Теңгемен салымдар бойынша өтемақы туралы не білу қажет

time 30.09.2022
aye 5757
Теңгемен салымдар бойынша өтемақы туралы не білу қажет

Қазақстанда салымшыларды қолдау мақсатында Жеке тұлғалардың ұлттық валютада- теңгемен орналастырылған депозиттері бойынша өтемақы (сыйақы)  төлеу тәртібі әзірленді. Ол 2022 жылғы 12 қыркүйекте қолданысқа енгізілді.  Өтемақы 10%-дық мөлшерде сыйлықақы алуға келісімін растаған және  2023 жылғы 1 қаңтарға дейін банктерге -депозиттерге міндетті кепілдік беру  жүйесінің қатысушыларына өтінім жолдаған салымшыларға ғана төленеді.  Ол жөнінде Fingramota.kz толығырақ айтып береді.

Қандай салымдар бойынша мемлекеттен сыйлықақы алуға болады?

Өтемақыны тек 2022 жылғы 24 ақпанға дейін теңгемен ашылған депозиттер бойынша ғана алуға болады.

Өтемақы мынадай салымдар бойынша төленеді:

- жинақ, яғни ақшаны ішінара алу құқығынсыз қайтарып алынбайтын депозит;

- мерзімді салым (білім беру жинақтау салымдарын және тұрғын үй құрылыс жинақтарын қоса алғанда). Сыйлықақы тек осы салымдар бойынша және 20 миллион теңгеден аспайтын сомаға төленетін болады.

Бұл ретте, сыйлықақы мыналарға:

- талап етілгенге дейінгі салымдарға, яғни банк белгісіз мерзімге ашатын және клиенттің бірінші талабы бойынша қайтарылатын салымдарға;

- шартты салымдарға;

- ағымдағы банктік шоттарға қолданылмайды.

Депозиттер бойынша өтемақы төлеу жеке тұлғаларға, резиденттерге және бейрезиденттерге, оның ішінде дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға,  жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, кәсіби медиаторларға төленуге тиіс.

Егер салымшының бір банкте бірнеше депозиті болса, онда өтемақы жалпы сомасы 20 млн теңге көлемінде төленеді. Ал егер салымшыда түрлі банктерде депозиттер болса, онда сыйлықақы әрбір салым бойынша ол да  20 млн теңге шегінде төленетін болады.

Салымшылар өздерінің теңгемен салымдары бойынша, егер:

- олардың салымдарының мерзімі аяқталмаған немесе 2023 жылғы 23 ақпанға дейін (бір немесе бірнеше рет) ұзартылған;

- банктік салым шарты тоқтатылмаған және салымшы өзінің барлық жинақтарын депозиттен толығымен алмаған жағдайларда сыйлықақы алуларына болады.

Толығырақ «Депозиттер» бөлімінен оқыңыз.

white-arrow Тізімге