Қаржы әліппесі: қаржылық сауаттылық жөніндегі балаларға арналған ең жақсы кітаптар мен мультфильмдер

time 20.08.2021
aye 8628
Қаржы әліппесі: қаржылық сауаттылық жөніндегі балаларға арналған ең жақсы кітаптар мен мультфильмдер

Қазіргі заманның ата-аналары өз балаларын қаржылық сауаттылыққа үйрету жолдары жөнінде жиі ойланады. Олардың көпшілігі оны неғұрлым ерте бастау қажет екендігін түсінеді.  Қаржылық жоспарлау, өзінің кірістері мен шығыстарын талдай алу дағдылары, қаржы операцияларын онлайн жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау – осының барлығы жас қазақстандықтардың ересек өмірінде қажет болатын дағдылар.  

Қаржы тақырыбына жеңіл және түсінікті тілде жазылған арнайы әдебиет, анимациялық фильмдер сіздің балаңызды қаржылық сауаттылықтың негіздеріне үйретеді.

Оларды іздеуге уақытыңызды жұмсамаңыз - Fingramota.kz пайдалы кітаптар мен мультфильмдердің өз чарт-парағын жасады.

Баланы ақша әлемімен қазір таныстыра келе, сіз оның болашақта өзінің қаржылық әл-ауқатына деген қызығушылығын тудырасыз. Оны сізден басқа және сізден тиімді ешкім жасай алмайды. Қаржылық сауаттылықты ұдайы арттырып отырыңыз, балаңызбен әңгімелесіңіз, барлығын жеке басыңыздан өткен мысалмен көрсетіңіз. Fingramota.kz баланың басты назарын неге аудару қажеттілігіне ата-аналарға арналған бірнеше ұсыныстар береді.

Толығырақ мына бөлімнен оқыңыздар

white-arrow Тізімге