Халықтың қаржы реттеушісімен кері байланысын нығайту және жедел өзара іс-қимыл жасау мақсатында Агенттікте 2020 жылғы 25 маусымнан бастап «𝑭𝒊𝒏𝒈𝒓𝒂𝒎𝒐𝒕𝒂 𝑶𝒏𝒍𝒊𝒏𝒆» мобильдік қосымшасы жұмыс істейді. Онда қамтылған 14 тақырыптық бөлімде сіздер қаржы өнімдері мен қаржылық қызметтер, қаржы ұйымдарымен, МҚҰ-мен, коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимыл, қаржы пирамидаларына және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл туралы және басқа да көптеген сұрақтар қоя аласыздар.
Қаржы реттеушісінің қызметі туралы ақпараттың қолжетімділігі мен толықтығын арттыру үшін Агенттікте 2021 жылғы 24 мамырдан бастап call-орталық жұмыс істейді. Азаматтар Агенттікке қаржылық қызметтерді тұтынушылар ретінде олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, қаржы және микроқаржы ұйымдарымен, коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимыл, сондай-ақ бұрын жіберілген өтініштердің мәртебесін нақтылау мәселелері бойынша консультациялар алу үшін кез келген қалалық телефоннан «1459» қысқа нөмірі бойынша жүгіне алады. Сондай-ақ call-орталықтың бұрынғы: +7 (727) 237 1000 нөмірі де жұмыс істеп тұр. Жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Сіздердің назарларыңызға ең өзекті сұрақтарға жауаптарды ұсынамыз.
Сұрақ: Мен жақында түрлі банктерге ипотекалық кредит алуға және жеңілдікпен автокредит алуға өтінім бердім. Барлық банктерден бас тарту алдым, бірақ себептері маған белгісіз. Менің кредит тарихым бұзылмаған, салық берешегі жоқ, борышкерлер тізілімінде жоқ, зейнетақы жинақтары уақытында келіп түседі. Маған кредит беруден не себепті бас тартылды?
Жауап: Банктің әлеуетті клиентке қарыз беруден бас тартуының көптеген себептері болуы мүмкін. Олардың арасында:
- клиенттің төлем тәртібін көрсететін кредит тарихының нашар болуы. Ағымдағы кредит бойынша кешіктірулер, тіпті төленбеген айыппұлдар немесе алимент бойынша қарыздар бас тартудың ең көп таралған себептері болып табылады;
- зейнетақы аударымдарының болмауы немесе деңгейінің жеткіліксіздігі – бұл сонымен қатар клиенттің кірістерінің тұрақтылығына күмән тудыруы мүмкін;
- өзі туралы жалған ақпарат. Егер кредиттік өтінімде қарыз алушы туралы қате ақпарат көрсетілсе, банк мұны алаяқтық әрекет ретінде қарастыруы мүмкін;
- банк талаптарына сәйкес келмеу. Сізге банктің талаптарымен және нақты кредитпен мұқият танысу керек, себебі сіз қандай да бір өлшемге сәйкес келмеуіңіз мүмкін;
- өтінім сомасының жоғары болуы. Бұл жерде, сіздің барлық кредиттеріңіз бойынша төлемдердің жалпы сомасы сияқты талапқа назар аудару қажет. Ол ай сайынғы кірісіңіздің 50-60%-ынан аспауға тиіс. Егер сұратылған кредит бойынша қызмет көрсету сіздің ағымдағы қаржылық мүмкіндіктеріңізге сәйкес келмейтін болса, онда банк ағымдағы міндеттемелердің бір бөлігі өтелгенге немесе кіріс деңгейі өскенге дейін кредит беруден бас тарта алады;
- қарыз алушының төлем қабілеттілігін бағалаудың автоматтандырылған жүйесі – скоринг нәтижелері бойынша төмен балл. Оның нәтижелері банк қызметкерлеріне және басқа тысқары факторларға байланысты емес. Скорингтік жүйе тек қарыз алушының кірістерін ғана емес, сонымен қатар кредит беру үшін қажетті өлшемдерді, мәселен, қарыз алушының кредитті уақытында және адал өтеп тұруы, жұмыс өтілі, отбасылық жағдайы, балаларының бар-жоғы, оның кредиторлардан неше рет бас тарту алуы, тіпті оның әлеуметтік желілерде қандай топтарға жазылғанын және өзге де көптеген өлшемдерді бағалайды.
