ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаржылық сауаттылық жөніндегі арнайы қосымшасы шеңберінде «Асан мен Үсеннің шытырман оқиғалары немесе ақша қалай пайда болды және оны жоғалтып алмау үшін не істеу керек» атты балаларға арналған қаржылық қосымшаның сегізінші шығарылымы шықты.
Бұл шығарылымда біздің басты кейіпкерлеріміз Асан мен Үсен онлайн-дүкендерде сатып алудың қауіпсіздігі және ақша жоғалтып алмау үшін не істеу керектігі туралы біледі. Сондай-ақ алаяқтардың құрбаны болмау үшін не істеу қажеттілігін, вирусқа қарсы бағдарламаларды орнатудың және дербес деректерді қорғаудың маңыздылығы туралы мысалмен түсіндіріп береді.
Сегізінші шығарылымда пайдалы ақпарат қоржыны, «Алтын теңге» деген балаларға арналған ойын бөлмесі, «Сатып алу не сатып алмау?» оқыту комиксі және «Ақшаны жоғалтып алмау үшін не істеу керек» деген тақырыпқа кезбе ойын бар.
Әр шығарылым сайын егіз балалардың қаржылық сауаттылығы жақсарып келеді. Екінші сынып оқушылары қаржылық сауаттылық әлеміне сапарларын негізгі ұғымдардан бастады, банк бөлімшесіне барып үлгерді, дебеттік карталар ашты, білім беру депозиті туралы бәрін білді, сақтандыру шарттарын жасады және онлайн-сатып алуды қалай дұрыс жасау керектігін білді.
Балаларға арналған қаржылық қосымшалар ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің «Дружные ребята» және «Ұлан» республикалық газеттерінде қаржылық сауаттылық жөніндегі арнайы қосымшасы шеңберінде шығады. Ол бастауыш және орта мектеп жасындағы балаларға арналған.
Толығырақ «Балаларға арналған қосымшалар» бөлімінде оқыңыздар.
Цифрлық қауіпсіздік құпиялары: дербес деректерді қорғау
Кредиттерді отбасылық бюджетке зиян келтірмей қалай жоспарлауға болады
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Қате ақша аударымы, не істеу керек: қадамдық нұсқаулық
Денсаулықты тегін диагностикалаудан бастап пәтер жөндеуге дейін: алаяқтықтың жаңа түрлері