Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған кеңес: өз бизнесіңді қалайша сауатты жоспарлау керек

time 3.02.2023
aye 6119
Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған кеңес:  өз бизнесіңді қалайша сауатты жоспарлау керек

Өзінің меншікті бизнесін ашу туралы көп адамдар армандайды. Алайда, кез келген бизнес жан-жақты дайындықты талап етеді. Арманыңызды жүзеге асыру үшін барлық тәуекелдерді, жұмсалатын еңбекті және уақыттық ресурсты бағалау, сондай-ақ барлық міндетті шығындары есептеу қажет. Дегенмен де, өз ісіңізді ашуға бел бусаңыз неден бастау қажет?

Fingramota.kz-тен ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған қадамдық нұсқаулық.

Бағытыңызды анықтап алыңыз

Ең алдымен қандай іс сіздің қызығушылығыңыз тудыратынын және қандай істі жақсы білетініңіз жөнінде ойлаңыз – осылайша сіз жаңа идеялар қоса аласыз және ықтимал қателердің алдын аласыз. Сондай-ақ, өзіңізді және өз уақытыңызды арнағыңыз келіп отырған бизнес сізге ұнауға тиіс, бұл өз ісіңіздің пайдасына таңдау жасаудың бірден бір себебі.

Нарыққа толық мониторинг жүргізіңіз, сіздің әлеуетті клиенттеріңізді  қандай тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер қызықтыратынын, бәсекелестеріңіз не ұсынатынын және олардан  өзіңіздің артықшылығыңызды  талдаңыз. Есіңізде болсын, тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер құнының нарықта ең төмен болуы  — жалғыз артықшылық болмауға тиіс,  ұсынатын өнімнің немесе қызметтердің сапасы жөнінде ұмытпаңыз.

Бизнес – жоспар жасаңыз

Егжей-тегжейлі бизнес-жоспар құрыңыз, онда сіз көрсететін қызметтер немесе өндіретін/сататын тауарлар, бастапқы капитал көрсетілуге, көрсетілетін қызметтер немесе өнімдер нарығының талдауы болуға тиіс. Сіз көрсететін қызметтер немесе өндіретін тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі, артықшылығы неде, оны сату арналары қандай, алдағы уақыттағы шығындар және т. б. анықтап алыңыз.

Егер сіз бизнесті жаңадан бастаған болсаңыз, сізге арнайы үй-жай қажет болғанша үйден жұмыс істеуді қарастырыңыз. Осылайша, сіз  үй-жай, жиһаз, көлік және т.б. жалдау ақысын үнемдейсіз.

 Бастапқы капитал табыңыз

Бизнесті алғаш ашқан кезде кредит алмауға, оның орнына қарызға ақша алып, аз да болса, бизнесті өз ақшаңызбен бастауға тырысыңыз. Кез келген бизнесті бастағанда тәуекелге барасыз, егер бастаған ісіңіз сіз ойлағандай болмаса, оны тоқтатқаныңыз жөн, себебі кредиттік міндеттемелерді айлап, тіпті жылдар бойы төлеуге тура келеді.

Алайда, егер бизнесіңізді бастауға шешім қабылдасаңыз, онда шағын бизнесті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаларды (гранттар, конкурстар, жеңілдіктер және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік субсидияларды), әлеуетті инвесторларды тарту мүмкіндігін немесе краудфандингті (ұжымдық қаржыландыру) қарастырыңыз. Соңғы екі нұсқада келешекте орын алуы мүмкін түсініспеушілікті болдырмау үшін бизнесіңізге инвесторлардың/краудфандингтердің үлесін бірден анықтап алу қажет.

Толығырақ "Бюджетті жоспарлаймыз" бөлімінен оқыңыздар

 

white-arrow Тізімге