Таяу уақытта елімізде мектеп қоңырауы соғылып, көптен күткен жаз мезгілі келеді, бұл кезде балалардың бос уақыты көбейіп, уайымдары азаяды.
Fingramota.kz интернеттегі түрлі тұзақтар мен алаяқтық схемалардан аулақ болу үшін ата-аналарға каникул кезінде балаларға ерекше назар аударуды ұсынады.
Зиянды коды бар ойын қосымшалары
Қазіргі заманғы балаларға қатысты қаржылық алаяқтықтың көпшілігі әдетте мобильдік және компьютер ойындарын сатып алу кезінде орын алады. Көптеген онлайн-ойындарда пайдаланушыларға керек-жарақ, ең жоғары деңгейге дейін «сатып алу» үшін ойын бонустарын сатып алу, қандай да бір жаңа локацияларды оқшаулау ұсынылады.
Қандай да бір ойынға керекті затты жеңілдікпен сатып алу не жарнамасы жоқ ойынды төмен бағамен алу бас тарта қоймайтын ұсыныс. Алайда мұндай сатып алғанның бәрі бірдей зиянсыз емес.
Алаяқтар осылайша зиянды қосымшаларды таратуы мүмкін. Белгісіз сату көзінен «жеңілдікпен» ойын алғанша, гаджетке вирусы бар бағдарламаны кіргізіп жіберуге болады. Егер бала қосымшаларды ата-анасының банктің мобильдік қосымшасы бар телефонына жүктейтін болса, ол бағдарлама банктік карталар мен шоттар туралы дербес деректер мен мәліметтерді жинап алады.
Нәтижесінде осындай конфиденциалды ақпаратқа ие болған алаяқтар шотыңызды еш қиындықсыз «тазартады». Егер телефоныңыз банк карточкасына, әсіресе жалақы картаңызға байланыстырылған немесе басқа маңызды ақпарат сақталған болса, балаларыңызға ол телефонды ойнауға бермегеніңіз дұрыс. Сонымен бірге телефондардан сатып алуға шектеу қойып, кішкентай бала байқамай ресімдеп жіберуі мүмкін ақылы жазылымдарды үнемі тексеріп отырыңыз.
Ата-анасы өз «пластигін» ресімдеп берген және өздерінің гаджеті бар ересек балаларға күмәнді қосымшаларды жүктеудің қандай салдары боларын түсіндіріп беру қажет. Егер сіз балаңызбен бірге онлайн-сатып алғыңыз келсе, онда мұндай мақсаттарда жұмсағыңыз келген сома ғана аударылған виртуалды карточканы пайдаланған жөн.
Кеңес: Барлық онлайн-сатып алуларды жалақыға байланысты емес жеке төлем картасының (виртуалды карта) көмегімен және тек тексерілген сайттарда жасаған дұрыс, сондай-ақ ресми дүкендерден қосымшаларды жүктеу қажет.
Ақпарат «жинағыш»
Геодеректер мен өзге де дербес мәліметтерді жинақтап, сол арқылы сіздің әрекеттеріңізді қадағалап отыратын Смарт-қосымшалар бар. Балалар қаннен-қаперсіз осындай қосымшаларды өздерінің немесе ата-анасының телефонына жүктеп алуы мүмкін.
Мұндай конфиденциалды ақпарат «жинағыштар» қайда тұрып, қайда жұмыс істейтініңізді, балаңыздың қайда оқитынын, уақытыңыздың көп бөлігін қайда өткізетініңізді, қалай демалатыныңызды, онлайн-сатып алуды қай жерде жүргізетініңізді және т.б. оп-оңай білуге мүмкіндік береді.
Осылайша, алаяқтар сіздің барлық қызығушылықтарыңызды және балаларыңыздың ермегін оп-оңай біліп алады. Ал кейбір қосымшалар пошта сервистеріне, әлеуметтік желілерге кибералаяқтардың кіруіне мүмкіндік береді, бұл өте қауіпті. Сондықтан да гаджетіңізге түрлі қосымшаны орнатпас бұрын сақ болыңыз.
Айтпақшы, қосымшаның орналасқан жеріңізді бақылайтынын білу сонша қиындық туғызбайды. Оны телефоныңыздың теңшеуінен тексеруге болады. IOS-та «Теңшеулер» бөліміне кіріңіз, одан ««Конфиденциалдылық және қауіпсіздік», одан әрі «Геолокация қызметтері». Android-та «Теңшеулерді» ашып, «Орналасқан жер», одан әрі «Қосымшалардың геодеректерге қол жеткізуін» табыңыз. Барлық қосымшалар үшін геолокация қызметін ажыратып тастаңыз, ал күмәнділерін мүлдем алып тастаңыз.
Кеңес: Өз гаджетіңізге және балаңыздың гаджетіне вирусқа қарсы бағдарламалар орнатып, оларды үнемі жаңартып отырыңыз. Қосымшалар мен бағдарламаларды орнатпас бұрын оларда вирус бар-жоғын міндетті түрде тексеріңіз. Суреттерде, қосымшаларда және әлеуметтік желілерде посттар жариялау кезінде орналасқан жеріңіз туралы мәліметтерді ажыратып тастаңыз.
Балаңызбен диалог құрыңыз, онымен виртуалды достары туралы шынайы өмірдегі достары жайлы сөйлескен сияқты сөйлесіңіз. Оған интернетте жарияланғанның бәрі жалпыға қолжетімді және бүкіләлемдік ғаламторда сақталатынын, кез келген адам осы деректерді пайдалана алатынын айтыңыз. Балаңызға неліктен бейтаныс адамдарға, әсіресе интернетте сенуге болмайтынын және қандай деректерді ашуға болмайтынын түсіндіріңіз.
Толығырақ "Абайлаңыз, алаяқтар" бөлімінен оқыңыздар
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма
Жинақтауға арналған сақтандыру – оны қалай пайдалануға болады
Zakon.kz порталы Интернет және қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша конференцияны ұйымдастырды...
Қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі сараптамалық кеңес құрылды
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт