1,1 млн қарыз алушыға банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша жасалған шарттардың талаптарына өзгерістер мақұлданды

time 14.01.2024
aye 2680
1,1 млн қарыз алушыға банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша жасалған шарттардың талаптарына өзгерістер мақұлданды

Ағымдағы жылғы 15 қаңтарда Алматы қ. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында азаматтардың банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша мерзімі өткен берешегін реттеу тетігі мәселелеріне арналған брифинг өтті.

«2023 жылы Агенттік азаматтардың және заңды тұлғалардың  59,4 мыңнан астам өтінішін қарады. Өтініштерді талдау қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтініштерінің көпшілігі – бұл кредиторлардың азаматтардың мерзімі өткен берешегін реттеу шараларын қабылдамауы екендігін көрсетіп отыр: банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша (тиісінше 53% және 29%)», - деп хабарлады Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев. 2023 жылдың басынан бері анықталған бұзушылықтар бойынша Агенттік қаржы ұйымдарына қатысты 224 шара қолданды және шамамен 189,9 млн теңге сомаға 159 әкімшілік жаза қолданды.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында 2021 жылғы 1 қазаннан бастап кредиттік ұйымдардың төлем жасауға қабілетсіз қарыз алушы – жеке тұлғалардың берешегін реттеудің бірыңғай заңнамалық тәртібі қолданылады.

2022 жылдан бастап Агенттік банктер мен МҚҰ-ның бірыңғай құқықтық режимді іс жүзінде қолдануы үшін жұмыс жүргізді, Қазақстанның барлық өңірлерінде апта сайынғы негізде қаржы ұйымдарымен онлайн-кездесулер ұйымдастырылды. Нәтижесінде банктер және микроқаржы ұйымдары Агенттіктің талап етуі бойынша ішкі нормативтік құжаттарды өзектендірді, олар қарыз алушының өтініші бойынша қарыздар мен микрокредиттер бойынша мерзімі өткен берешекті реттеудің міндетті тәртібін ескереді. Сонымен бірге банктер мен МҚҰ Агенттіктің тапсырмасы бойынша барлық коммуникация құралдарын  пайдалана отырып ақпараттық-түсіндірме жұмысын күшейтті, кредиттерді қайта құрылымдау тақырыбы бойынша қарыз алушыларға консультация беру үшін қосымша жедел желілер ашылды.

«Бүгінгі күні мерзімі өткен берешекті реттеу бойынша енгізілген бірыңғай және міндетті тәртіп 1,1 млн қарыз алушыға шарттардың талаптарын өзгертуге мүмкіндік берді, оның ішінде 2023 жылдың басынан бастап кредиторлар 586 мың қарыз алушының қарыздарына қайта құрылымдау жүргізді (банктердің 237 мың қарыз алушысы, МҚҰ-ның 349 мың қарыз алушысы), - деп қорытындылады Александр Терентьев.

Сотқа дейінгі реттеу тәртібі туралы толық ақпаратты осыдан табуға болады.

white-arrow Тізімге