Бөліп төлеу кредит деп санала ма? Олардың арасында қандай айырмашылықтар бар және ерекшеліктері қандай? Ол жөнінде Fingramota.kz толығырақ айтып береді.
Бөліп төлеу бір қарағанда ыңғайлы құрал сияқты болып көрінеді: сатып алушы тауарға немесе көрсетілетін қызмет үшін артық төлемсіз бөліктермен төлей отырып, қалаған затын бірден алады.
Бөліп төлеу талаптары сатушы мен сатып алушының арасындағы шартта ұсынылады, онда төлемдердің мерзімі, мөлшері және кестесі көрсетіледі. Сатып алушы тауардың барлық құнын төлеп болғаннан кейін ғана оны меншігіне алады. Ол мерзімін өткізіп алғаны үшін пайыздар мен айыппұлдар төлемейді. Сатып алушы мен сатушының арасында делдал - банк болатын бөліп төлеу түрі бар.
Бөліп төлеудің кредиттен басты айырмашылығы бөліп төлеуді қолма-қол ақшамен алмайды, оны нақты бір зат (тұрмыстық техника, киім-кешек, телефон және т.б.) сатып алу үшін береді. Ал егер де сіз мысалға, банктен кредитті қолма-қол ақшамен алған болсаңыз, онда алған қаражатты бірден жұмсауға міндетті емессіз.
Бұл жерде бөліп төлеу ресімдеу үшін талаптардың әртүрлі болатынын ескеріңіз. Мәселен, банк талап ететін құжаттардың тізімі стандартты болып келеді – байланыс деректері, электрондық мекенжай, ЖСН. Ал дүкен, егер ол әріптес-банкпен кредиттік шарт ресімдемеген болса, қосымша деректер ұсынуды талап етуі мүмкін, ол тұрғылықты жері бойынша тіркелуді растау, кепілгерлік шарты және т.б.
Неліктен бөліп төлеу сатушылар үшін тиімді?
Бөліп төлеу мен тұтынушылық кредиттердің арқасында адамдар әлдеқайда көп сауда жасайды, нәтижесінде сатушылардың пайдасы арта түседі, яғни осылайша тауар көп сатылады. Әсіресе бөліп төлеу арқылы тұтынушылық тауарлар: тұрмыстық техника, құрылыс материалдары, киім, аяқ киім, кейде үлкен сомаға азық-түлік те жақсы сатылады. Мұнда «қазір тауар, ақша кейін» психологиясы сәтті жұмыс істеуде.
Кейбір жағдайларда дүкендер бөліп төлеуді ресімдеген кезде соманың 20-50% мөлшерінде бастапқы жарнаны, ал қалғанын белгілі бір мерзім ішінде, 2-3 айдан бір жылға дейін төлеуді талап етеді.
Әдетте ай сайынғы төлемдер соншалықты көп болмайды, сондықтан сатып алушының қалтасына қатты салмақ түспейді. Ал адам бірнеше бөліп төлеу ресімдеп, өзіне шамадан тыс жүктеме алса, онда ол басқа әңгіме. Жоспарсыз, кенеттен жасалған сатып алулар тұтынушыны ұзақ уақыт бойы кредиттік кіріптарлыққа әкелуі мүмкін.
Бөліп төлеудің «артықшылықтары»:
- қолыңызда қажетті сома болмаса да қымбат тауар сатып алу мүмкіндігі;
- бөліп төлеу кезеңінде сатып алынатын тауарды «осы жерде және қазір» пайдалануға болады;
- бөліп төлеуде кредиттік пайыздар болмайды;
- рәсімдеу ыңғайлылығы – сатып алушыға құжаттар жинап, банкке хабарласудың қажеті жоқ. Бүгін барлық қажетті құжаттарды бірден дүкенде, оның ішінде онлайн ресімдеуге болады.
Толығырақ «Кредиттер» бөлімінен оқыңыз
Балаларға арналған қаржылық сауаттылық жөніндегі арнайы жобаны іске қосу туралы
Бағалы қағаздарға инвестициялардың артықшылықтары және тәуекелдер
Сақтандыру не үшін қажет және сақтандыруда қандай тәуекелдер болуы мүмкін?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Міндетті автосақтандыру: 2024 жылы ең жоғары төлем мөлшері қандай