Кері байланыс: қаржылық алаяқтықпен байланысты тақырып бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

time 18.04.2022
aye 7808
Кері байланыс: қаржылық алаяқтықпен байланысты тақырып бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтармен жедел өзара іс-қимыл жасау үшін коммуникацияның барлық арналарын пайдаланады.

Халыққа қаржылық реттеушінің, қаржы ұйымдарының, реттелетін субъектілердің қызметі туралы ақпараттың қолжетімділігі мен толықтығын арттыру мақсатында Агенттікте 2021 жылғы 24 мамырдан бастап мына нөмір бойынша call-орталық жұмыс істейді: +7 727 237 1000.

Call-орталық арқылы қаржылық қызметтерді тұтынушылар өз құқықтары мен мүдделерін қорғау, қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру мәселелері бойынша консультациялар ала алады. Сондай-ақ шұғыл сипаттағы мәселелерді тікелей қаржы, микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлық агенттіктермен жедел шешуге, қаржылық алаяқтық жағдайлары және қаржылық пирамидалардың қызметі туралы хабарлауға мүмкіндік туды.

Пайдаланушылар өз сұрақтарын тікелей Агенттікке 2020 жылғы 25 маусымнан бастап жұмыс істейтін « Fingramota Online » мобильді қосымшасы арқылы жібере алады. Онда 14 тақырыптық бөлім бар, олардың бірі «Қаржылық пирамидалар және қаржылық алаяқтық» деп аталады, онда күмәнді ұйымдардың қызметі бойынша консультация алуға, сіз кездескен алаяқтық схемалар, күдікті сілтемелер, әлеуметтік желілердегі аккаунттар, онлайн-топтар және т. б. туралы хабарлауға болады.

Сұрақ: Бүгінде алаяқтықтың қандай жаңа түрлері бар және қаржы лық алаяқтарды қалай білуге болады?

Жауап: интернет мүмкіндіктерінің кеңеюімен және IT-технологиялардың дамуымен жеке деректерді ұрлауға мүмкіндік беретін түрлі алаяқтық схемалар жетілдірілуде. Қаскүнемдер оларды өздерінің пайдакүнемдік мақсаттары үшін пайдаланады.

Алаяқтардың жаңа схемалары - алдаудың жетілдірілген тәсілдері. Егер бұрын алаяқтық схемаларда негізінен жалған интернет-ресурстар пайдаланылған болса, қазір жалған мобильді қосымшалар белсенді қолданылады.

Сонымен қатар телефон алаяқтықтары әлеуетті құрбандармен байланыс үшін мессенджерлерді (мысалы, Telegram, WhatsApp) кеңінен қолданумен алмастырылды. Алаяқтықтың барлық түрлері бір нәрсеге бағытталған — пайдаланушылардың сеніміне кіріп конфиденциалды ақпаратты алу.

Алаяқтар азаматтарға өте тиімді талаптармен түрлі акцияларға қатысуды ұсынулары мүмкін, олар қазіргі кезде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу кезінде кеңінен қолданылатын QR кодтарды қолдан жасай алады. QR-код арқылы тіпті кейбір мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді де алуға болады.

Алаяқтар машиналық оқыту мен заманауи сөйлеу технологияларының мүмкіндіктерін қолдана бастады. Мәселен, егер бұрын алаяқтар негізінен өздері қоңырау шалса, қазір қоңыраулардың басым көпшілігі дауыс роботтарының көмегімен жасала бастады. Және де бұрынғыдай IP-телефония арқылы зиянкестер кез келген нөмірді қолдан жасайды, бұл оларға өздерін кез келген адам: банктердің, құқық қорғау органдарының, түрлі компаниялардың қызметкерлері ретінде таныстыруға мүмкіндік береді.

Телефон алаяқтықтарының дауыс роботтарын (боттарды) қолданатын жаңа схемасы бұрыннан мәлім схемалардан айырмашылығы аз. Роботтар жансыз қоңырау шалу функциясын орындайды. Қоңырау автоматты түрде өтеді және бот мемлекеттік тілде және орыс тілінде де қандай да бір ақпаратты растауды немесе теріске шығаруды ұсынады. Көп жағдайда автоматты түрде ескертулерді халық шынайы банктің қоңыраулары ретінде қабылдайды -   алаяқтықтың мұндай  түрінің басты қауіптілігі осы. Абонент сол немесе басқа бір ақпаратты растағаннан кейін қоңырау әдеттегі алдау схемаларын қолданатын операторға ауыстырылады.

