2024 жылдың басынан бастап Қазақстанда танымал WhatsApp мессенджерін қоса алғанда, әлеуметтік желілер арқылы алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті. Алаяқтардың қандай сценарийлерді қолданатындарын Fingramota.kz-пен бірге қарастырып көрелік.
Алаяқтықтың тағы бір түрі - азаматтарға телефон соғу
2024 жылдың басынан бастап қазақстандықтардың TikTok әлеуметтік желісінде қателесіп жіберілген ақша аударымдары жөнінде жазған өтініштері жиілеп кетті. Бұл жердегі алаяқтықтың схемасы мынадай: алаяқтар онлайн-банкингтің көмегімен азаматтардың шоттарына белгілі бір ақша аударымдарын жібереді. Бұдан кейін ықтимал құрбанның мобильдік нөміріне ақшаны басқа адамға «қателесіп» жіберген адамнан қоңырау түседі. Алаяқтар түрлі аңыз оқиғаларды айтып, мәселен, бұл ақшаны «бала емдеуге арналған соңғы ақша еді, аударымның клиниканың, дәріхананың және т.б. шотына түсуі қажет еді» деген уәждер келтіреді. Енді олар кері аударым жасауды, бірақ ақшаны басқа нөмірге жіберуді сұрайды. Олардың атаған нөмірі сіздің нөміріңізге ұқсас болуы мүмкін, тек бір-екі саны басқа болуы ықтимал. Егер сіз ақшаны аударатын болсаңыз, онда сіз де алаяқтық схемаға қатысушы болып шығасыз, себебі сіздің шотыңыз транзит шот ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Үнемі өз шотыңыз бойынша үзінді-көшірмені қарап, зерттеп отырыңыз, ол сізге кімнен және қашан ақша түскенін түсіну үшін қажет. Егер сіз ақша аударымы қате екендігіне 100% көз жеткізсеңіз, онда банкке соманы қайтару жөнінде жазбаша өтініш жазыңыз және қаржы институты ҚР заңнамасы бойынша төлемдерді қайтару рәсіміне сәйкес кері аударым жүргізеді.
SMS – хабарламалар арқылы алаяқтық
Қазпоштадан келетін SMS – хабарламалардың көмегі арқылы карточкадан ақшаны шешіп алу кеңінен таралуда. Оның сценарийі бесенеден белгілі: қаскүнемдер болашақ құрбанына хабарлама жібереді, онда сәлемдемені мекенжай көрсетілмегендіктен жеткізу мүмкін емес деп жазады. Хабарламаның мәтінінде мекенжайды енгізіп, сілтеме бойынша өтіп, жеткізуге қайта өтінім жасауды сұрайды. Бұдан кейін алаяқтар Қазпоштаның ресми сайтының интерфейсімен (тауарды немесе жеткізуге ақы төлеуге арналған) бірдей қоса берілген сілтемеге өтуді сұрайды. Егер сіз ол сілтемеге өтсеңіз, онда интернет-алаяқтар бірнеше секундтардың ішінде сіздің шотыңызды тазалап шығуы мүмкін.
Фишинг – қаржылық алаяқтықтың бір түрі, мұнда қаскүнемдер клон, мәселен, қаржы институттарының танымал сайттарының клонын ойлап табады және қолда бар пошталық мекенжайлардың базасы арқылы фишингтік сілтемелерді таратады.
Егер сіз шынымен де сәлемдеме күтсеңіз, онда оның мәртебесін сайттан немесе post.kz мобильді қосымшасынан тексеріңіз, сондай-ақ ақпаратты 1499 қысқа нөмірі бойынша нақтылауға болады.
Кеңінен таралған алаяқтықтың тағы бір тәсілі – WhatsApp-тағы аккаунтты қолдана отырып, барлық қолда бар байланыс телефондарына жалған шоттар көрсете отырып, түрлі сылтаумен ақша жөнелту өтінішімен мәтін таратады. WhatsApp арқылы жалған кірулер және мессенджер пайдаланушысы үшін оның салдары туралы біз бұрын жарияланған материалдарда айтқан болатынбыз.
Fingramota.kz пайдаланушыларға сіздің WhatsApp-аккаунтқа қатар кірудің болуын «Теңшеу» қосымшасынан және «Қоса жүрген құрылғылар» қосымша бетіне өте отырып, тексеруге болатындығын қайтара еске салады. Егер осы қосымша бетте белгісіз құрылға көрінсе, оны сіз қоспаған болсаңыз, дереу осы сессиядан шығыңыз.
Толығырақ "Абайлаңыз, алаяқтар" бөлімінен оқыңыздар
Фишингтік сайттарды қалайша тануға болады: негізгі проблемалары және пайдалы ұсынымдар
Жылдам, ыңғайлы және пайдалы: неліктен автокөлік иелері Еурохаттамаға назар аударуы керек
Жаңадан бастағандарға арналған инвестициялық қосымша қалай жұмыс істейді?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма