– Келгендерің қандай жақсы болды! – Мұрат сенбі күні ертемен өзін іздеп келген достарын осылай қарсы алды. – Маған сендерден көмек керек болып тұр.
– Сен қиындыққа тап болғаннан саумысың? – деп сұраған Әлиша шашылып жатқан бөлмені көзімен шолып өтті. Шамасы, Мұрат үйден бірдеңе іздеген сияқты.
– Сиқырлы тасбақа Қорғанның тапсырмасын дұрыс орындасаң, тосынсый жасаймын деді әжем. Сұрақтар жазылған парақша қобдишада жатқан, бірақ ол ізім-ғайым жоғалып кетті! Мен оны бір сағат бойы іздедім, еш нәтиже жоқ! – деді Мұрат шарасыз күймен.
Үш дос бірге іздеуге кірісті. Олар барлық шкафтар мен жәшіктерді, диванның астын, орындықтың артын қарады, бірақ жоғалған зат табылар емес. Салы суға кеткен Мұрат:
Ричисіз ештеңе істей алмаймыз! – деп, ауладан спаниельді шақырды. Галла сауысқан Ричидің соңынан ерді.
Бала итке қобдишаны иіскетті де:
– Ізде! – деп бұйырды.
Ричи бірден ізге түсті. Сосын тұмсығымен еденді иіскелеген күйі қонақ бөлменің түкпіріндегі бұрышқа қарай ұмтылды. Комодтың қасына тоқтаған ит қатты шәуілдей жөнелді.
Кенет қуыстан «Үй иесіне» ұқсас құбыжық шошына атып шықты! Асқан ептілікпен пердеге жармасып, одан төбеге өрмелеген ол:
- Жоқ, бермеймін, қане, алып көріңдерші! – деп шырылдап кетті.
Балалар құбыжықтың тұтқыр табанындағы қағаз ораманы көрді.
– Мынау Ақшажегіш қой! – Әлиша дәл тапты.
– Иә, ол соншалықты қорқынышты емес екен, – деп мырс етті Ерке. – Оны жеңу оп-оңай...
Ал сен алдымен маған жетіп көр! – деп бажылдаған Ақшажегіш шкафқа қарай секірді.
Шынында да, ұрлақшыға жету оңай емес екен.
– Әй, Ақшажегіш, саған сұрақтар жазылған парақтың қажеті не? – деп Мұрат ыза болды. – Саған ақша керек емес пе!..
Ақшажегіш жалт қарады:
– Бұл қағаздағы сұрақтардың дұрыс жауабын біліп алсаңдар, мен ақша ұрлай алмай қаламын!
Бағанадан бері жайбарақат отырған Галла ашулана:
– Ұр-р-ры! – деп қарқ етті де, шүйіле ұшқан күйі Ақшажегішті желкесінен тарпа бас салды.
Осы сәтті пайдаланған Мұрат оның табанындағы бір жапырақ қағазды жұлып алды. Сосын:
- Ал енді бұны не істейміз? – деді ұрыны нұсқап.
- Қашып кетпеуі үшін Галланың торына тығып қояйық, - деді Ерке.
Балалар дәл солай істеді. Содан кейін бөлмені жинастырып, Ричи мен Галланы тәттіге тойдырды – олар бұған лайық еді. Сөйтіп сиқырлы тасбақаның сұрақтары жазылған параққа зер салды.
– Ой, оп-оңай ғой! – деді Ерке шаттанып. – Біз олардың жауабын білеміз!
– Қане, тексеріп көрейік! – Бұл дүкеннен келген Мұраттың әжесі еді. Ол шай қайнатып, дастарқанға тәтті тоқаштар мен өрік-мейізін салды.
Әжей дауыстап оқыған әр сұраққа балалар жамырай жауап берді. Ерке ертерек қуаныпты. Кейбір сұрақтың дәл жауабын табу үшін Интернет қарауға тура келді – әсіресе қаржылық сауаттылыққа арналған www.fingramota.kz сайтының көп көмегі тиді.
Балалардың ынталана кіріскені сонша, тордағы Ақшажегішті мүлде ұмытып кетіпті. Ол ызалана бақырып, өзінің бар екенін еске салды:
– Сұрақтарға дұрыс жауап беруді доғарыңдар, әйтпесе мен мүлде жоқ болып кетемін!