Боттардың көмегімен алаяқтар роботтарға жаппай қоңырау шалуларды беріп,  операторлардың жұмысына уақыт пен ақшаны үнемдейді.

Көп жағдайда, алаяқтар адамдарды олардың шоттарына хакерлік шабуылдар жасалғаны, интернеттегі жеке кабинеттің немесе мобильді банкингтің бұзылғаны  туралы әңгімелермен қорқытады. Робот сізге банктің қысқа нөмірінен қоңырау шалуы мүмкін, бұл сізді шатастырып, сіздің қырағылығыңызды төмендетуі мүмкін және бөтен адамдар сіздің атыңызға жалған кредит алмақшы болғаны немесе оны ресімдеп қойғаны туралы; әртүрлі санкцияларға байланысты сіздің шотыңыз бұғатталды; банк SWIFT халықаралық аударымдар жүйесінен ажыратылды және шұғыл түрде ақшаны «резервтік», қауіпсіз шотқа аудару қажет деп және т. б. туралы айтулары мүмкін.

Алаяқтық боттар полиция департаментінің атынан қоңырау шалып, әлдебір айыппұлдың болуы жөнінде хабарлап, толық ақпарат алу үшін, мысалы, «1» санын басуды сұрай алады. Содан кейін басқа дауыстық «көмекші» қосылады, олар жария ететін  ақпараттың суперконфиденциалды  екенін ескертеді және жеке басын растау үшін бірқатар сұрақтарға жауап беру қажет екенін айтады, олардың ішінде сіздің төлем деректеріңіз туралы сұрақтар да болуы мүмкін.

Тағы да кеңінен таралған схема – телефон алаяқтары қолданатын дауыстық автоматтандыру. Тұтқаны көтеріп, қоңырауға жауап бергеннен кейін  бірден жазба қосылады, онда сіз немесе сіздің нөміріңіз конкурста, лотереяда, ұтыс ойынында ұтқаныңыз туралы айтылады. Әрине, сіз нақтылайтын сұрақтар қоясыз, бірақ байланыстың ар жағындағы сөздердің ағымы тоқтамайды. Егер мұқият қойып тыңдасаңыз, бұл қарапайым аудио жазба екенін түсінуге болады, бірақ сіздің сөйлегеніңіз  де жазылып жатқанын  бірден түсіне алмайсыз.

Есіңізде болсын, алаяқтар дауысты салатын роботтардың көмегімен маңызды конфиденциалды мәліметтерді алуға тырысады: ЖСН, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, картаның толық деректемелері, SMS-тен алынған код.

Сондай-ақ, қаскөйлердің сізден «Иә» және «Мен растаймын» деген нақты сөз тіркестерін алуы маңызды. Ол үшін боттар «Сіз Алматыда тұрасыз ба?», «Сіз соңғы тәулікте төлем жасадыңыз ба?», «Жүлдеңізді алып кеткіңіз келе ме?, «Сіз мені жақсы естіп тұрсыз ба?», «Сіз бұл ақпаратты растайсыз ба?» және тағы басқа. Яғни, боттар биометриялық деректерді жинайды, оларды өз мүдделері үшін де қолдана алады.

Алаяқтарды мынадай белгілері бойынша тануға болады:

  1. Олар бірінші қоңырау шалып, өздерін кез келген адам болып таныстырады, бірақ әрқашан ақша туралы әңгіме бастайды;
  2. Олар Сізді шатастыру үшін қаржыға қатысты кез келген мән-жайлар мен жағдайларды ойлап табады (ірі пайда немесе шоттардан ақшаның жоғалуы) және көбінесе олардың ойлануына жол бермейді;
  3. Олар сіздің жеке деректеріңізді және картаның толық деректемелерін, соның ішінде артқы жағындағы үш таңбалы кодты алуға тырысып, психологиялық әдістерді қолданады.

Сұрақ: Маған банк қызметкері ретінде өзін таныстырған адам қоңырау шалды, мен бұл аудиожазба екенін бірден түсінбедім. Алаяқтардың қоңырау шалғанына сенімдімін. Айтыңызшы, олар бұл аудиожазбаны қалай қолдана алады?

Жауап: Алаяқтар жәбірленуші даусының аудиожазбасын қолдана отырып, кредиттік ұйымда түрлі қаржылық операцияларды жасай аламыз, мысалы, кредит ала аламыз деп үміттенеді. Алайда, банктер мен микроқаржы ұйымдарында биометриялық сәйкестендіру сияқты жеке басын растау процедурасының құрауышынан басқа тексерудің қосымша деңгейлері бар. Кредиттік ұйымдар скоринг жүйесін қолданады.

