Банк карт алар ы – бұл электрондық төлем құралы. Ұлттық Банктің деректері бойынша Қазақстанда айналыста 55,7 млн астам карточка бар, және еліміздің әрбір ересек азаматына орташа есеппен алғанда 4-5 карточкадан келеді.
Карточкалардың дебеттік, кредиттік, цифрлық түрлері бар. Төлем карталарының қандай түрлері бар екендігі және оның қандай түрін таңдаған дұрыс, овердрафт дегеніміз не – осы және басқа да мәселелерді Fingramota.kz-пен бірге қарастырып көрелік.
Қазіргі таңда Қазақстанда төлем карталарының эмиссиясын, яғни төлем карталарын шығаруды 18 екінші деңгейдегі банк және «Қазпошта» АҚ жүзеге асырады.
Төлем карталарын жіктеудің ресми анықтамасы жоқ, алайда оларды бірнеше топқа: төлем жүйесінің түрі бойынша, жасалатын операциялар түрі бойынша, сондай-ақ пайдалану тәсілі бойынша – пластикалық және виртуалды түрге бөлуге болады.
Халықаралық карталар
Қазақстандық банктер VISA International, MasterCard Worldwide, UnionPay International, American Express International және Diners Club International сияқты халықаралық жүйелердің төлем карточкаларын шығарады. Халықаралық төлем жүйелері түрлі елдердің банктерін біріктіреді. Мұндай карталармен сіз шетелде төлем жасай аласыз. Карта банктегі бір және бірнеше шотқа байланыстырылып берілуі мүмкін. Шоттар теңгемен, доллармен, еуромен, Ресей рублімен болуы мүмкін, бұл шетелде саяхат жасаған кезде аса қажет.
Дебеттік және кредиттік карталар
Дебеттік төлем картасы – бұл ағымдағы банк шотымен байланысты банк картасы. Оны тауарларға және көрсетілетін қызметтерге қолма-қол ақшасыз төлем жасау, банкоматтан қолма-қол ақша алу, ақша аударымы үшін пайдалануға болады. Дебеттік картаның айқын үлгісі – жалақы картасы.
Кредиттік карта дебеттік картамен салыстырғанда сіздің жеке жинақтарыңызға емес, банктегі ақшаға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Кредит – үлкен жауапкершілік екенін ұмытпаңыз және ақшаны міндетті түрде қайтару керек болады. Сондықтан, болашақта кредитормен жағымсыз жағдайларға тап болмас үшін кредит алардан бұрын ақша беру талаптарымен мұқият танысып, зерделеңіз.
Толығырақ «Төлемдер мен аударымдар» бөлімінен оқыңыздар
Фишингтік сайттарды қалайша тануға болады: негізгі проблемалары және пайдалы ұсынымдар
Жылдам, ыңғайлы және пайдалы: неліктен автокөлік иелері Еурохаттамаға назар аударуы керек
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Жаңадан бастағандарға арналған инвестициялық қосымша қалай жұмыс істейді?
Криптовалюта дегеніміз не және ол қайда пайдаланылады?
Бейтаныс нөмірлерден спам-қоңыраулар: оларды қалай болдырмауға болады