Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша ипотекалық кредит беруге шолуды ұсынды.
Соңғы жылдары ипотекалық қарыздар портфелінің айтарлықтай өсуі байқалады, ол ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 2,8 трлн теңге немесе экономикаға берілген кредиттердің 17%-ын құрады (жыл басында – 16,2%).
Ағымдағы жылдың басынан бері ипотекалық қарыздардың өсуі 2020 жылдың ұқсас кезеңіндегі 14,6%-дан жеделдеп (2020 жылы – 34,3%), 18,1%-ды құрады.
Ипотекалық портфельдің жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес мына банктердің еншісінде:
Ипотекалық кредиттер негізінен еліміздің ірі қалалары – Алматы (23,2%) және Нұр-Сұлтан (28,6%) қалаларында шоғырланған.
Соңғы жылдары ипотекалық кредит беру көлемінің айтарлықтай ұлғаюына қарамастан, оның елдің ЖІӨ-ге[1] қатынасы ЕАЭО-ға қатысушы елдерден айтарлықтай төмен. Ипотекалық кредиттер көлемінің ЖІӨ-ге қатынасы тамыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанда 3,8%-ды, Ресейде – 9,5%-ды[2], Беларусьте – 6,7%-ды[3], Арменияда – 6,7%-ды[4] құрады.
Ипотекалық қарыздардың серпіні
|
Ипотекалық қарыздарды беру серпіні
|
|
|
Дереккөзі: ҚРҰБ ақша-кредит статистикасы |
Ағымдағы жылғы қаңтар-тамыз айларында жаңадан берілген ипотекалық қарыздар көлемі 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,1 есе 1 032 млрд теңгеге дейін өсті, бұл 2020 жылы берілген қарыздардың жылдық көлемінен 6,6%-ға жоғары (2020 жылы – 967,7 млрд теңге). Ипотекалық қарыздарды беру көлемінің өсу факторларының бірі азаматтардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуы болды, олар ипотекалық тұрғын үй қарызын алу мақсатында бастапқы жарна салу үшін пайдаланылды.
«БЖЗҚ» АҚ-тың деректері бойынша ағымдағы жылғы 5 қазанда 1,9 трлн теңге алынған зейнетақы жинағы тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталды, оның ішінде 198,7 млрд теңге (11%) ипотека алу үшін бастапқы жарна салуға жұмсалды. Ипотекалық қарыз бойынша берешекті ішінара/толық өтеуге 296,4 млрд. теңге (16%) алынды.
Бұл ретте 1,3 трлн теңге (70%) зейнетақы төлемі ипотекалық қарызды тартпай баспана сатып алуға жіберілді, бұл жылжымайтын мүлік бағасына қысым көрсетті. 2021 жылдың басынан бастап бастапқы тұрғын үй бағасы 11,7%-ға, қайталама тұрғын үй бағасы – 19,5%-ға өсті.
Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының ықпалымен ипотекалық қарыздар бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі қарыз алушылар үшін тартымды болып, Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесінен төмен деңгейде сақталып отыр. Ипотекалық кредиттер бойынша орташа алынған мөлшерлеме ағымдағы жылғы тамызда 7,9% (2020 жылғы желтоқсанда – 7,5%) болды.
Жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның өсуі ұсыныстардың ұлғаюына қарамастан жалғасуда. Ағымдағы жылғы 8 айда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 10,5%-ға ұлғайып, 8,9 млн ш.м. (2020 жылғы 8 айда – 8,1 млн ш.м.) болды.
Тұрғын үйге сұраныстың өсуін сатып алу-сату мәмілелерінің рекордтық саны куәландырады, ол 2020 жылғы 8 аймен салыстырғанда, 2,1 есе
(177,6 мың мәміле) ұлғайып, 2021 жылғы 8 айда 370,2 мың мәміле болды.
Ипотекалық қарыздар бойынша халықтың борыш жүктемесі салыстырмалы түрде төмен болып қалуда, алайда оның ұлғаю үрдісі байқалады. Мемлекеттік кредиттік бюроның деректері бойынша 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша бір қарыз алушыға берешектің орташа сомасы жыл басынан бастап 10,4%-ға ұлғайып, 8,4 млн теңгені құрады (01.01.2021ж. – 7,6 млн теңге). Ипотекалық қарыз бойынша борыштың орташа сомасының ұлғаюы жылжымайтын тұрғын үй бағасының өсуімен түсіндіріледі.
Қарыз алушылардың басым көпшілігінің – 69%, 3,9 млн теңге орташа борыш сомасымен 10 млн теңгеге дейінгі сомаға берешегі бар (01.01.2021ж. – қарыз алушылардың 76%-да орташа борыш сомасы 3,9 млн теңге болатын 10 млн теңгеге дейінгі сомаға борышы болған). Бұл ретте қарыз алушылардың қалған 31%-на орташа борыш сомасы 18,3 млн теңге болатын (01.01.2021ж. – 18,4 млн теңге) ипотекалық қарыздар бойынша жалпы берешектің 68%-ы тиесілі.
Ипотекалық кредит берудің қолайлы талаптары, қарыз алушылардың төмен берешегі және ипотекалық қарыздар портфелінің өсуі салдарынан оның сапасы жақсаруда. 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар ипотекалық қарыздардың көлемі жыл басынан бері 0,6 п.т. төмендеп,
46 млрд теңгені немесе 1,7%-ды құрады.
Жеңілдікті ипотека бағдарламалары ауқымының кеңеюі, ипотекалық кредит беру талаптарының жеңілдетілуі және жылжымайтын тұрғын үй нарығына зейнетақы жинақтарының түсуі аясында ипотекалық қарыздар беру айтарлықтай жеделдеді. Ипотекалық портфельдің айтарлықтай ұлғаюына қарамастан, қарыз алушылардың борыш жүктемесі және ипотекалық портфельдегі жұмыс істемейтін қарыздардың үлесі төмен деңгейде қалып отыр.
[1] Жылжымалы жылдық ЖІӨ 2020ж. 3, 4-тоқс. және 2021ж. 1, 2-тоқс. үшін тоқсандық мәндердің қосындысы ретінде есептеледі. [2] РФ Федералды мемлекеттік статистика қызметі мен РФ Орталық Банкінің деректері бойынша [3] Беларусь Республикасы Ұлттық статистика комитетінің және Беларусь Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша [4] Армения Республикасы Статистика комитетінің және АР Орталық Банкінің деректері бойынша
Ақпарат көзі: ҚНРДА сайты
Алаяқтар трендте: алдаудың нақты жағдайлары және одан қорғану әдістері
Жеңіл ақша және үлкен пайда: неліктен алаяқтардың уәделеріне сенуге болмайды
«Жалақыға дейінгі кредит»: мұндай микроқарыздар беру жағдайында не өзгерді
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Қаржылық инклюзияны дамыту – реттеушінің негізгі басымдықтарының бірі