Дереу банкке немесе МҚҰ-ға (кредиторға) хабарлаңыз
Кредиторға хабарласыңыз немесе жазыңыз.
Бұл керек:
- картаны, шотты және қосымшаға қолжетімділікті бұғаттауды;
- сіздің жолданымыңыздың күні мен уақытын көрсетіп, тіркеуді талап етіңіз.
Кредиторға хабарласыңыз немесе жазыңыз.
Бұл керек:
Барлық ақпаратты дереу тіркеңіз – бұл полицияға жүгіну және сіздің құқықтарыңызды қорғау үшін қажет.
Мыналарды:
Деректерді өзгертпей скриншоттар мен көшірмелерді пайдаланыңыз.
eGov, e-Otinish порталы арқылы немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша аумақтық органға жеке өтініш беріңіз. Өтініш міндетті тіркелуге тиіс, содан кейін сотқа дейінгі тергеу басталады.
Өтініште мыналар көрсетілсін:
Негізгі кезең – жәбірленуші деп тану туралы қаулыны не полицияның ұсынысын алу. Полиция кредитті ресімдеу мән-жайларын белгілейді, дербес деректерді пайдалану фактілерін тексереді және қатысы бар адамдарды анықтау бойынша шаралар қабылдайды.
Алынған қаулымен кредиторға хабарласу қажет.
Көрсетілген құжаттың негізінде кредитор күнтізбелік 3 күннен кешіктірмей берешекті өндіріп алуды және кредит бойынша талап-арыз жұмысын тоқтатады.
Егер кредит коллекторларға берілсе – оларға қылмыстық іс пен іс жүргізу құжатының бар екендігі туралы хабарлаңыз.
Кредитордың немесе коллектордың әрекетсіздігі жағдайында тексеру жүргізу және қадағалап ден қою шараларын қабылдау үшін e-Otinish арқылы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне (ҚНРДА) хабарласыңыз.
Полиция қызметкерлерінің әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келіспеген жағдайда сіз аумақтық органның басшылығына жүгінуге, e-Otinish порталы арқылы шағым беруге не прокуратура органдарына жүгінуге құқылысыз.
Егер алаяқтық фактісін бір мезгілде полиция растаса және кредит беру кезінде кредитордың тарапынан бұзушылықтарға жол берілсе қолданылады.
Ондай бұзушылықтарға мыналар жатады:
Ерекше жағдайлар:
Кредитор:
Егер алаяқтық фактісін полиция растаса, бірақ кредитор тарапынан бұзушылықтардың болғанын сот тәртібімен белгілеу талап етілсе қолданылады. Сот полиция жинаған дәлелдер базасының негізінде кредиттің алаяқтық жолмен ресімделгеніне байланысты фактісін белгілейді және алаяқтық әрекеттеріне банктердің немесе МҚҰ-ның бұзушылықтары себеп болғанын-болмағанын анықтайды.
Мұндай бұзушылықтарға мыналар жатады:
Бұл жағдайда сот істің мән-жайын белгілейді және кредитті есептен шығару туралы шешім қабылдайды.
Сот шешімі күшіне енгеннен кейін кредитор:
Полиция
eGov.kz, eOtinish
Фронт-офис: + 7 7172 71 46 93
ҚНРДА
e-Otinish.kz
Call-орталық: + 7 727 237 10 00
Прокуратура
e-Otinish.kz
Call-орталық: 115