Fingramota Алматы қаласындағы мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған дәрістер циклін жалғастыруда

time 31.10.2023
aye 3841
Fingramota Алматы қаласындағы мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған дәрістер циклін жалғастыруда

«Іскер ісі» әлеуметтік жобасының аясында биыл 18-27 қазан аралығында Алматы қаласындағы бірқатар мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында public talk форматында қаржылық сауаттылық бойынша дәрістер циклі болып өтті. Іс-шараларға спикерлер ретінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік), Ішкі істер министрлігінің, ҚР Бас прокуратурасының өкілдері және Алматы қаласы Заң консультанттары палатасының Төрағасы қатысты.

Іс-шара барысында Агенттік өкілдері жеке бюджетті жоспарлау, кірістер мен шығыстар сияқты ұғымдар, болашақта қаржылық жоспар мен қауіпсіздік жастықшасын құру, қаржылық қызметтер мен өнімдердің алуан түрі, оларды дұрыс пайдалану, сондай-ақ кредит ұйымын айқындау жайында айтып берді.

Құқық қорғау органдарының өкілдері қаржылық алаяқтықтың кең тараған схемалары туралы, жәбірленушінің ақшасын алу немесе оның атына кредит ресімдеу үшін фишингтік сайттар арқылы азаматтардың жеке деректерін ұрлау, алаяқтардың банктердің немесе құқық қорғау органдарының қауіпсіздік қызметкерлері ретінде таныстырып, қоңырау шалу фактілері туралы ескертті.

Алматы қаласы Заң консультанттары палатасының Төрайымы Гүлнар Бердібекова Интернеттегі жеке хат-хабарлар мен авторлық құқықтарды қорғау, оқушы жұмыс істей ала ма, түрлі жанжалдарды қалай сауатты түрде шешуге болады деген сұрақтарға жауап берді.

Кездесу қорытындысы бойынша «Сұрақ-жауаптар» сессиясында оқушыларды қалтасындағы ақшасын дұрыс жұмсау, банк картасын қауіпсіз пайдалану, желідегі киберқауіпсіздік мәселелері қызықтырды. Студенттерді, негізінен, қаржы ұйымдарының жұмысы және олар ұсынатын өнімдер мен қызметтер туралы, қарыздарды мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі және кредит бойынша кешіктіруді реттеу туралы сұрақтар қызықтырды. Кездесу барысында көптеген оқушылар мен студенттердің телефон алаяқтарымен сөйлесу жасау тәжірибесі болғандығы және олардың кейбіреулері телефон арқылы дербес деректері мен SMS-кодтарды бергені анықталды.

Кездесу аяқталғаннан кейін Агенттік өкілдері мен құқық қорғау органдары кейбір оқушылар мен студенттерге жеке кеңес берді.

Іс-шараға 1,3 мыңнан астам тыңдаушы қатысты. «Іскер іс» әлеуметтік жобасының аясында 2023 жылдың соңына дейін 12,5 мыңнан астам тыңдаушыны қамти отырып, 50 мектепте, 38 колледж бен жоғары оқу орындарында қаржылық сауаттылықты арттыру жөнінде дәріс өткізу жоспарлануда.

Анықтама үшін: Дәрістер мына оқу орындарында өткізілді: № 68 мектеп-гимназиясы, В. Ломоносов атындағы №38 Қазақстан-Ресей гимназиясы, №22 мектеп-гимназиясы, №125 жалпы білім беретін мектеп және Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті.

white-arrow Тізімге