Қор биржасындағы сауда-саттыққа қатысу арқылы инвесторлар ретінде әрекет етіп жүрген қазақстандықтар күн санап артып келеді. Брокерден шот аша отырып, көбі өз ақшасы мен бағалы қағаздарын қалай қауіпсіз сақтауға болатындығы жайлы ойланады.
Бағалы қағаздарды есепке алу жүйесі туралы инвестор нені білуі қажет. Бөлінген қосалқы шоттар дегеніміз не және олардың омнибус-шоттардан қандай айырмашылығының бар екенін Fingramota.kz-ке Бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің Төрағасы Еділ Медеу айтып береді.
Қазақстанда бағалы қағаздарды есепке алуды кім жүргізеді?
Қазақстандағы бағалы қағаздарды орталықтандырылған есепке алу және сақтаумен «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ (Орталық депозитарий) айналысады. «Бағалы қағаздар нарығы туралы» ҚР Заңына сәйкес, ол қаржы реттеушісінің лицензиясынсыз депозитарлық және тіркеу қызметін жүзеге асырады.
Бағалы қағаздар нарығындағы Орталық депозитарийдің рөлін түсіну үшін банктік жүйемен ұқсастығын тексеріп көруге болады. Қазақстанда ол екі деңгейлі: бірінші деңгейдегі банк, яғни банктердің банкі – Қазақстанның Ұлттық Банкі және екінші деңгейдегі коммерциялық банктер бар. Бағалы қағаздар нарығында да солай: бағалы қағаздарды бастапқы есепке алуды жүргізетін бағалы қағаздардың жоғары деңгейдегі номиналды ұстаушысы – Орталық депозитарий және бағалы қағаздарды қайталама есепке алуды жүргізетін және тікелей инвесторлармен жұмыс істейтін бағалы қағаздардың төменде тұратын номиналды ұстаушылары бар. Соңғылары - бұл номиналды ұстаушы ретінде қызмет жүргізетін брокерлер және кастодиандық қызметті жүзеге асыратын, яғни клиенттердің бағалы қағаздарын есепке алу мен сақтау құқығына ие банктер.
Эмиссиялық бағалы қағаздардың, мысалы, қолма-қол ақшадан ерекшелігі оларды ұстап көруге не қалтаға немесе сейфке салып қоюға болмайтынын түсіну қажет. Олар материалдан жасалмаған, яғни бағалы қағаздарды номиналды ұстау құқығына ие болатын Орталық депозитарий, кастодиан-банктер немесе брокерлік компаниялардың есепке алу жүйелерінде жазбалар – цифрлық кодтар түрінде ұсынылған.
Инвестор жеке шоттан үзінді-көшірмені қалай ала алады?
Ол үшін инвестор онда активтің түрі, атап айтқанда мұның қандай бағалы қағаз екені, оның бірегей нөмірі мен үзінді-көшірме берілетін күндегі жағдай бойынша саны көрсетілетін жеке шоттан үзінді-көшірме алу үшін өзіне қызмет көрсететін делдалға, яғни брокерге немесе кастодиан-банкке жүгінуі керек.
Депозитарлық қызметтің шеңберінде Орталық депозитарий бөлшек инвесторларға тікелей қызмет көрсетпейді. Оның негізгі клиенттері брокерлік ұйымдар мен кастодиан-банктер болып табылады. Солай бола тұра, инвестор белгілі бір себептер бойынша өзінің шотынан үзінді-көшірмені делдалдарсыз, өзі алғысы келетін жағдайда, ол сұрату беру арқылы Орталық депозитарийге тікелей жүгінуге құқылы болады. Ол үшін оған депозитариймен іскерлік қарым-қатынастар орнату, яғни KYC («Know Your Customer» – «Өз клиентіңді біл») адамның жеке басын верификаттау немесе растау рәсімінен өту керек.
Толығырақ "Бағалы қағаздар нарығы" бөлімінен оқыңыздар
Фишингтік сайттарды қалайша тануға болады: негізгі проблемалары және пайдалы ұсынымдар
Жылдам, ыңғайлы және пайдалы: неліктен автокөлік иелері Еурохаттамаға назар аударуы керек
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Жаңадан бастағандарға арналған инвестициялық қосымша қалай жұмыс істейді?
Криптовалюта дегеніміз не және ол қайда пайдаланылады?
Бейтаныс нөмірлерден спам-қоңыраулар: оларды қалай болдырмауға болады