Борыштық жүктеме коэффициенті: бұл не

time 11.08.2021
aye 12193
Борыштық  жүктеме коэффициенті: бұл не

Егер ай сайын кредитті өтеуге сіз дің жалақыңыздың жартысынан көбі кететін болса, с ізге кредит берілмейді. Бұл жағдайда қарыз жүктемесінің коэффициенті сіз үшін жоғары болып саналады. Бұл көрсеткіш тің қалай есептеле тіні жөнінде с ізге Fingramota.kz айтып береді.

Борыштық жүктеме коэффициенті (БЖК) – бұл қарыз алушының барлық өтелмеген кредиттері мен қарыздары бойынша төлемдердің оның ай сайынғы кірістеріне арақатынасы. Банктерде және микроқаржы ұйымдарында кредит ресімдейтін азаматтар үшін ол 50% - ды құрайды. Яғни, ай сайынғы төлем қарыз алушының ресми табысының жартысынан аспауға тиіс. Бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, азаматтардың кредит алу мүмкіндігі соғұрлым төмен болады және шамалы қаржылық қиындықтар туындаған жағдайда олар қарыз құрсауынан шыға алмаулары мүмкін.

Қарыз алушының БЖК барлық өтелмеген микрокредиттер, банктік қарыздар бойынша кешіктірілген сомалар мен қарыз алушының жаңа берешегі бойынша орташа ай сайынғы төлем сомасын қоса алғанда,  қарыз алушының барлық өтелмеген микрокредиттері, банктік қарыздары бойынша  ай сайынғы төлем сомасының қарыз алушының соңғы алты айдағы орташа кірісіне қатынасы ретінде есептеледі.

Кредиторлар қарыз алушының төлем қабілеттілігін және БЖК-ны екі кезеңмен есептейді.

Бірінші кезеңде - банктер немесе микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) қарыз алушының кредитті өтеуге қабілеттілігін және оны төлеу кезеңінде қалған ақшасының өз мұқтажы мен отбасының мұқтажын қанағаттандыру үшін қаншалықты жеткілікті болатынын бағалайды. Кредит бойынша ай сайынғы төлемнен кейін қалатын ақша бір ересек адамға ең төменгі күнкөріс сомасынан аз емес және әрбір кәмелетке толмаған адамға ең төменгі күнкөріс деңгейінің жартысы мөлшерінде болуы тиіс. Мәлімет үшін - 2021 жылда Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 302 теңгені құрады.

Екінші кезеңде банктер мен МҚҰ қарыз алушының несие тарихын және қолданыстағы басқа кредиттердің болуын тексереді. Кредиторлар БЖК-ны тексереді және қарыз бен ай сайынғы төлемнің ең жоғары мүмкін сомасын анықтайды. Қарыз алушыда қолданыстағы кредиттердің болуы кепілсіз жаңа тұтыну кредитін беру туралы оң шешім алуға әсер етуі мүмкін.

Кредитті мақұлдау үшін барлық кезеңдерден өту мақсатында сізге өзіңіздің барлық міндеттемелеріңіз бойынша кірістеріңіз бен шығыстарыңызды алдын ала тұрақтандыру қажет: керек емес кредит карталарын жабу, лимитті азайту,  ұсақ қарыздарды өтеу және т.с.с.

Толығырақ «Кредиттер» бөлімінен оқыңыздар 

white-arrow Тізімге