Fingramota.kz сақтандыру тақырыбына арналған материалдар топтамасын жариялауды жалғастыруда.
Бүгін біз жауапкершілікті сақтандыру ұғымын және ол нақты қашан қажет болатынын қарастырамыз.
Жауапкершілікті сақтандыру – бұл сақтандырудың алуан түрлерін біріктіретін және сақтандыру оқиғасының басталу тәуекелін тәуекелмен жұмыс істеуге құзыретті мамандары бар кәсіпқойға – сақтандыру ұйымына ауыстыру арқылы жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау тәсілі ретінде әрекет ететін сақтандыру саласы.
Басқаша айтқанда, жауапкершілікті сақтандырудың көмегімен сіз абайсызда келтірген зиянды өтей аласыз.
Мысалы: Сіз отбасыңызбен демалыста болдыңыз делік. Келгеннен кейін сіз жуынатын бөлмеде құбыр жарылғанын, өзіңізді ғана емес, көршілерді де су басқанын көресіз. Мұндайда сізге өзіңіз ғана емес, көршілердің де жөндеу жүргізуіне «дөңгелек сомада» ақша жұмсауға тура келеді.
Моральдық және материалдық зиянды болдырмау үшін сізге «жауапкершілікті сақтандыру» сияқты сақтандыру полисін алдын ала сатып алуға кеңес береміз.
Жауапкершілікті сақтандыру түрлері
Жауапкершілікті сақтандыру міндетті және ерікті болып табылады.
Міндетті сақтандыру – бұл заңнамалық актілердің талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру, оның түрлері, талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілерінде белгіленеді.
Егер сізде автокөлік болса, оны сақтандыру полисінсіз (сақтандыру шарты) жүргізе алмайсыз. Бұл жағдайда жауапкершілікті сақтандыру міндетті талап болып табылады.
Ерікті сақтандыру – қолайсыз жағдайда сіздің мүддеңізді қорғайтын сақтандыру. Міндетті сақтандыруға қарағанда, өзара келісім бойынша сақтанушы мен сақтандырушы арасында жасалатын шарт негізінде ғана туындайды.
Ерікті сақтандыру өзге де жағдайларды қамтиды, мысалы, сіз біреудің мүлкін абайсызда бүлдіріп алсаңыз, демек сіздің әдейі жасалмаған іс-әрекетіңізден зардап шексе.
Жауапкершілікті сақтандыру, оның ішінде төмендегілерге қажет:
Жауапкершілікті сақтандыру шартын қалай дұрыс жасау керек?
1. Сақтандыру компаниясын таңдаңыз. Алдымен уәкілетті орган – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) лицензиясы бар сақтандыру компаниясын іріктеп алу қажет. Мұны Агенттіктің сайтындағы «Қызмет» - «Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі» - «Сақтандыру секторы» бөлімінен тексеруге болады.
Компанияны таңдау кезінде басқа сақтандыру компанияларының барлық талаптары мен тарифтерін салыстырыңыз. Осылайша, сіз өзіңізге ең тиімді сақтандыру талаптарын таңдай аласыз.
2. Сақтандыру құнын анықтаңыз. Әдетте, сақтандыру қызметінің құнын компания өз бетімен есептейді. Сақтандыру сомалары мен сыйлықақы көлемдері шартта белгіленеді және мұнда барлығы сақтандыру шартын және оның әрекет ету мерзімін өтейтін залал мөлшеріне байланысты.
Міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сомалары мен сыйлықақы көлемдерін анықтау тәртібі сақтандырудың жекелеген түрін реттейтін Қазақстан Республикасының жеке заңнамалық актімен белгіленеді.
3. Сақтандыру төлемі туралы біліңіз. Компанияда шарт бойынша сақтандыру жағдайының не екендігін, сондай-ақ әрбір нақты жағдайдағы сақтандыру төлемінің тәртібін нақтылап алыңыз. Жауапкершілікті сақтандырудың барлық ерекшеліктері мен талаптарын зерттеңіз.
4. Сақтандыру қандай жағдайларда жұмыс істемейтінін анықтаңыз. Есіңізде болсын, сақтандыру жағдайлары арасында әрқашан ерекше жағдайлар болады. Мысалы, егер сіздің іс-әрекетіңіз қасақана болса немесе сіз алкогольдік мастық, есірткі заттарының әсерінде болғанның салдарынан басқа адамдар зардап шеккен болса, онда мұндай жағдайларда өтемақы жүргізілмейді.
Жауапкершілікті сақтандыру сізге қажет, егер:
• Сізде немесе сіздің отбасы мүшелеріңізде байқаусызда басқа адамдардың мүлкіне немесе денсаулығына зиян келтіру қаупі болғанда;
• Сіз компанияның иесі және қызмет саласы қауіпті өндіріспен байланысты болған жағдайда;
• Сіз тасымалдаумен айналыссаңыз және жолаушылардың денсаулығы мен өміріне немесе мүлкіне зиян келтіру ықтималдығы бар болған жағдайда.
Есіңізде болсын, сақтандыру шартын жасай отырып, сіз басқа адамдарға келтірілген зиян үшін жауапкершіліктен босамайсыз. Иә, зардап шеккен адамға келтірілген зиян үшін өтемақы төленеді, бірақ сіз сонымен бірге әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартыласыз.
Сонымен қатар, сіз сақтандыру компаниясы келтірілген зиянды тек сақтандыру сомасы шегінде өтейтінін ескеруіңіз керек. Егер сіз басқаларға келтірген зиян сақтандыру сомасынан жоғары болса, онда арадағы айырманы өзіңіз төлеуге тура келеді.
Қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-пен бірге арттырыңыз және сақтандыру жағдайлары ешқашан келмесін.
Балалардың цифрлық қауіпсіздігі: киберқылмыскерлерден оларды қалай қорғауға болады
Несие тарихына не әсер етеді және оны қалай жақсартуға болады
Қаржылық инклюзияны дамыту – реттеушінің негізгі басымдықтарының бірі
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Зейнеткерлерге ескерту: алаяқтардың телефон арқылы ойлап тапқан жаңа схемалары