«Скоринг» ұғымы қаржы саласында бұрыннан бар және қарыз алушыны, оның төлем қабілеттілігі мен адалдығын бағалау жүйесін білдіреді. Сонымен қатар, скоринг жүйесі оның кірісін ғана емес, сонымен қатар кредит беру үшін қажетті басқа өлшемшарттарды да бағалайды, мысалы, қарыз алушының кредитті уақтылы және адал өтеу қабілеті, жұмыс өтілі, отбасылық жағдайы, балаларының болуы, кредиторлардан қанша рет бас тартқаны, тіпті әлеуметтік желілерде қандай топтарға қол қойылғанын бағалай алады және тағы басқалары.

Сондықтан онлайн кредит алу үшін тек «иә» дей салу жеткіліксіз. Алайда, егер сіз роботқа карточканың нөмірі, оның қолданылу мерзімі және артқы жағындағы үш сан, яғни CVC/CVV-коды, сондай-ақ SMS-тен растау коды сияқты маңызды дербес ақпаратты хабарлап үлгерген болсаңыз, онда сізде банктік шотта қаражатсыз және сіздің атыңызға рәсімделген кредиттермен қалу тәуекелі еселеп артады.

Алаяқтар сіздің «даусыңыздың көшірмесімен» тағы не істей алады? Үшінші тұлғаларға сатады немесе бопсалау мақсатында пайдаланады, мысалы, сіздің беделіңізді түсіретін жазба құрастырып, содан кейін ол үшін ақша төлеуіңізді талап етеді.

Дауыстық роботты (спамерді) тану қиын емес. Оған сенбей, сөйлесуді тоқтатып, нөмірді бұғаттаңыз. Және өз деректеріңізді қорғаңыз, оларды телефон арқылы бейтаныс адамдарға хабарламаңыз!

Есіңізде болсын: банктер және басқа ұйымдар, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері Сіздің жеке және төлем деректеріңізді нақтылау үшін сізге ешқашан қоңырау шалмайды!

Ата-анаңызды, ата-әжеңізді, сондай-ақ картасы бар балаларды ешкімге, әсіресе телефон арқылы төлем деректерін, оның ішінде картаның арғы жағындағы кодты, интернет-банкингтің паролін, SMS-кодты хабарламауға және қоңырау шалушылардың нұсқаулары бойынша күмәнді қосымшаларды жүктемеулерін ескертіңіз.

Сұрақ: Банктік аударым арқылы жасалып жүрген - бұл қандай алдау схемасы, айтыңызшы? Яғни, ақша қателесіп түседі, содан кейін бұл алаяқтардың айла-амалдары екені белгілі болады.

Жауап:  Иә, алаяқтардың қателесіп аудару сияқты схемасы бар. Мысалы,  сіздің шотыңызға қандай да бір сома түседі. Содан кейін бір адам қоңырау шалып, «абайсызда» сізге соманы аударғанын хабарлайды, оны ол айтқан нөмірге қайтаруды сұрайды. Кейде мұндай бейтаныс адамдар тіпті мазалағаны үшін сыйақы ретінде белгілі бір соманы қалдыруды ұсынады. Бұл ретте алаяқтар өте сенімді болады және көбінесе психологиялық әдістерді қолданады: аяушылық сезіміңізді оятады, асықтырады.

Көбісі алаяқтардың әңгімелеріне сенеді және кері аударымдар жасайды. Алайда, кейінірек сіздің атыңызға кредит ресімделгені және сіз бұл ақшаны алғаныңыз және өзіңіз аударғаныңыз белгілі болады. 

Есіңізде болсын: егер сіздің шотыңызға бейтаныс жіберушіден ақша түссе және сіз олар туралы білмесеңіз, өз банкіңізге қоңырау шалып, аударымды болдырмауды және оларды жіберген адамға қайтаруды сұраңыз.

Алаяқтықтың бұл түріне қарт адамдар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдар түседі.

Алдын алу шарасы ретінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы ұйымдарының қашықтан басқарылатын платформаларына қарт адамдарға және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға өзіне сенімді көмекшіні тағайындауға мүмкіндік беретін «екінші қол» сервисін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл адам клиенттің операциялары туралы хабарлама алады және оған белгілі бір уақыт ішінде операцияларды растау немесе қабылдамау құқығы беріледі.

Сұрақ: Мен телефон арқылы алаяқтарға өзім және картам туралы маңызды ақпаратты бердім, енді не істеуім керек?

