Бизнесті дамыту үшін кәсіпкерлер көбінесе жылдам және тиімді мөлшерлемемен берілетін қаржыландыру көздерін іздейді. Қосымша ақшалай қаражатты инвесторларды тарту есебінен, шағын бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары немесе кредиттік ұйымдарда қарыз ресімдеу арқылы алуға болады.
Кәсіпкер және бизнес кредит алу үшін қандай өлшемшарттарға жауап беруі керек, қаржыландыруды тартудың балама жолдары қандай және олар қай тұрғыдан неғұрлым тиімді болуы мүмкін екенін Fingramota.kz-пен бірге қарастырамыз.
Бүгінгі таңда кәсіпкерлерге берілетін кредиттік өнімдердің түрі көп. Әрбір қаржы ұйымы шағын және ірі бизнеске әр салаға қарыз беру бойынша өз талабын қояды.
Бизнеске кредит беру әдістерінің жіктелуі қаржылық өнімдердің мынадай түрлерін қамтиды:
Бір реттік қарыз — бұл банктің белгілі бір бизнес мақсаттарына беретін кредиті. Мақсаттар мынадай болуы мүмкін: айналым қаражатын толықтыру, негізгі қаражатты толықтыру, берешекті қайта қаржыландыру. Әдетте мұндай кредиттердің пайыздық мөлшерлемесі төмен болып келеді және кепілге беріледі, сондай-ақ ең жоғары мөлшерлемемен кепілсіз қарыз беру түрі де бар. Сома бөліктерге бөлініп, ай сайын өтеледі, сонымен қатар мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі де бар. Кредит берудің барлық талаптары шартта белгіленген.
Кредиттік желі — бұл жеке тұлғаларға берілетін кредиттік карточкаға ұқсас пайдалану шарттары бойынша заңды тұлғаға берілетін қарыз. Банк клиентке белгілі бір лимитті мақұлдайды, содан кейін ол барлық соманы бірден пайдалана алады немесе оны бөліктермен ала алады. Бұл ретте пайыздар қарыздың барлық сомасына емес, тек алынған және пайдаланылған бөлігіне ғана есептеледі. Кредиттік желі жаңартылатын және жаңартылмайтын болып табылады. Егер кредиттік желінің жаңартылатын лимиті болса, онда кәсіпкер борышты қайтарған кезде қарыз лимиті қалпына келтіріліп, қайтадан алуға болады. Егер желі қалпына келмейтін болса, онда лимит қалпына келтірілмейді және оны таусылғанға дейін қолдануға болады.
Овердрафт — бұл шот бойынша уақытша минусқа кету. Шоттағы ақшаңыз таусылған, жаңадан ақша әлі түспеген, алайда төлемді сол сәтте жасау керек болған жағдайларда, сіз банктің ақшасын қосымша рұқсаттар мен келісімдерсіз пайдалана аласыз. Шотқа қосылған овердрафт қосалқы әмиян ретінде қызмет етеді: контрагенттерге төлеңіз, уақытша минусқа кете тұрыңыз, ал ақша шотқа түскен кезде овердрафт автоматты түрде өтеледі және сізге белгілі бір сома қайтадан қол жетімді болады.
Коммерциялық ипотека — бұл коммерциялық және немесе тұрғын емес жылжымайтын мүлікті сатып алуға арналған ипотека. Мұндай қарыз кеңсе, сауда, қойма немесе өндірістік үй-жай сатып алуға мүмкіндік береді. Сатып алынатын жылжымайтын мүлікті кепілге бере отырып, ипотека немесе қолда бар жылжымайтын мүлікті кепілге бере отырып, кредит ресімдеуге болады.
Лизинг – бұл істі кеңейтудің немесе кәсіпорынды түрлендірудің жеңіл әрі тиімді тәсілі. Банк сіздің сұратуларыңыз бойынша сізге қажет өтімді тауарларды сатып алады, ал сіз оларды бірнеше жыл бойы пайдаланасыз және одан кіріс аласыз. Шарт мерзімі ішінде сіз тауарлар мен жалдау ақысын біртіндеп төлейсіз. Барлығы толық төленген кезде тауарлар сіздің меншігіңізге өтеді.
Толығырақ "Кредиттер" бөлімінен оқыңыздар
Фишингтік сайттарды қалайша тануға болады: негізгі проблемалары және пайдалы ұсынымдар
Жылдам, ыңғайлы және пайдалы: неліктен автокөлік иелері Еурохаттамаға назар аударуы керек
Жаңадан бастағандарға арналған инвестициялық қосымша қалай жұмыс істейді?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма