Бүгінгі таңда кредит алу қалыпты жағдай болып отыр. Адамдар тұрмыстық мәселені шешу үшін де кредиттік ұйымдарға жиі жүгіне бастады. Алайда, әлеуетті қарыз алушылар көбінесе банктер мен микрокредиттік ұйымдардан бөліп төлеуге немесе кредит алуға берген өтініштеріне бас тартулар алуда. Өтінімді қарау кезінде кредиттік ұйымдар жеке тұлғаның кредиттік тарихында көрсетілген мәліметтерді басшылыққа алады.
Осылайша, қарызды ресімдеу барысында қарыз алушының кредиттік тарихы маңызды рөл атқарады.
Fingramota.kz кредиттік тарих не үшін қажет екенін, оның қалай қалыптасатынын және оған не әсер етуі мүмкін екенін анықтауға көмектеседі.
Кредиттік тарих дегеніміз не және ол қалай қалыптасады
Кредиттік тарих — бұл қарыз алушының кредиттер немесе бөліп төлеуге неше өтінім бергенін, қандай кредиттік ұйымдарға жүгінгенін, кредиттік міндеттемелер бойынша мерзімі кешіктірілген төлемдер санын, кепілгер немесе қоса қарыз алушы ретінде әрекет еткенін және кредиттік ұйымдар үшін маңызды болуы мүмкін басқа мәліметтерді көрсететін есеп.
Кредиттік тарихты қарыз алушы өтінімді жіберген, ай сайынғы төлем жасаған, қарызды мерзімінен бұрын немесе келісілген мерзімде өтеген сайын толықтырылады. Кредиттік ұйымдар қарыз алушы бойынша барлық ақпаратты жинайды және оны «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» заңға сәйкес кредиттік тарих субъектісі туралы соңғы деректерді алған сәттен бастап 10 жыл бойы сақтайтын кредиттік бюроларға жібереді.
Сондықтан кредиттік тарихыңызды бақылап отырыңыз, себебі кредиттік тарих нашар болған жағдайда бөліп төлеуге немесе кредит беруден бас тарту аласыз.
Бұдан басқа, кредиттік тарихтың болмауы да кредиттік өнімді алу мүмкіндігін төмендетуі мүмкін екенін есте ұстаған жөн.
Кредиттік тарихыңызды қалай білуге болады?
Жеке кредиттік есепті алудың әртүрлі жолдары бар. Мұны интернетте немесе мобильді қосымша арқылы, кредиттік бюролардың кеңселерінде, ХҚКО-да немесе «Қазпошта» арқылы жасауға болады. «Мемлекеттік кредитік бюродан» кредиттік тарихты алу үшін сізге жеке куәлік пен толтырылған өтініш қажет. Есепті бір күн ішінде аласыз.
«Бірінші кредиттік бюро» АҚ-тан (БКБ) кредиттік тарихты бірнеше жолмен алуға болады.
1. БКБ кеңсесінде жеке немесе заңды тұлғаға кредиттік есепті алуға болады. Жеке куәлікті немесе заңды тұлғаға құжаттарды көрсетіп, кредиттік есепті алыңыз.
2. БКБ сайтында электрондық цифрлық қолтаңба арқылы кредиттік тарихты ала аласыз.
3. БКБ мобильді қосымшасының көмегімен – 1CB.kz кредиттік есепті ұялы телефоннан алуға болады. Бұл үшін сізге ұялы телефонға жүктелген электрондық цифрлық қолтаңба және төлем картасы қажет.
4. Egov.kz порталы арқылы электрондық үкімет порталында «Салықтар және қаржы» бөлімінен дербес кредиттік есепті алыңыз. Өтінімді интернет арқылы толтырыңыз, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойыңыз және нәтижені «Жеке кабинетте» көре аласыз.
5. ХҚКО-да кредиттік есепті бүкіл Қазақстан бойынша ХҚКО-ның 80 бөлімшесінен алуға болады. Ол үшін сізге жеке куәлік қажет.
6. «Қазпошта» АҚ-тан сіз Қазақстан бойынша «Қазпошта» АҚ-тың 1688 бөлімшесінде жеке куәлікті көрсету арқылы дербес кредиттік тарихты ала аласыз. Бір жыл ішінде бірінші рет жүгінген кезде сізге тек «Қазпошта» АҚ комиссиясын төлеу қажет болады.
Толығырақ "Кредиттер" бөлімінен оқыңыздар
Балалардың цифрлық қауіпсіздігі: киберқылмыскерлерден оларды қалай қорғауға болады
Несие тарихына не әсер етеді және оны қалай жақсартуға болады
Қаржылық инклюзияны дамыту – реттеушінің негізгі басымдықтарының бірі
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Зейнеткерлерге ескерту: алаяқтардың телефон арқылы ойлап тапқан жаңа схемалары
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?