Отбасылық қаржыны жоспарлау: Fingramota.kz-тің кеңестері

time 24.10.2024
aye 110
Отбасылық қаржыны жоспарлау: Fingramota.kz-тің кеңестері

Тұрақты өмір сүру үшін көп табыс табу жеткіліксіз: егер сіз кірістер мен шығындарды бақыламасаңыз, ақшаңыз босқа жұмсалуы мүмкін. Сондықтан Fingramota.kz жаңа материалында біз сіздің отбасыңыз үшін сенімді қаржылық негіз құруға және ақша ағындарын тиімді басқаруға көмектесетін кеңестерді жинадық.

Жалпы қаржылық мақсаттарды анықтаңыз

Егер сіз нақты мақсаттарды анықтамасаңыз, сапалы және жұмыс істейтін қаржылық жоспар жасай алмайсыз. Олар қысқа мерзімді болуы мүмкін – тұрмыстық техниканы сатып алу немесе пәтерді жөндеу, сондай-ақ ұзақ мерзімді – тұрғын үй сатып алу немесе болашақта балалардың жоғары оқу ақысын төлеу.

Мақсаттарды бүкіл отбасымен талқылаңыз (балаларыңыз үлкен болса, оларды да қатыстырыңыз, ал кішкентай болса, жұбайыңызбен бірге талқылаңыз) және оларды жазып қойыңыз, бұл бюджетті дұрыс бөлуге көмектеседі.

Мысалы, сіз қазан айында шетелдік курортқа «бархат маусымында» демалуға барғыңыз келеді. Отбасыңызға арналған жолдама 1 миллион теңге тұрады. Бұл мақсатқа жету үшін жыл басынан бастап 10 ай бойы ай сайын 100 000 теңгеден жинақтап отыруыңыз қажет. Осылайша, қазан айына қарай несие немесе бөліп төлеусіз қажетті соманы жинай аласыз. Әрбір сатып алуға осындай есептер жасаңыз, сонда қарызсыз өмір сүру жеңілірек болады.


Отбасылық бюджет құрыңыз

Сіз мақсаттарды анықтадыңыз, бірақ қажетті сатып алулар үшін қанша жинақтай алатыныңызды білу үшін бюджет құру қажет. Ол үшін::

  • барлық кіріс көздерін жазыңыз (жалақы, бонустар, қосымша табыс);

  • міндетті шығындарды ескеріңіз (коммуналдық қызметтер, азық-түлік, көлік, несиелер);

  • жинақтауға немесе инвестициялауға болатын соманы анықтаңыз.

Бюджетті құруда сізге «50/30/20» ережесі көмектеседі:

  • 50% табыс – негізгі қажеттіліктерге;

  • 30% – қалаулар мен ойын-сауыққа;

  • 20% – жинақтаулар мен қарыздарды өтеуге.

Толығырақ "Бюджетті жоспарлаймыз" бөлімінен оқыңыздар

white-arrow Тізімге