Кредит ресімдеу – бұл өте маңызды және жауапты қадам, оны жеңіл қабылдаудың салдары ауыр болуы мүмкін. Fingramota.kz қарыз алушыларға кредит беру сияқты күрделі мәселені түсінуге көмектесетін гайд дайындады.
Кредит алуға дайындалған уақытта қарыз қаражаты – бұл үлкен пайызбен қайтарылатын борыш екенін үнемі есте сақтаңыз. Банк – қайырымдылық ұйымы емес, оның өз мүдделері бар. Тіпті барынша ашық болған күннің өзінде, банк тек өз пайдасын көздейді.
Өз мүмкіндіктеріңізді нақты бағалаңыз
Мысалы, сіздің айлық табысыңыз 300 мың теңге, ал ипотека бойынша болжамды төлем 270 мың теңге, 15 жылға есептелген. Әрине, ресми банк мұндай жағдайға кредит беруден бас тартады. Бірақ кейбір адамдар сенімсіз ұйымдарға жүгініп, қаржылық ауыртпалықты мойнына алады. Қандай жағдайда да кредит төлемі сіздің табысыңыздың 40-50%-нан аспауы тиіс.
Мақсатты талдаңыз
Өзіңізге ойлануға уақыт беріңіз: сатып алу немесе кредит алу шынымен қажет пе? Кейде кредит – мәселені шешудің жалғыз жолы, мысалы, шұғыл баспана немесе ақысы қымбат емге қаражат қажет болып, мемлекет оны өтемейтін уақытта. Алайда көп жағдайда бұл асығыс шешім болуы мүмкін және бұл - қазақстандықтардың арасында кредиттер санының көбеюінің басты себебі.
Мүмкіндіктеріңізді таразылап, қаржылық қауіпсіздік жастықшасын дайындаңыз
Алғашында бұл ақылға қонымсыз болып көрінуі мүмкін: сізге ақша қатты қажет және қолыңыздан ақша жинау келмейді. Бірақ өмірде кез келген жағдай болуы мүмкін: жұмыссыздық, күтпеген шығындар және тағы басқалар. Сондықтан төтенше жағдайларда қарызды уақтылы жабу және өзіңіздің кредиттік тарихыңызды бұзып алмау үшін қаржылық жастықшаны алдын ала дайындаған дұрыс.
Кредит ресімдеуге саналы түрде қараңыз
Сонымен, сіз кредит алуға шешім қабылдадыңыз делік, бірақ асығудың қажеті жоқ – банктер бірден жоғалып кетпейді және «жомарт жұма» деп аталып кеткен науқан жылына бірнеше рет қайталанып тұрады. Алғаш кездескен банктен немесе жарнамасы күшті ұйымнан қарыз ресімдемеңіз – сіз ең тиімді талаптарды басқа жақтан табуыңыз әбден мүмкін. Әртүрлі банктердің ұсыныстарын зерттеп, салыстырып, әртүрлі алаңдардағы пікірлерді оқыңыз және қандай жағдайда да жарнамаға сенбеңіз. Консультанттарға сұрақтар қоюдан ұялмаңыз, қайталап сұраңыз, бір нәрсе түсініксіз болса – қандай жағдайда да кез келген банк жауапты клиенттерге қызығушылық танытады.
Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін нақтылаңыз
Бұл – ерекше назар аударуды қажет ететін маңызды мәселе. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) – бұл кредит бойынша жылдық төлемдердің жалпы сомасы. ЖТСМ неғұрлым төмен болса, сіз үшін кредиттік шарт соғұрлым тиімді болады. Банк Шартқа қол қойылғанға дейін ЖТСМ туралы ақпаратты ұсынуға міндетті, егер бұл талап орындалмаса, банк қызметінің сенімділігіне күмәндануға болады.
Толығырақ "Кредиттер" бөлімінен оқыңыздар
Гайд: кредит ресімдеген кезде неге назар аудару керек?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Салықтық шегерімдер дегеніміз не және оның көмегімен қалай үнемдеуге болады?
Псевдолизинг: алаяқтардың қулықтарына қалай түспеуге болады
Кредитті мерзімінен бұрын өтеу - тиімді!