Расымен де, Ақшажегіш бағанағыдан гөрі кәдімгідей жүдеп қалыпты.
Балалар, Ақшажегішті аяғанымыз жөн бе, қалай ойлайсыңдар?
Бұдан былай да ақшамызды ұрлай берсін бе? – деді Мұраттың әжесі.
– Жоқ! – деді балалар бір ауыздан. – Біз қаржылық сауаттылығымызды одан әрі арттыра береміз.
Сонымен, балалар викторинаның барлық сұрағына дұрыс жауап берді. Ақшажегіш қою жасыл түсті жылтыр түймеге айналды.
Ол неге мүлдем жоғалып кетпейді? – деді бұл көрініске қайран қалған Ерке.
– Өйткені сендер қаржылық сауаттылық туралы сұрақтардың бір бөлігінің ғана жауабын білесіңдер.
– Сонда біз алдағы уақытта білместікпен қаржылық қате шешім қабылдасақ, Ақшажегіш қайтадан пайда болуы мүмкін бе? – деді Мұрат қазбалай сұрап.
Әжей басын изеді.
– Енді не істеу керек? – Әлишаның көңіл-күйі түсіп кетті. – Мына Ақшажегіштен ешқашан құтыла алмаймыз ба?
– Әрине, Ақшажегішті жеңуге болады. Бірақ ол үшін қаржылық сауаттылығыңды үнемі жетілдіріп отыру керек.
– Мектебімізде мұндай пән оқытылмайтыны қандай өкінішті, – деді Ерке күрсініп. – Мен ол сабақты беске оқыр едім!
– Ал мен сендерді қаржылық сауаттылыққа арналған «Күміс теңге» онлайн-мектебіне жазып қойдым. Оған қоса қаржылық сауаттылық туралы оқулықтар сатып алдым! – деп, әжей сөмкесінен үш кітапты суырып алды. Үш достың қуаныштан жүздері бал-бұл жанды:
– Алақай, керемет тосынсый!
_________
Қаржылық сауаттылық – адамның ақылға қонымды қаржылық шешім қабылдауына және қаржылық игілікке жетуіне бағытталған білім, дағды, әдеттер жиынтығы.
_________
Даналық қобдишасы
Байлық – адамның ойлау қабілетінің нәтижесі. Ақшаның өзі жекелей алғанда – тек құрал ғана. Ақша сізді кез келген мақсатқа жеткізеді, бірақ оны басқарып тұрған сізді алмастыра алмайды. Ақша сіздің тілегіңізді қанағаттандырады, бірақ арманыңыз бен мақсатыңызды алмастыра алмайды.
Айн Рэнд,
Америкалық жазушы-философ
_________
Қаржылық сауаттылық – адамның қаржылық әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік беретін білім. Бұл үшін кіріс пен шығысты басқара білу, қаржылық шешімдерді дұрыс қабылдау, ақша табуды және оны көбейтуді білу керек. Сонымен бірге, алаяқтар мен қаржы пирамидаларының тұзағына түсіп қалмау, олардан өзіңді және жақындарыңды қалай қорғауды білу қажет.
Қаржылық сауаттылықты бала кезден үйренген жөн. Бұл істе саған үлкендер көмектеседі. Олардан кеңес сұра!
«Қаржыны сауатты жұмса!»
Оқушыларға қаржылық сауаттылық не үшін қажет?
1. Кіріс пен шығысты басқаруды үйрену.
2. Өзін және жақындарын қаржы алаяқтарынан қорғау және олардың тұзағына түсіп қалмау.
3. Балаларға арналған қаржылық қызметтер мен өнімдерді тиімді пайдалану.
4. Қаржы әлемінде өзін сенімді сезіну.
«Жаңа жылдық фейктер»: мереке қарсаңындағы қарбаласта алаяқтардың қақпанына түспеу жолдары
AQYL дегеніміз не және білім беру депозитін онлайн қалай ашуға болады
Егер сізде бірнеше кредитіңіз болса: оларды мерзімінен бұрын қалай дұрыс өтеуге болады
Онлайн-сақтандыру дегеніміз не және сақтандырушылар балаларға қандай өнімдерді ұсынады?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Криптовалюта дегеніміз не және ол қайда пайдаланылады?