Депозиттің қандай түрлері бар?
Депозиттер мерзімді, мерзімсіз, сондай-ақ жинақ болып бөлінеді. Алғашқы екі депозит бойынша ақшаны жиі-жиі салып тұруға немесе алып тұруға болады. Жинақ депозиті кезінде бұлай болмайды. Депозиттік салымға қатысты барлық талаптар банк шартында көрсетіледі.
Мысалы, мерзімді депозиттегі ақшаны мерзімінен бұрын шешіп алуға болады, алайда сыйақыны, яғни оған берілетін пайызды жоғалтасыз. Мұндай депозиттерді толықтыруды, яғни тағы да ақша салуды шектеусіз түрде жүзеге асыруға болады.
Мерзімсіз салымда ақшаны толықтыру және шешіп алу төмендетілмейтін қалдық, яғни депозитте қалуы тиіс ең төменгі сомаға дейін шектеусіз түрде жүзеге асады. Мұндай депозиттерде, басқа депозиттермен салыстырғанда, сыйақы мөлшерлемесі төмен. Бірақ, әдетте, инфляция деңгейінен, яғни елдегі тауарлар мен қызметтер құнының деңгейінен сәл жоғары. Бұл депозит керек болған жағдайға ақшаны біртіндеп жинауға мүмкіндік береді.
Жинақ салымын ұзақ мерзімге ашады, бұл сіздің ЖҚ – жұмсалмайтын қорыңыз. Себебі, бұл депозиттегі ақшаны салым мерзімі аяқталғанға дейін ала алмайсыз (мысалы, бір немесе үш жыл бойы). Оны тек толтыруға болады. Егер ақшаны келісілген уақыттан бұрын шешіп алсаңыз, салған сомаңыздың үстінен жиналған пайыздық кірісті – яғни, сыйақы сомасын толықтай жоғалтасыз.
Депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлеме бастапқы мөлшерлеме деңгейіне қарай құралады, ал оны Қазақстан Ұлттық Банкі бекітеді.
Сондай-ақ Қазақстан азаматтарының барлық депозиттеріне мемлекет тарапынан кепілдік берілетінін білген дұрыс. Бұл валюталық салымдарға қатысты, мерзімді/мерзімсіз салымдар бойынша ұлттық валютадағы (теңге) 10 млн теңгеге дейінгі, жинақ депазиті бойынша ұлттық валютадағы 15 млн теңгеге дейінгі және шетелдік валютадағы 5 млн теңгеге дейінгі және шетелдік валютадағы (мысалы, АҚШ доллары, еуро) салымдар. Бұл сомалардағы депозиттер мемлекет арқылы қорғалады. Егер банк қандай да бір себепке байланысты ақшаңызды қайтарып бере алмаса (банкротқа ұшырау, лицензиясынан айырылу), оларды сізге «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» (ҚДКҚ) қайтарады.
10 млн теңгеден жоғары соманы түрлі банктердің депозиттерінде рәсімдеуге болады, сонда оларға берілетін мемлекеттің кепілдігін сақтап қаласыз. Егер салымшының теңгемен және басқа валютамен салынған екі және одан да көп депозиті болса, мемлекет қажет болған жағдайда 15 миллион теңгеге дейінгі ақшасын қайтарып беруге кепілдік береді.
Бүрлі банктердегі допозит бойынша мөлшерлемелер ай сайын өзгеріп тұруы мүмкін, алайда олар шарт арқылы белгіленеді. ҚДКҚ сайтында мөлшерлеме жөніндегі соңғы ақпарат жарияланады.
● Депозитті онлайн режимде қалай рәсімдейді?
Бүгінде банктерде депозитті үйден шықпай-ақ рәсімдеуге болады. Ол үшін шотыңызды немесе картаңызды кез келген қолайлы тәсілмен: банкомат, төлем терминалы, аударым арқылы толықтырасыз. Бұдан кейін банктің мобильді қосымшасын ашып, оған тіркелесіз. «Мәзір» бөлімінен «Депозит ашу» дегенді басып, пайыз мөлшерлемесін, мерзім мен соманы таңдайсыз. Кей банктер өз сайттарында бейнеқоңырау секілді көмек түрлерін ұсынады. Кез келген қиындық туындаған жағдайда, банктің сайтта көрсетілген колл-орталығына хабарласып, оператордан көмек сұрай аласыз: сізге бәрін түсіндіріп береді.
