2024 жылы жалпыға бірдей декларациялаудан бизнес иелері мен олардың жұбайлары өтуге тиіс. Бұл ретте кәсіпкерлік қызметтің ауқымы, кіріс мөлшері маңызды емес – декларацияны барлығы толтыруға міндетті. Fingramota.kz-тің материалында жалпыға бірдей декларациялаудың қыр-сыры жөнінде айтып береміз.
Салық салу – бұл мемлекеттік басқарудағы басты функциялардың бірі, сондай-ақ қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму жолындағы негізгі талаптардың бірі.
Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кіретін бірінші жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылады (нысан 250.00). Екінші жылдан бастап кірістер мен мүліктер жөнінде декларация ұсыну қажет
(нысан 270.00). Бұл ретте, жалпыға бірдей декларациялау бір жолғы емес, жыл сайын ұсынылатынын атап өтеміз.
Сондай-ақ, декларацияны қызметін уақытша тоқтатқан және мүлдем тоқтатқандар ұсынуға тиіс екендігін естен шығармау қажет. Сондықтан бизнес иелерінің екі жолы бар: не жеке кәсіпкерлікті алдын ала жабу не декларация ұсыну. Бұл талап филиалдар мен өкілдіктердің басшыларына қолданылмайды.
Декларацияның үлгі нысанын ҚР Қаржыминінің Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында «Жалпыға бірдей декларациялау» бөлімінде және Салық төлеушінің кабинетінде «Салық есептілігінің нысандары» бөлімінде оқып білуге болады.
Декларацияны екі форматта – қағаз және электрондық түрде беруге болады. Бірінші жағдайда декларациямен ХҚО-ға келуге немесе тапсырыс хатпен мемлекеттік кірістер департаментіне жіберуге болады. Электрондық түрдегі декларациялар Салық төлеушінің кабинеті, eGov порталы, сондай-ақ eSalyq Аzamat және eGov mobile қосымшалары арқылы қабылданады.
Декларацияны 2024 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей ұсыну қажет. Декларацияда мүлікті сатып алу және/немесе сату, оны сыйлыққа немесе мұраға алу, сондай-ақ ел аумағынан тысқары мүлікті қоса алғанда, мемлекеттік немесе басқа тіркелуге тиіс мүлік туралы ақпаратты көрсету қажет. Мұндай мүліктер тізбесіне, мыналар кіреді:
Жалпыға бірдей декларациялауға қалай дайындалу қажет:
Қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз және Fingramota.kz-пен бірге барлық жаңалықтардан хабардар болыңыз!
Балалардың цифрлық қауіпсіздігі: киберқылмыскерлерден оларды қалай қорғауға болады
Несие тарихына не әсер етеді және оны қалай жақсартуға болады
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Зейнеткерлерге ескерту: алаяқтардың телефон арқылы ойлап тапқан жаңа схемалары
Кредитті мерзімінен бұрын өтеу - тиімді!
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?