Қадағалап стресс тестілеу ағымдағы жылғы қазанда басталып, 2022 жылғы наурызда аяқталады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының кеңесшісі Тимур Әбілқасымов айтып берді.
Оның айтуынша, пилоттық режимде екінші деңгейдегі 4 банк қатысады, кейіннен 2022 жылы қаржы институттарының тізімі өседі. Еуропа орталық банкінің әдіснамасы банктерді тестілеуге негіз ретінде таңдалды.
«Агенттік әдіснамадағы үлгілер мен жорамалдарды Қазақстанның банк секторына бейімдейді. Бұған бізге Oliver Wyman консультанттары көмектеседі, біз ХВҚ-мен, ЕОБ-мен және стресс-тестілеуді жүргізуде тәжірибесі бар басқа елдердің реттеушілерімен ынтымақтастық орнаттық»,- деп хабарлады Кеңесші өз сұхбатында.
Стресс-тестілеу банктің дағдарыс болмаған кездегі немесе күйзеліс жағдайы туындаған кездегі әрекетін айқындау үшін екі: базалық және стрестік сценариймен жүргізіледі.
«Мысалы, қазір әлемде коронавирус пандемиясынан және вирустың жаңа штамдарының пайда болуынан туындаған белгісіздік әлі де сақталып отыр. Эпидемиологиялық ахуал нашарлаған және ол ұзаққа созылған жағдайда пандемияның қаржы секторына әсерін түсінуіміз қажет. Сонымен бірге ағымдағы жылы Қазақстанда қатты құрғақшылық болды, ол өнімділіктің азаюына және малдың қырылуына әкеп соғуда. Осы және басқа да әлеуетті тәуекелдер болжамды қолайсыз ахуалды стрестік сценариймен әзірлеу кезінде ескерілетін болады. Стрестік сценарий банктердің орнықтылығын бағалау үшін ғана пайдаланылады және қаржы жүйесі үшін айтарлықтай ықтимал жағымсыз күйзелістердің болжамы болып табылмайды»,- деп түсіндірді Т. Әбілқасымов.
Стресс-тестілеуден өтпеген жағдайда, қаржы институттарын не күтіп тұр деген сұраққа спикер банктердің ішкі тәуекелдерді басқару жүйелерін дамытуға көп көңіл бөлу қажет екендігін айтты.
«Е гер банк қандай да бір тәуекелдер санаттары немесе портфельдер ҚСТ-ге айтарлықтай жағымсыз әсер ететінін түсінсе, бизнес шешімдер қабылдау кезінде ол оны ескеретін болады. Оның үстіне болашақта орнықтылығы төмен банктер үстеме капиталдандырылуға, сондай-ақ өзге шектеулері болуға тиіс. Сондықтан да стресс-тесттен жақсы өту үшін банктер орнықтылығын арттыруға тиіс. Өз кезегінде, қаржы реттеушісінің банктерге қойылатын пруденциялық талаптарды қажет болған жағдайда өзгерту үшін терең талдауы болады»,- деп қорытындылады спикер.
Банк секторына деген сенімді арттыру және процестің ашықтығын ұлғайту үшін қадағалап стресс-тестілеудің нәтижелері қаржы реттеушісінің сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.
Дереккөз: ҚНРДА сайты
Фишингтік сайттарды қалайша тануға болады: негізгі проблемалары және пайдалы ұсынымдар
Жылдам, ыңғайлы және пайдалы: неліктен автокөлік иелері Еурохаттамаға назар аударуы керек
Жаңадан бастағандарға арналған инвестициялық қосымша қалай жұмыс істейді?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма