Қымбатты достар !
Сіздерді Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Журналистика ұғымы жай ғана мамандық ұғымынан әлдеқайда жоғары. БАҚ өкілдері ретінде Сіздерге аса жауапты миссия жүктелген – елімізде және әлемде болып жатқан барлық оқиғаларды барынша әділ, бейтарап және жедел түрде жариялау. Сіздер өз аудиторияларыңызға көптеген тәуелсіз пікірлер мен сараптамалық бағаларды ұсына отырып, қоғамдық пікірді, қоғамның өмірлік құндылықтары мен адамгершілік бағдарларын қалыптастырасыздар.
Өздеріңіз жария ететін жарқын әрі жағымды ақпараттық оқиғалар, алғыс білдіретін оқырмандар мен көрермендер, алуан түрлі шығармашылық жобалар көп болсын! Сіздерге әрдайым сарқылмас шабыт тілейміз! Журналистік пайымдарыңыз игі істерге қызмет етсін. Отбасыларыңызда береке-бірлік, махаббат пен үйлесімділік орнасын!
Біз Сіздерді жақсы көреміз, сыйлап, бағалаймыз және жемісті ынтымақтастық үшін, қаржылық сауаттылық мәселелерін объективті және жедел жария еткендеріңіз үшін алғыс айтамыз!
Құрметпен, Fingramota.kz командасы
Жалған брокерлер: оларды қалай танып, білуге болады
Балаларға арналған цифрлық қауіпсіздік бойынша онлайн-сабақтарды іске қосты
Қате ақша аударымы, не істеу керек: қадамдық нұсқаулық
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Кредит бойынша төлем мерзімі өткен жағдайда не істеу керек