Кредиттік тарих – бұл қарыз алушының досьесі, онда барлық банктік кредиттер, микроқарыздар және өзге берешектер туралы жазбалар бар. Кредитті қашан және қандай сомаға ресімдегеніңіз, төлемнің уақтылы жасалғандығы немесе кешіктірілгені, мұның бәрі кредиттік тарих дерекқорына енгізіледі.
Қарызды ресімдеген кезде банк кредиттік бюродан әлеуетті клиент туралы деректерді сұрайды. Кез келген банк берілген қаражаттың қайтарылатынына көз жеткізгісі келеді және сенімді адамдарды кредиттеуді қалайды. Кредиттен бас тартудың ең көп таралған себебі, әдетте, кредиттер бойынша ағымдағы кешіктірулер, оның ішінде «банктік емес» (төленбеген айыппұлдар, алимент бойынша берешек және басқалар). Сондықтан өз кредиттік тарихыңызды қадағалап отыру маңызды.
Ұзақ немесе бірнеше рет мерзімінің өтуі болған жағдайда, аз сомадағы жаңа қарыздың көмегімен кредиттік тарихты қалпына келтіруге тырысыңыз. Мысалы, дүкенінде тұрмыстық техниканы бөліп төлеп сатып алуды ресімдеп, төлемдерді уақтылы төлеңіз.
Кредиттік тарихыңызды үнемі тексеріп отыру керек, тіпті егер сізде кредит болмаса да. Себебі алаяқтар басқа біреудің құжаттары бойынша қарыз ресімдей алатын жағдайлар да болады. Сонымен қатар, дербес кредит есебінде қандай қаржы ұйымдары сіздің рұқсатынсыз сіздің кредиттік тарихыңызды сұрағанын қадағалай аласыз. Мәлімет үшін – заң бойынша күнтізбелік жылда бір рет Қазақстанның әрбір азаматы өзінің дербес кредиттік есебін тегін ала алады. Ол үшін кредиттік бюроларға жүгіну қажет, олар Қазақстанда екеу: Мемлекеттік кредиттік бюро және Бірінші кредиттік, сондай-ақ ХҚКО немесе виртуалды үкіметтің веб-порталы арқылы кредиттік есебін алу.
Есіңізде болсын, кредиттік бюро – бұл сіз және кредиттік ұйым арасындағы делдал, ол сіздің дербес кредиттік есебіңізге өздігінен өзгерістер енгізе алмайды. Ал, егер біреу кредиттік тарихыңызды белгілі бір ақы үшін «жақсартуды» немесе одан жағымсыз ақпаратты алып тастауды ұсынса, оған сенбеңіз – бұл алаяқтар.
Кредиттік тарихыңызды қадағалаңыз, оны бұзу оңай және қалпына келтіру айтарлықтай қиын!
www.fingramota.kz-мен бірге өзіңіздің қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!
Зейнеткерлерге ескерту: алаяқтардың телефон арқылы ойлап тапқан жаңа схемалары
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Кредитті мерзімінен бұрын өтеу - тиімді!
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Квишинг: алаяқтар казақстандықтардың гаджеттеріне қалай шабуыл жасайды