Әртүрлі кредиттік ұйымдардың талаптары да әртүрлі болып келеді, және өлшемдері бәсекелестерден және жосықсыз қарыз алушылардан қатаң құпияда сақталатын өзінің скоринг жүйесі болады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 9-бабына сәйкес банктердің іс-әрекеттерімен келіспеген жағдайда, сіз өзіңіздің құқықтарыңыз бен мүдделеріңізді қорғау үшін сотқа жүгіне алуға құқылысыз.
Өз кезегінде, кредит – бұл үлкен жауапкершілік екеніне назар аударамыз. Кез келген қарызды ресімдемес бұрын, өзіңіздің қаржылық мүмкіндіктеріңізді жан-жақты талдап, болашақта туындауы мүмкін тәуекелдерді бағалай отырып, оның барлық тиімді және жағымсыз жақтарын мұқият саралау қажет.
Сұрақ: Бүгінгі таңда кредиттік ұйымдар белгілейтін ең жоғары мөлшерлеменің мөлшері қандай? Кредит үшін банктердің мөлшерлемесі жылына 60%- ға дейін, ал МҚҰ 200%- ға дейін бе?
Жауап: Қазіргі уақытта банктер беретін банктік қарыздар бойынша ең жоғары шекті жылдық тиімді сыйақы мөлшерлеме (бұдан әрі – ЖТСМ) кепілсіз банктік қарыздар бойынша 56%-ды; кепілмен қамтамасыз етілген банктік қарыздар бойынша 40%-ды; ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша 25%-ды құрайды.
МҚҰ беретін микрокредиттер бойынша ЖТСМ-нің шекті мөлшері 56 %-ды құрайды, бұл ретте 45 күнге дейін 50 айлық есептік көрсеткіштерден аспайтын микрокредиттер бойынша сыйақының шекті мәні микрокредит сомасының 25%-нан аспайды.
Борыш жүктемесінің деңгейін шектеу үшін Агенттік жүйелі негізде тұтынушылық кредиттер бойынша сыйақының шекті мөлшерлемелерін төмендету бойынша жұмыс жүргізіп тұрады.
Сұрақ: Мен кредиттік тарихымды үнемі тексеріп отырамын. Жақында мен онда жалған ақпарат көрсетілгенін білдім. Мен не істеуім қажет, оны қалай түзетуге болады ?
Жауап: Дербес кредиттік есебіңізді үнемі тексеріп отыру керек, тіпті кредиттері жоқ немесе кредит алып көрмеген адамдар да тексеріп отырғаны жөн. Кредиттік тарихыңызды бақылап отыру, бұл алаяқтардан «сақтандырудың» бір түрі болып табылады.
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және қарыз алушылардың кредиттік тарихын жақсарту мақсатында 2022 жылғы сәуірде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Бірінші кредиттік бюромен бірлесіп, кредиттік тарихтағы ақпаратты қашықтан даулау процесін іске қосты.
Кредиттік тарихта көрсетілген теріс ақпаратты даулау бойынша қызмет тегін, онлайн режимінде ұсынылады.
Дербес кредиттік есептегі ақпаратты мына жағдайларда даулауға болады:
өткізіп алу анықталған жағдайда;
ұйымның кредиттік тарихы туралы өтінішін көрсе;
қағидаларының талаптарына сәйкес келетін кредиттік келісімшарттар бойынша «оңалтылған» мәртебесі болмаған кезде.
Егер сіз дербес кредиттік есептегі қандай да бір маңызды ақпаратпен келіспесеңіз, сіз БКБ-ға жүгінуге құқылысыз: ақпаратты даулау туралы өтініш жазу (сайт арқылы www.fingramota.kz беріледі, өз деректеріңізді арнайы нысанда көрсету керек: ЖСН және телефон нөмірі), сондай-ақ ақпаратты даулау туралы өтінішпен (өтініштер нысаны https://www.mkb.kz МКБ сайтында «Ақпаратты қалай даулаймыз» бөлімінде орналастырылған).
Сайттағы кредиттік тарих туралы ақпаратты даулау үшін www.fingramota.kz даулау берілген күнге дейін 15 күннен кешіктірмей алынған өзекті дербес кредиттік есеп болуы қажет.
Сіз оны кредиттік бюролардан сұрата аласыз:
Заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы өзінің толық кредиттік тарихын жылына бір рет тегін алуға құқылы.
