ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаржылық сауаттылық жөніндегі арнайы қосымшасы шеңберінде «Асан мен Үсеннің бастан кешкендері немесе ақша туралы хикая» атты балаларға арналған қаржылық қосымшаның бірінші шығарылымы шықты.
Басты кейіпкерлер – қарапайым қалада тұратын сегіз жасар егіздер Асан мен Үсен. Бет-әлпеті ұқсас болғанмен, мінездері әр түрлі.
Үсен – әрбір іс-әрекеті салмақты мұқият бала, ал Асан – алдымен жасап, одан кейін ойланатын бала, соның салдарынан ол әр түрлі қиын жағдайларға тап болады.
Олардың үлкен әпкесі Анель мен ата-анасы да қиын жағдайға ұшырайтыны содан. Ұлдар екінші сыныпқа барды. Сондықтан үйдің үлкендері егіздерді қаржылық сауаттылықтың негіздерімен таныстыратын уақыт келді деп шешті.
Осылайша олардың қаржы әлеміне қызықты шытырман оқиғасы басталады. Балалар ақшаның пайда болу тарихымен танысады, олардың отбасылық бюджетке қайдан келетінін және қайда жоғалып кететінін, неге интернеттегі жарнамаға және көптеген жеңіл ақша табуға уәделерге сенуге болмайтынын біледі, жас оқырмандармен бірге қаржыға деген дұрыс көзқарасты қалыптастыруды үйренеді.
Балаларға арналған қаржылық қосымшалар ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің «Дружные ребята» және «Ұлан» республикалық газеттерінде қаржылық сауаттылық жөніндегі арнайы қосымшасы шеңберінде шығатынын еске саламыз. Ол бастауыш және орта мектеп жасындағы балаларға арналған.
Толығырақ «Балаларға арналған қосымшалар» бөлімінде оқыңыздар.
Бағалы қағаздарға инвестициялардың артықшылықтары және тәуекелдер
Міндетті автосақтандыру: 2024 жылы ең жоғары төлем мөлшері қандай
Жинақ күні: ақша жинауды және қаржылық мақсаттарға жетуді қалай үйренуге болады
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Фишинг, дипфейктер және QR-код: интернет-алаяқтар арасында қандай схемалар кең тараған
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?