Жауап: Өкінішке орай, маңызды ақпаратты жиі алаяқтардың қолына беретін адамдардың өздері, өйткені олар қырағылықтарынан айырылып әртүрлі мән-жайларға байланысты дұрыс ойлау және бәрін талдау қабілетін жоғалтады.

Егер сіз дербес деректеріңізді, картаңыз туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға абайсызда беріп қойсаңыз, банкіңізге дереу хабарласып, орын алған жағдай туралы хабарлаңыз және шотыңызды және барлық транзакцияларды бұғаттауды сұраңыз. Міндетті түрде құқық қорғау органдарына арыз жазып, нөмірі мен тіркелген күні көрсетілген арыздың көшірмесін өзіңізге сақтап қойыңыз.

Сізде қарыз болмаса да, кредиттік тарихыңызды үнемі тексеріп отырыңыз. Өйткені алаяқтардың «ұрланған» құжаттар бойынша кредит ресімдейтін кездері болады. Сонымен қатар, дербес кредиттік есептен сіздің рұқсатыңызсыз қандай қаржы институттары немесе МҚҰ кредит тарихыңызды сұрағанын бақылай аласыз. Заң бойынша Қазақстанның әрбір азаматы күнтізбелік жылына бір рет дербес кредиттік есебін тегін ала алады. Ол үшін кредиттік бюроға жүгіну қажет, Қазақстанда олар екеу: Мемлекеттік кредиттік бюро және Бірінші кредиттік бюро, сондай-ақ ХҚКО-ға немесе кредиттік есепті электрондық үкімет веб-порталы арқылы алуға болады.

Кредиттік тарихта қателік орын алатын жағдайлар болады. Мысалы, кредитор қандай да бір ақпаратты қате көрсетуі. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және қарыз алушылардың кредиттік тарихын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Бірінші кредиттік бюромен бірлесіп, www.fingramota.kz сайтында кредиттік тарихтағы ақпаратты қашықтықтан даулау процесін енгізді. Сондай-ақ кредиттік тарихтағы ақпаратты МКБ сайтында «Ақпаратты қалай даулаймыз» бөлімінде және БКБ сайтында «Ақпаратты даулау» бөлімінде даулауға болады.  Бұл қызмет азаматтарға тегін көрсетіледі.

Сұрақ: Адал кредиттік ұйымдарды алаяқтардан қалай ажыратуға болады?

Жауап: Егер сізге ақша шұғыл қажет болса және қысқа мерзімді қарыз алғыңыз келсе, банктерге немесе микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға жүгінуге болады. Олардың барлығының қызметі Қазақстан заңнамасының шеңберінде реттеледі және олар Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясына ие.

Кез келген кредит - үлкен жауапкершілік екенін есте сақтаңыз! Сіз барлық тәуекелдерді өлшеп, өзіңіздің кірістеріңіз бен шығындарыңызды бағалауыңыз керек.

Алайда нарықта «қара кредитор» деп аталатын заңсыз компаниялар бар. Сондықтан сақ болыңыз!

Бұл сізге қандай қауіп төндіреді? Жоғары пайыздық мөлшерлемелерден, комиссиялардан және әртүрлі қосымша төлемдерден басқа, олар кредит үшін бастапқы жарнаны сұрауы мүмкін.

Егер сізге өте тиімді талаптарла кредит ұсынылса, онда менеджер берген немесе компанияның жарнамасында көрсетілген барлық уәделер келісімшартта нақты көрсетілгеніне көз жеткізіңіз.

 Қазақстанда шартты ресімдеу мен мазмұнына қойылатын талаптар заң жүзінде жазылған. Алайда лицензия алмаған компаниялар шартты заң нормасына сәйкес сирек жасайды. Өз шарттарында олар талаптарды ұсақ қаріппен немесе оларды екі ұшты жазауы мүмкін, яғни талаптардың тұжырымдамасы нақты емес және жалтармалы болуы мүмкін.

Мұндай компаниялар тағы несімен қауіпті? Егер сіздің құжаттарыңыз алаяқтардың қолына түссе, онда олар,  сіздің атыңызға кредит рәсімдей алады, тіпті біреу ғана емес, бұл туралы сіз жақын арада білмейсіз, немесе Сізден CVC/CVV-кодтарды қоса алғанда, банк карталарының деректерін сұрап алып сіздің барлық шоттарыңызды нөлге тең етуі мүмкін.

