1-қадам: БЖЗҚ-дағы өзіңіздің жеке зейнетақы шотыңызда басқарушы компанияға беру үшін қолжетімді зейнетақы жинақтары сомасын тексеру.
2-қадам: Зейнетақы активтерін басқаруға жіберілген жеке басқарушы компаниялардың тізбесін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтынан зерделеу.
3-қадам: БЖЗҚ-ның сайтынан зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасасқан жеке басқарушы компаниялар және олардың инвестициялық декларациялары туралы ақпаратпен танысу.
4-қадам: Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін жеке басқарушы компанияға беру туралы өтініш беру үшін БЖЗҚ жеке кабинеті арқылы авторизациялану немесе БЖЗҚ бөлімшелерінің біріне бару керек.
5-қадам: БЖЗҚ өтінішті, жеке басын куәландыратын құжаттың жарамдылығын және салымшыда басқарушы компанияға беру үшін қолжетімді зейнетақы жинақтары сомасының болуын тексереді.
6-қадам: Заңнама талаптарына сәйкес болған кезде БЖЗҚ өтініш түскен күннен кейін күнтізбелік 30 күн ішінде өтініште көрсетілген зейнетақы жинақтары сомасын таңдалған басқарушы компанияға аударады.
Толығырақ осында оқыңыз
Банктік шоттар, кредиттер және цифрлық активтер: иесі қайтыс болғаннан кейін не болады?
Бір басумен ақша: алаяқтар мессенджерлерде қалай алдайды
Қате ақша аударымы, не істеу керек: қадамдық нұсқаулық
Әдемі өмірдің бағасы: әлеуметтік желілер біздің шығындарымызға қалай әсер етеді
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Алаяқтар жасанды интеллектіні барған сайын жиі қолдануда: алданып қалмау үшін не істеу керек
Қарызды өтеудің ыңғайлы тәсілі: төлем кестесін есептеу, өтініштер беру және құжаттарға қол қою
Finkelisim жаңа платформасы несие берешегін реттеу ережелерін қалай өзгертеді