіне сәйкес келетін басқарушы компанияны өз бетімен таңдауға тиіс.
4-қадам: Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін жеке басқарушы компанияға беру туралы өтініш беру үшін БЖЗҚ жеке кабинеті арқылы авторизациялану немесе БЖЗҚ бөлімшелерінің біріне бару керек.
Ол үшін мына сілтемемен өту керек:
https://enpf.kz/ru/services/Invest/index.php
БЖЗҚ бөлімшелерінің тізімі мына сілтемеде көрсетілген: https://enpf.kz/ru/contacts/regionalnaya-set/index.php
5-қадам: БЖЗҚ өтінішті, жеке басын куәландыратын құжаттың жарамдылығын және салымшыда басқарушы компанияға беру үшін қолжетімді зейнетақы жинақтары сомасының болуын тексереді. Сәйкессіздік (сәйкессіздіктер) анықтаған кезде, өтініш берілген күннен кейін 5 күн ішінде бас тартады.
6-қадам: Заңнама талаптарына сәйкес болған кезде БЖЗҚ өтініш түскен күннен кейін күнтізбелік 30 күн ішінде өтініште көрсетілген зейнетақы жинақтары сомасын таңдалған басқарушы компанияға аударады.
«Құпия Санта» желіде: алдаудың жаңа схемасы
Банктер және банк қызметі туралы жаңа заң туралы
Қазақстанда азаматтардың қаржылық сауаттылық деңгейі өсуде
Қазақстандықтар кредиттерге қалай қарайды – Fingramota.kz пікіртерімі
«Стоп кредит»: бір цифрлық құрал алаяқтық кредиттерден қалай қорғайды
Қазақстандықтар алаяқтықты қалай танып-біледі: екі жылдық зерттеу барысында не өзгерді