Кредиторды таңдау кезінде қарапайым ережелерді есте сақтаңыз:

  1. Ұйымда ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы бар-жоғын және оның Агенттікте есептік тіркеуден өткенін тексеріңіз. Лицензияның болуын қаржылық реттеушісінің www.gov.kz сайтында «Қызметі» бөлімінде тексеруге болады;
  2. Шартқа қол қоймас бұрын оны мұқият оқып шығыңыз. Шартқа қол қою арқылы сіз кредит ұйымы сізге ұсынатын талаптармен толық келісетіндігіңізді растайтыныңызды есте сақтаңыз. Егер сізге  түсініксіз жері болса, менеджерден сұрап нақтылаңыз. Шартқа бірден қол қоюға асықпаңыз, оны үйге әкеліп, бәрін мұқият оқып шығыңыз.

Барлық қаржы ұйымдары тіркеуден өтуі тиіс және өз қызметін жүзеге асыру үшін Агенттіктің лицензиясына ие болуы тиіс екенін еске саламыз. Агенттіктің сайтында тіркеуден (қайта тіркеуден) өткен және лицензиясы бар қаржы ұйымдарының тізілімдері, сондай-ақ күмәнді компаниялардың тізімі орналастырылған.

Сұрақ : Алаяқтардың айла сына т үспес үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?

Жауап : Біз сақтауды ұсынатын мынадай  қарапайым қауіпсіздік ережелері  бар:

К арточка лар бойынша :

  • ПИН-кодты картаға жазбаңыз және оны басқа адамдарға айтпаңыз, оны банкоматтар мен POS-терминалдардан басқа еш жерге енгізбеңіз;
  • Картаңыздың толық деректемелерін ешкімге айтпаңыз және оның суретін Желі немесе мессенджерлерге салмаңыз. Егер біреу сізге ақша аударғысы келсе, оған картаның нөмірі немесе телефон нөмірі ғана қажет;
  • Карталарыңыз бойынша транзакциялардың деректерін жедел алып отыру үшін SMS/Push хабарламалар сервисін іске қосыңыз және оның мәтінін мұқият оқыңыз, Сіз жүргізбеген операция туралы хабар келген жағдайда, құпиясөзді енгізбеңіз және банкке қоңырау соғыңыз;
  • Банктен біліңіз және мүмкіндік болатын жағдайда, өзіңіздің төлем карточкаңыз үшін 3D-Secure (VISA) немесе SecureCode (MasterCard) функциясын  қосып беруді сұраңыз.

О нлайн- төлем жасау жағдайында :

  • Егер сіз Желіде онлайн сауда жасайын деп жатсаңыз, сайттың шынымен интернет-дүкенге тиесілі екеніне көз жеткізіңіз және мекенжай жолағында сайттың жазылуын мұқият тексеріңіз, ол HTTPS-ден және жабық құлып символынан басталуға тиіс;
  • Интернет арқылы сатып алуға ғана арналған жеке карта ашыңыз;
  • Картаның деректерін күмәнді сайттарда енгізген болсаңыз немесе оларды абайламай алаяқтарға хабарлап қойсаңыз, картаны дереу бұғаттау үшін банкке хабарласыңыз.

Дербес деректер :

  • Жеке басты куәландыратын құжаттардың көшірмелерін қоса алғанда, бейтаныс адамдарға ешқашан өзіңіздің дербес деректеріңізді айтпаңыз және жібермеңіз;
  • Дербес ақпаратты беру талап етілетін күмәнді интернет-байқаулар мен лотереяларға қатысудан аулақ болыңыз;
  • Өзіңіздің электрондық поштаңыз және сайттардағы жеке кабинеттеріңіз үшін күрделі құпиясөздерді қолданыңыз. Құпиясөздер әртүрлі, 10 символдан жоғары, құрамында бас және кіші әріптер, цифрлар және арнайы символдар болуға тиіс. Құпиясөздің сіз үшін маңызының болғаны дұрыс және есіңізде оңай  сақтай алатындай құпиясөз ойлап табуға тырысыңыз. Және, әрине, оны құпия сақтаңыз.

Мобиль дік қосымшалар :

  • Өздеріңіздің электрондық құрылғыларыңызға күмәнді бағдарламалар орнатпаңыз;
  • Гаджеттеріңізге қосымшаларды тек ресми дүкендерден жүктеңіз;
  • Олардан интернет-банкинг сервистерін іске қосатын құрылғыларда лицензиялық антивирустық бағдарламалық қамтылымды қолданыңыз.

 

Деректеріңізге, ақшаңызға абай болыңыз және цифрлық гигиенаны сақтаңыз!

white-arrow Тізімге