Дроппер
деген кім?
Дроппер — бұл өз банк деректерін (карта, шот, логиндер) заңсыз операциялар жүргізу үшін беретін адам. Кейде бұл тез табыс табу мақсатында әдейі жасалса, кейде адам өзінен-өзі қылмыстық әрекетке тартылғанын түсінбейді. Қалай болғанда да, дроппер алаяқтық транзакциялар өтетін делдалға айналады.
Соңғы жылдары азаматтардың ақшаны заңсыз аудару схемаларына қатысып, қылмыстық істерге тартылу жағдайлары жиілеп кетті. Көп жағдайда бұл дропперлікпен — яғни алаяқтық жолмен алынған қаражатты жасыру үшін банк карталары мен шоттарын пайдаланумен байланысты.
Мұндай схемалар алаяқтарға қаражаттың шығу көзін жасырып, ізін жоғалтуға мүмкіндік береді. Алайда дәл дропперлер көбінесе тергеу істерінің басты күдіктілеріне айналады, себебі банк операцияларында олардың деректері көрсетіледі.
Қылмыстық
жауапкершілік
2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қазақстанда дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді (ҚР ҚК 232-1-бап).
Сондықтан мұндай әрекеттерге бір рет қатысуға келісудің өзі ауыр салдарға : қылмыстық жазаға, соттылыққа және сенімнен айырылуға әкелуі мүмкін.
3 жылға дейін бас бостандығынан айыру
Өзінің банк картасын немесе шотын беру үшін
5 жылға дейін бас бостандығынан айыру
Алаяқтардың мүддесіне ақша аударғаны немесе төлем жасағаны үшін
7 жылға дейін бас бостандығынан айыру
Қасақана өзгенің деректерін қылмыстық мақсатта пайдаланғаны үшін
Дропперлікке қалай
тартады
Ерекше осал топқа студенттер мен жастар жатады. Тәжірибенің болмауы мен «жылдам табысқа» ұмтылу оларды алаяқтардың басты нысанына айналдырады. Сондай-ақ жұмыссыздар мен егде жастағы азаматтар да қауіп аймағында.
Жалған интернет-дүкендер
Дроппер ресми түрде директор ретінде тіркеледі, ал оның шотына клиенттердің алдын ала төлемдері түседі. Компания жабылғаннан кейін қаражатты қайтару мүмкін болмайды, ал жауапкершілік «директордың» өзіне жүктеледі
Жалған курьер мен
менеджер бос орындары
Үміткерлерден «ресімдеу үшін» құжаттар мен банк карталарының скандарын сұрайды, кейін бұл деректер қылмыстық мақсатта пайдаланылады.
Өзіңді қалай қорғауға болады
  • «Жеңіл табыс» туралы ұсыныстарға күмәнмен қараңыз
  • Жұмыс берушілерді тексеріңіз: адал компаниялар ресми келісімшарт жасайды және хат алмасу барысында жеке деректерді талап етпейді.
  • Ешқашан банк карталарыңызды, кодтарыңызды, ИИН/ЖСН-іңізді, құпиясөздеріңізді және SMS-растауларды үшінші тұлғаларға бермеңіз.
  • Егер сізді алаяқтық схемаға тартуға тырысуда деген күдік болса, дереу құқық қорғау органдарына жүгініңіз.