Fingramota.kz жобасы шеңберінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «FinIQteens» қаржылық сауаттылық бойынша жасөспірімдерге арналған танымдық онлайн-шоу мен анимациялық оқыту бейнероликтерінің сериясын іске қосты.
Ақшаны үнемдеуді қалай үйренуге болады және қандай қаржы құралдарының көмегімен ақшаны тезірек жинауға болады? Банктер туралы не білуіңіз керек және сақтандыру дегеніміз не? Қаржы пирамидаларын қалай тануға болады және неге интернеттегі бейтаныс адамдарға сенбеу керек?
Осы және басқа да көптеген сұрақтарға жауаптарды жеңіл, ойын түрінде және қолжетімді түрде «FinIQteens»-тен таба аласыз!
Қаржылық сауаттылық бойынша 10 сериялы онлайн-шоудың барлық шығарылымдары және 14 пен 17 жас аралығындағы балаларға арналған қазақ және орыс тілдеріндегі тақырыптық бейнероликтер YouTube және Aitube танымал бейнехостинг платформаларында орналастырылады.
@Fingramotakz әлеуметтік желілеріндегі анонстардан хабардар болып отырыңыз!
Онлайн-шоудың барлық шығарылымдары мен оқыту бейнероликтері сайтта «Мультимедиа» бөлімінде орналастырылатынын атап өтеміз.
Бізбен бірге қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!
Назар аударыңыз! Алаяқтар хабарламамен шабуылдайды: белгісіз eSIM сұраныстары немен қауіпті
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
«Алдымен өзіңе төле»: неге бұл қағида бәріне бірдей жұмыс істемейді
Қате ақша аударымы, не істеу керек: қадамдық нұсқаулық
Егер коллекторлар сізді мазалай берсе, не істеу керек және қайда бару керек?
Гаджетіңізді кибершабуылдардан қалай қорғау керек