Кредит тарихындағы ақпаратты даулау туралы мәлімдеменің мәртебесін:
Сұрақ : Алаяқтар маған жиі қоңырау шалады. Негізінен банктік онлайн-кредиттер бойынша. Олар қоңырау шалып: «сіз банктің мобильдік қосымшасы арқылы кредитке өтінім бердіңіз» және т.б. нәрселерді айта бастайды. Банк клиенттері үшін олардың қалауы бойынша «кредит және онлайн-кредит алуға өтінімдер» мәртебесін белгілеудің қандай да бір мүмкіндігі бар ма ?
Жауап: «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-нің (бұдан әрі – БКБ) сайтында ақылы «Стоп кредит (Stop credit)» сервисі жұмыс істейді. Бұл сервис жеке тұлғаға қаржы ұйымдарының өз кредиттік есебіне қол жеткізуін шектеуге мүмкіндік береді. Сервиске жазылу субъектінің ерікті түрде кредит ресімдеу ниетінің жоқ екені туралы қаржы ұйымдарын хабардар етуге қосымша кепілдік береді.
Жазылымның артықшылықтары: өзіңізді кредиттік алаяқтардан қорғау немесе елден ұзақ уақытқа кеткен жағдайда қорғану мүмкіндігі; кредиторларға субъектінің кез келген ұйымда кредит ресімдегісі келмейтіндігі туралы хабарлау тәсілі; онлайн режимінде кредит есебіне кіруді бұғаттау және бұғаттан шығару мүмкіндігі.
Қызмет кредит алу мүмкіндігін барынша шектейді, бірақ кредит берілмегеніне толық кепілдік бермейді. «Стоп кредит» жазылу кезінде субъектінің қолданыстағы кредиті жоқ қаржы ұйымдарына БКБ-дан кредиттік есепті бермеуге кепілдік береді.
Сұрақ: Телефон нөмірін тіркеген және оны банк картасына байланыстырған кезде, мен банктік мобильдік қосымшаларда тіркелу кезінде сәйкестендіріп тексеруден өту проблемасына тап болдым. Бейне тексеруден өте алмаймын, бағдарламада бұл операция телефонның алдыңғы камерасынан жасалады, бірақ менің алдыңғы камерадағы суретім бұлыңғыр. Не істеу керек ?
Жауап: Банктердің электрондық банк қызметтерін ұсынуы клиенттердің банктік құпияны құрайтын ақпаратына санкцияланбаған қол жеткізуден қорғау үшін және үшінші тұлғалар тарапынан алаяқтық әрекеттерден қорғау үшін банктердің ішкі құжаттарында белгіленген қауіпсіздік рәсімдеріне сәйкес жүргізіледі.
Банктер туралы заңға сәйкес, банк – Банктер туралы заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.
Электрондық қызмет көрсету ережесінің 16-тармағында электрондық төлем қызметтері жеке тұлғаларға идентификаттаудың мынадай тәсілдерінің бірін: электрондық цифрлық қолтаңбаны, серпінді идентификаттауды, биометриялық идентификаттауды немесе пайдаланушының бірегей идентификаторы мен парольді пайдалана отырып көрсетілетіні көзделген.
Биометриялық идентификаттау – клиенттің физиологиялық және биологиялық ерекшеліктері негізінде оның электрондық банк қызметтерін алу құқықтарын түпкілікті растау мақсатында клиенттің жеке басын анықтау рәсімі.
Бейнеконференция сеансынан немесе қашықтан идентификаттау процесінде сұхбат алушының қозғалысын анықтау технологиясының көмегімен алынған клиенттің бейнесін банк сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығына (бұдан әрі – СДАО) береді, ол бағдарламалық қамтылым арқылы оның биометриялық көрсеткіштер бойынша клиенттің фотобейнесімен сәйкестік дәрежесін анықтайды.
Осылайша, егер сіздің бейнеңіз дұрыс болмаса, қашықтан идентификаттау проблемалары туындауы мүмкін.