Мобильді қосымша арқылы кез келген уақытта депозиттегі жинақ ақшаңызды тексеріп, толықтырып және шарт талабына қарай белгілі бір соманы шешіп ала аласыз.
● Білім беру депозиті: ол туралы нені білген дұрыс?
Сапалы білім мықты денсаулық және туған-туысқандарыңыздың амандығымен бірге құнды байлықтарыңыздың қатарына жатады. Білім алу, әрдайым оқуға және дамуға талпыну – өміріңізде табысқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Мемлекет қазақстандық балалар мен олардың ата-аналарына көмек ретінде «AQYL» білім беру жинақ салымын құрды. Ол ақшалай қаражатты өзіңіздің немесе балаларыңыздың білімі үшін жинауға мүмкіндік береді. Оның басты артықшылығы - 10%-ға дейінгі банк сыйақысынан бөлек, мемлекеттік сыйлықақы есептелінеді. Мемлекет сыйлықақысының мөлшері – жылына 5%, ал артықшылыққа ие адамдар үшін - 7%. Бұл салым Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры арқылы 10 млн теңгеге дейін сақтандырылған. Сондай-ақ сізге берілетін мемлекеттің сыйлықақсынан салық шегерілмейді. Депозит сонымен қатар заң жүзінде тыйым салулардан және түрлі тұлғалар тарапынан қолданылатын басқа да шектеулерден қорғалған.
Салымшы мүмкіншілігі мен отбасылық бюджетінің жүктемесін ескере отырып, депозиттің көлемін және толықтыру мерзімін өзі анықтайды. «AQYL» депозитін кассалар, интернет-банкинг, сондай-ақ картадан жинақ шотына аудару арқылы толықтыруға болады.
Егер депозит мақсаттан тыс қолданылса немесе мерзімінен бұрын бұзылса, салымшы мемлекеттік бюджетке мемлекеттік сыйлықақы түрінде есептелген соманы ғана қайтарып береді.
Толық ақпаратты ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Қаржы Орталықтың сайтынан білуге болады.
«Ата-аналарға лайфхак» айдары
- Ақшаны депозиттегі сомаңыз «дөңгелек» күйде тұратындай етіп жинаңыз, сонда мардымсыз мақсаттар үшін ақша жұмсауға көп қызықпайсыз.
- Дұрысы, ақшаны ала сала жинап қойыңыз. Жалақы алдыңыз ба - 15-20%-ын депозитке жіберіңіз.
- Қаржының біраз бөлігін, мерзімді және жинақ салымдарымен салыстырғанда пайызы төмен екеніне қарамастан, мерзімсіз салымдарға да салып қоюға болады. Мерзімсіз салымдағы ақша сіздің қауіпсіздік жастығыңызға айналады, оны кез келген уақытта пайдалана аласыз. Ең аз төмендетілмейтін қалдығы бар мерзімсіз салымды таңдаңыздар.
- Қаржыны салым сомасын бірнеше бөлікке бөліп, теңге, еуро және АҚШ доллары түрінде мультивалюталық депозиттерде ұстауға болады. Бұл көбірек мүмкіндік береді.
- Банктер жалақылы клиенттер үшін (шарт бойынша жалақыны белгілі бір банктің картасымен алатындар) тиімді ұсыныстар мен кредит бойынша төмен мөлшерлемелер қарастырған. Ол туралы менеджерлерден біле аласыздар.
«Жаңа жылдық фейктер»: мереке қарсаңындағы қарбаласта алаяқтардың қақпанына түспеу жолдары
AQYL дегеніміз не және білім беру депозитін онлайн қалай ашуға болады
Егер сізде бірнеше кредитіңіз болса: оларды мерзімінен бұрын қалай дұрыс өтеуге болады
Онлайн-сақтандыру дегеніміз не және сақтандырушылар балаларға қандай өнімдерді ұсынады?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Криптовалюта дегеніміз не және ол қайда пайдаланылады?