2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанның сақтандыру секторының жай-күйі туралы

time 6.09.2021
aye 4291
2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанның сақтандыру секторының  жай-күйі туралы

01.08.2021ж. жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 27 сақтандыру ұйымы бар, оның 9 ұйымы – өмірді сақтандыру бойынша. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтері 0,5%-ға ұлғайып, 1,6 трлн теңге болды. Ұлғаюға, негізінен, сату үшін қолда бар бағалы қағаздар көлемінің өсуі себепші болды.

Активтер құрылымында ең көп үлеске – бағалы қағаздардың 70,6% 1,1 трлн теңге тиесілі, олар 2021 жылғы шілдеде  21 млрд теңгеге немесе 1,8%-ға ұлғайды. Екінші деңгейдегі банктерге орналастырылған ақша қаражаты және салымдар 2021 жылғы шілдеде  2,6 млрд теңгеге немесе 1,4%-ға азайып, 192 млрд теңге немесе жиынтық активтердің 11,4%-ы болды.

Сақтандыру дебиторлық берешегі 2021 жылғы шілдеде 206 млн теңгеге немесе 0,3%-ға ұлғайып, 71 млрд теңге немесе жиынтық активтердің 4,2%-ы болды. Бұл ретте міндеттемелер 4,9 млрд теңгеге немесе 0,5%-ға ұлғайып, 975 млрд теңге болды. Міндеттемелердің ұлғаюы, негізінен  сақтандыру резервтерінің ұлғаюы есебінен болды, олар ең көп үлеске ие болды - 85,3% немесе 832 млрд теңге.

Сақтандыру ұйымдарының меншікті капиталы 2021 жылғы шілдеде 3,6 млрд теңгеге немесе 0,5%-ға ұлғайып, 707 млрд теңге болды.

Сақтандыру секторының таза пайдасы, негізінен сақтандыру қызметінен алынған кірістер есебінен 2021 жылғы шілдеде 3,3 млрд теңге болды.

Сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 428 млрд теңге болды, бұл өткен жылғы осындай кезеңге қарағанда 42,8%-ға көп. Соңғы 12 айда қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 32%-ға ұлғайды.

Оның ішінде міндетті сақтандыру бойынша өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда сақтандыру сыйлықақыларын жинаудың 13,3 млрд теңгеге немесе 22,8%-ға ұлғаюы, негізінен  көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша (9,4 млрд теңгеге немесе 25,8%-ға ұлғаюы) байқалады. Міндетті сақтандыру бойынша  сақтандыру сыйлықақыларының жалпы өсуі 12 айда 15,7% болды.

Ерікті жеке сақтандыру бойынша өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда жиналған сақтандыру сыйлықақыларының  75 млрд тенгеге немесе 73,7%-ға өсуі байқалады. Өсім, негізінен,  өмірді сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру сыйлықақыларын жинаудың 2,2 есе немесе 47,3 млрд теңгеге және зейнетақы  аннуитеті шарттары бойынша 70%-ға немесе 17 млрд теңгеге ұлғаюына себепші болды. Соңғы 12 айда ерікті жеке сақтандыру бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының 51%-ға өсуі байқалады.

Жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны жылдың басынан бастап  6 437 801 болды, бұл 2020 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 35%-ға көп. Бұл өсуге КҚИ АҚЖМС бойынша жасалынған сақтандыру шарттары санының 462 967 бірлікке немесе 17,3%-ға, туристі сақтандыру шарттарының 228 350 бірлікке немесе 4,5 есе, өмірді сақтандыру шарттарының 438 295 бірлікке немесе 55,6%-ға және жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарының  91,9%-ға немесе 407 612 шартқа ұлғаюы себепші болды.

01.08.2021ж. жағдай бойынша жалпы сомасы 69,1 млрд теңгеге 408 173 төлем жүзеге асырылды, бұл өткен жылғы осындай кезеңге қарағанда 29,2%-ға аз. Соңғы 12 айда төлемдерді жүзеге асыру бойынша шығыстар 47,4%-ға азайды.

Неғұрлым толық ақпаратты Агенттіктің:  https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/207220?lang=ru сайтынан алуға болады

white-arrow Тізімге