Электрондық қызмет көрсету ережесінің 22-3-тармағына сәйкес клиенттің идентификаттау құралы арқылы расталған дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға және ұсынуға, оның ішінде қажет болған жағдайда үшінші тұлғаларға беруге алынған келісімі негізінде банк клиентпен қолда бар құрылғыларды және (немесе) банктің өзге құрылғыларын пайдалана отырып, бейнеконференция сеансын өткізеді не клиенттің қозғалысын анықтау технологиясын пайдаланады. Бейнеконференция сеансының мазмұндық бөлігін (бар болса, бақылау мәселелерінің тізбесі), сондай-ақ клиенттерді қашықтан идентификаттау кезінде банктер көрсететін қызметтердің тізбесі мен көлемін банктер дербес белгілейді.
Банктер туралы заңның 7-бабы 3-тармағының талаптарына және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделгеннен басқа реттерде мемлекеттiк органдардың, оның ішінде Агенттіктің банк қызметіне араласуға құқығы жоқ.
Сізде банк қызметтерін қашықтан алу үшін техникалық мүмкіндіктер болмаған жағдайда, сіз оларды әрқашан банкке тікелей бару арқылы ала аласыз. Сонымен қатар, бір банктің қызметіне қанағаттанбаған жағдайда сіз басқа банкті таңдап, оның клиенті болуға құқығыңыз бар. Бұл ретте, заңнамаға сәйкес банктер мен олардың клиенттері арасындағы қатынастар шарттар негізінде жүзеге асырылады және шарт жасасуға мәжбүрлеуге жол берілмейді. Қызмет көрсететін банкті таңдап, онымен шарт жасағаннан кейін сіз электрондық банктік қызмет көрсету талаптарымен танысқаныңызды және олармен келісетініңізді растайсыз. Сондықтан қол қоюдан бұрын шарттың талаптарымен мұқият танысып шығыңыз!
Сұрақ: Мен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын бұза аламын ба?
Жауап: «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-бабының 1-тармағына сәйкес Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты (бұдан әрі – Шарт) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (бұдан әрі – АК) белгіленген жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.
АК 841-бабының 1-тармағында мiндеттемелердi тоқтатудың жалпы негiздерiнен басқа, сақтандыру шартының мынадай жағдайларда тоқтатылатыны көзделген:
Көрсетілген жағдайларда шартты тоқтату үшiн негiз ретiнде көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап шарт тоқтатылған болып есептеледi, бұл туралы мүдделi тарап дереу екiншiсiн хабардар етуге тиiс.
Бұл ретте сақтанушы сақтандыру шартын кез келген уақытта бұзуға құқылы. Сақтандыру шарты АК-та көзделген жағдайлар бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының осы сақтандыру қолданылған уақытқа барабар бөлiгiне құқығы бap.
Сақтанушы шарттан бас тартқан кезде, егер бұл АК 841-бабының 1-тармағында көрсетілген мән-жайлармен байланысты болмаса, егер шартта өзгеше көзделмесе, сақтандырушыға төленген сақтандыру сыйлықақысы не сақтандыру жарналары қайтарылуға жатпайды.
Еске саламыз, қаржылық қызметтерді тұтынушы ретінде өз құқықтарыңызды қорғау үшін, сіз Агенттікке ресми өтінішпен А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 шағын ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша, сондай-ақ Egov.kz электрондық үкімет порталы немесе аумақтық қатыстылық бойынша – Өңірлік өкілдер басқармасы арқылы жазбаша жүгінуіңізге болады.
Агенттікте тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша консультация алу үшін 2020 жылдан бастап азаматтарды апта сайын: сейсенбі және жұма күндері сағат 10:00-13:00 аудиоконференц байланыс арқылы офлайн және онлайн қабылдау жүргізіледі.
Жазылу үшін Yermek.Utemisov@finreg.kz электрондық мекенжайына мынадай деректерді жіберу қажет: аты-жөні, ЖСН, байланыс деректері, қаржы ұйымының толық атауы, өтініштің қысқаша сипаттамасы және тақырыпта міндетті түрде «Қабылдауға жазылу» деп көрсету қажет.
«Fingramota Online» мобильдік қосымшасын мынадай сілтеме арқылы жүктей аласыз:
App Store-да: https://apps.apple.com/kz/app/fingramota-online/id1134502211,
Play Market-те: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.nationalbank.appeals.
Сондай-ақ мобильдік қосымшаның веб-нұсқасы қолжетімді: http://online.fingramota.kz/ru.
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма
Жинақтауға арналған сақтандыру – оны қалай пайдалануға болады
Zakon.kz порталы Интернет және қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша конференцияны ұйымдастырды...
Қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі сараптамалық кеңес құрылды
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт