Цифрлық алаяқтық дегеніміз не және одан қалай сақтануға болады?

time 27.12.2024
aye 1250
Цифрлық алаяқтық дегеніміз не және одан қалай сақтануға болады?

Жастарға арналған ғылыми-танымдық «OYLA» журналының желтоқсан айындағы қаржылық сауаттылыққа арналған арнайы шығарылымында біз цифрлық алаяқтықтан қалай қорғануға болатынын және цифрлық гигиенаны сақтаудың маңыздылығын түсіндіреміз.

Танымдық ақпарат, глоссарий, түрлі-түсті иллюстрациялар мен коллаждар – мұның барлығы жас оқырмандарға интернеттегі қауіпсіздіктің негізгі ережелерін меңгеруге көмектеседі.

Цифрлық алаяқтықтың ең кең таралған схемаларын қарастырайық.

Схема №1. Мессенджерлер арқылы хабарлама жіберу. Алаяқтар WhatsApp, Telegram немесе әлеуметтік желілерде сіздің атыңызға сыйлық ұтқандығыңыз немесе сәлемдеме келгені туралы хабарлама жібереді. Олар көрсеткен нөмірге қайта қоңырау шалуды немесе құпия деректеріңізді (мысалы, SMS немесе push-хабарлама коды) беруді сұрауы мүмкін.

Не істеу керек? Бейтаныс адамдар жіберген сілтемелерге өтпеңіз. Телефонға немесе электрондық поштаға келген күмәнді хабарламаларға жауап бермеңіз. Өздерін кім ретінде танытса да, бөгде адамдардың нұсқауларын орындамаңыз.

Схема №2. «Жақын адамдардан» келген қоңыраулар мен хабарламаларАлаяқтар кез-келген телефон нөмірін – тек банктер мен басқа ұйымдарды ғана емес, сіздің жақындарыңыздың да нөмірлерін жалған жасай алады. Олар қоңырау шалып немесе хабарлама жіберіп, қиын жағдайға тап болғандарын айтып, көмек сұрайды – мысалы, шұғыл түрде ақша аударуды өтінеді.

Не істеу керек? Сізге қоңырау шалынған нөмірге қайта қоңырау шалмаңыз және жауап ретінде SMS жібермеңіз, абонентке өзіңіз қоңырау шалыңыз. Бұл шынымен жақыныңыздың өтініші екеніне көз жеткізбейінше, ақша жібермеңіз. Бұл жағдайды ата-анаңызға немесе басқа ересектерге міндетті түрде хабарлаңыз – олар полицияға арыздануы керек.

Схема №3. Интернеттегі сілтемелер мен баннерлер: «Басыңызжәне сыйлық алыңыз» және т.бМұндай сілтемеге өткенде сіз пайдаланатын құрылғыны алаяқтар бұзып, оған орнатылған қосымшаларға, жеке деректеріңізге, құпия сөздеріңізге және ата-анаңыздың байланыстырылған банк карталарына қол жеткізе алады. Сол сияқты, лицензияланбаған бағдарламаларды, қосымшаларды, ойындарды және белгісіз компаниялардың қызметтерін орнатқанда да қауіп бар.

Не істеу керекИнтернетке қосылатын телефондарға, ноутбуктерге және басқа құрылғыларға антивирус орнатыңыз. Ата-анаңыздан сенімді әрі тексерілген антивирустық бағдарламаларын пайдалануды сұраңыз. Олар туралы пікірлер мен рейтингтермен мұқият танысыңыз.

Интернетте әрдайым сақ болыңыз: күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, күдікті сайттарға кірмеңіз, түсініксіз баннерлерді баспаңыз. Есіңізде болсын: тегін ірімшік тек тұзақта ғана болады!

Айта кетейік, «OYLA» журналының балаларға арналған арнайы беттері мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады. Бұл материалдар Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Fingramota.kz қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы аясында әзірленген.

Толығырақ «Балаларға арналған қосымшалар» бөлімінен оқыңыз.



white-arrow Тізімге