Эксклюзивті VS Жалған

time 1.02.2022
aye 5538
Эксклюзивті VS Жалған

IT технологияларды қолдану аясының кеңеюімен қатар халықтың ақшасын рұқсатсыз алу үшін алаяқтық схемалар да жетіліп келеді. Бұл ретте  психологиялық әдістер, адамдарға жиі қайталаудан және шешім қабылдауға уақытты шектеуден бастап қорқытуға дейінгі айла-шарғы қолданады.

Төмен бағамен тиімді ұсыныс

Соңғы уақытта ТМД елдерінде тарала бастаған алаяқтықтың түрі - бұл барлық қаражатты «тып-типыл» етіп алып алу немесе банктік шотта ақша қалдырмау әдісі.

Бұл қалай болады? Көптеген маркетологтар алдын орап алатын жарнаманы немесе «ретаргетингті» дұрыс атауды қолданады. Мұндай жарнама пайдаланушылар үшін алдыңғы іздеулер негізінде пайда болады. Мысалы, егер сіз жақында туристік жолдамаларды іздеген болсаңыз, онда осы мәліметтерге сәйкес іздеу жүйесі «алдын орап алатын жарнаманы» ұсынады, яғни сіз әлеуметтік желілерге немесе басқа сайттарға кірген кезде туристік бағыттардағы ұқсас жарнаманы кездестіретін боласыз.

Мұны қаскөйлер жарнаманы эксклюзивті және шектеулі ұсыныстармен орналастыру арқылы қолданады. Алаяқтар онлайн сервистер сияқтанған фишинг сайтты, мысалы, туржолдамаларды немесе билеттерді сату бойынша сайтты пайдаланады. Бұл схемада жаңа нәрсе – бұл  банк картасының деректемелерін енгізгеннен кейін билеттің орнына сіз алаяқтық сайтқа жазылым сатып аласыз. Содан кейін қаскөйлер шоттан ақшаны бірнеше секундтық үзіліспен аз мөлшерде, «шотты толығымен тазарту» дейін шығара бастайды.

Ірі жүлделердің ұтыс ойыны

Ірі сауда орталықтарының, дүкендердің жанында, жанармай құю станцияларының жанында компания өкілдері отбасылық жолдамалар немесе ірі жүлделер ұтысына қатысу үшін пікіртерімге қатысуды ұсынады.

Бір аптадан кейін осы компанияның өкілдері сізбен хабарласады және сауалнама нәтижелері бойынша сіз әлеуетті жеңімпаздардың қатарына кіргеніңізді қуана хабарлайды. Финалдық ұтыс ойыны үшін Сіз аталған мекенжайға жұбайыңызбен/зайыбыңызбен баруыңыз керек, Сіз бас жүлдені жеңіп алмасаңыз да, қатысушы ретінде Сіз міндетті түрде ынталандыру сыйлығын аласыз.

Бұдан әрі, компания ұсынылатын қызметтердің тұсаукесерін өткізеді және ұтыстың қорытындысын шығарады. Ұйымдастырушылар іс-шараға қатысушылардың әрқайсысын конкурс ЖЕҢІМПАЗЫ деп атайды.  Ұйымдастырушылар нұсқама өткізіп, жолдаманың жалпы құнының 20%-ын ғана енгізу қажеттілігі туралы хабарлайды. Айта кету керек, олардың айтуынша, бұдан кейін сіз бір жылдың ішінде өз жүлдеңізді пайдаланып, компания ұсынған тізімдегі кез келген мемлекетке бара аласыз. Осы соманы енгізгеннен кейін сізге сертификат береді, алайда сіз оны пайдаланғыңыз келген сәтте бұл компания өз қызметін тоқтатқан болып шығады. 

Жеңіл әрі қолжетімді түрде инвестиция жасаңыз

Көптеген адамдар инвестиция жасауды бастағысы келеді, бірақ неден бастарын білмейді. Ең бастысы, алаяқтарды шынайы кәсіби брокерлерден ажыратуды үйрену қажет.

Қаскөйлер бастаушы инвесторларға жиі қолжетімді қызмет көрсету мен аса жоғары табысты ұсынады. Олар онлайн инвестиция жасап, жылдам табысқа жетуді уәде ететін жалған брокерлік сайттар құрастырады. Бұл үшін сізге бар болғаны сайтқа тіркелу қажет. Тіркелгеннен кейін сізге жалған маман қоңырау шалып, ыңғайлы болуы үшін қосымша жүктеп, соның көмегімен өз болашақ табыстарыңыз бен операцияларыңызды қарап отыруға болады.

Әр түрлі сылтаулармен алаяқтар үнемі бір соманы төлеуді сұрайды. Олар әр түрлі қулықтарды қолдануы мүмкін: акцияларды, валюта қоржындарын сатып алуды немесе сатуды, қосымша жарналарды төлеуді және т.б. ұсынады.

Өзіңізді қаржылық алаяқтардан қалай қорғауға болады? Толығырақ "Абайлаңыздар, алаяқтар" бөлімінен оқыңыздар

white-arrow Тізімге