Cтоп-кредит
Қаржылық алаяқтықтан қорғаныс
Азаматтарды алаяқтық схемалардан қорғау мақсатында 2024 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстанда заңнамалық түрде азаматтардың кредиттер алудан ерікті түрде бас тарту құқығы («Стоп кредит» сервисі) енгізілді.
«Стоп кредит» - бұл eGov.kz порталында және E-gov mobile мобильді қосымшасында тегін көрсетілетін  қызмет, оның көмегімен әрбір азамат шексіз уақыт аралығына банктік қарыздар мен микрокредиттер беруге тыйым салу белгілей алады. Мұндай шектеуді тек қарыз алушының өзі белгілейді және кез келген уақытта ол кредит алуға тыйым салуды өзі алып тастай алады.
2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап қарыз алушының кредиттік тарихында кредиттерден ерікті түрде бас тарту туралы ақпарат болған жағдайда, банктер мен МҚҰ-ның кредит бойынша берешекті есептен шығару міндеті бойынша заңнамалық түзету қолданылуда. Яғни, егер азамат кредит алудан ерікті түрде бас тарту белгілеген жағдайда, алайда осы кезеңнің ішінде оның атына  заңсыз кредит ресімделген болса, онда банк немесе МҚҰ қарыз бойынша берешекті есептен шығаруға міндетті болады.
3
млн. азамат
«Бірінші кредиттік бюро» АҚ-тың деректері бойынша, бүгінгі таңда
 3 млн азамат осы мүмкіндікті өздігінен пайдаланып, банктік кредиттер мен микроқарыздар ресімдеуден ерікті түрде тыйым салуға өтінім берді.
«Стоп кредит» мемлекеттік қызметі қалай жұмыс істейді?
Сіз eGov.kz немесе eGov Mobile
арқылы тыйым салу ресімдейсіз
Кредиттік бюролар сіздің
шешіміңізді дерекқорға жазады
Банктер мен микроқаржы ұйымдары
кредитті мақұлдамас бұрын тыйым салудың
бар- жоғын тексеруге міндетті
Егер сіз «Стоп кредит» қызметін орнатқан болсаңыз, онда банк немесе МҚҰ сіздің кредиттік тарихыңызға немесе кредиттік рейтингіңізге қарамастан автоматты түрде қарыз беруден бас тартады
«Стоп кредит» қызметін қалай пайдалануға болады
Қызметті смартфон арқылы пайдалану үшін сізге
1

eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Кеден және салықтар» бөліміне өту

2

Тізімнен «Экономика және қаржы» бөлімін таңдау, «Банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту» қызметін таңдау

  • қажетті жолдарды толтыру және ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қою
  • қызмет нәтижесімен Жеке кабинетте танысу қажет
Сондай-ақ, бұл қызметті компьютер арқылы қосуға болады
1

Логин мен құпиясөзді пайдалана отырып, ЭЦҚ көмегімен egov.kz сайтына өтіңіз

2

Сайттың басты бетінде «Сервистер» - «Банктік қарыздар, микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тарту (мерзімі)» - «Қызметке онлайн тапсырыс беру» бөлімін таңдаңыз

3

Барлық міндетті жолдарды толтырыңыз және ЭЦҚ арқылы өтінімге қол қойыңыз

Бұрын белгіленген шектеулерді алып тастау үшін пайдаланушы
  • «Банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту» қызметін таңдауға
  • «Жазылудан бас тартқыңыз келе ме?» деген сұраққа «Ия» деп жауап беруге және қол қоюдың қол жетімді әдістерінің бірімен өтінімге қол қоюға тиіс
Егер сіз жақын уақытта кредит алуды жоспарламасаңыз, eGov.kz арқылы қарыз беруге тыйым салу ресімдеңіз - бұл тегін қызмет және бірнеше минут уақытыңызды алады.
Кредит алудан ерікті түрде бас тарту («Стоп кредит» сервисі), егер тіпті сіздің деректеріңіз алаяқтардың қолына түскен жағдайда сізді ықтимал қаржылық проблемалардан қорғай алады.